You are here

«Doing Business» Бүкіләлемдік банк индикаторы рейтингісі бойынша ақпарат

«Doing Business» Бүкіләлемдік банк индикаторларының бірі «Еңбек нарығын реттеу» индикаторы болып табылады.
Бүкіләлемдік банктің «Doing Business» рейтингі индикаторларын жақсарту жөніндегі 2016-2017 жылдарға арналған шаралардың кешенді жоспарының 36-тармағымен еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің ақпараттандырулығын арттыру көзделген.
Алайда, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлікпен (бұдан әрі – Министрлік) еңбек заңнамасын жетілдіру бойынша шаралар қабылданып жатыр.
Қазақстан Республикасының Президентімен белгіленген Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадамды (83-қадам. еңбек қатынастарын ырықтандыру) іске асыру шеңберінде Министрлікпен Еңбек кодексінің жобасы әзірленді, ол Мемлекет басшысымен 2015 жылғы 23 қарашада қол қойылды (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді).
Министрлік Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексінің ережелерін сараптық түсіндіру кешендік жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілді.
Кешендік жоспарымен жаңа Еңбек кодексінің негізгі ережелерін түсіндіру жөніндегі іс-шараларды жүргізу, Министрліктің, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының өкілдері БАҚ-да сөз сөйлеуі және т.б. көзделген.
ҚР Кәсіподақтар федерациясы және оның мұшелік ұйымдарымен ҚР Еңбек кодексінің негізгі нормаларын түсіндіру бойынша нысаналы жұмыс жүргізіліп жатыр.
Бұдан басқа, «ҚР КФ оқыту, зерттеу және дауларды шешу орталығы» ЖМ-мен 50 семинар ұйымдастырылды және жұргізілді, еңбек заңнамасының негіздерін түсіндіруге байланысты 1146 адам оқытылды.
Тартылған ұйымдармен Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттерінің желілері бойынша 2016 жылға арналған еңбек заңнамасының негіздеріне кәсіпорындардың жұмыскерлерін оқыту бойынша рұқсат қағаз жоспары шеңберінде ұйымдардың өзінде жұмыскерлерді оқыту басталды. Қазіргі уақытта 2 мыңнан астам жұмыскерлерді қамтумен 80 ұйымдарда оқыту жүргізілді.
Сондай-ақ аймақтардың мемлекеттiк еңбек инспекторларының желісі бойынша 984 оқытатын семинарлар, сабақтар өткiзiлді.
Ағымдағы жылдың басынан 177 отырыстары, оның ішінде әлеуметтiк әрiптестiк және әлеуметтiк еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссиялардың 36 – салалық, сонымен бiрге 248 кәсiпорын басшыларын шақыра отырып, дағдарысқа қарсы штабтардың 46 отырыстары өткiзiлді.
Осы жұмыс тұрақты негiзде жалғасатын болады.
3 қараша, 2017 - 17:50 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші