check

You are here

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 6 наурыздағы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 21 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:

«Ағымдағы ахуалды талдау және қатерлерді басқару» деген 2-бөлімде:

«Стратегиялық бағыт 1. Халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету» деген 1-тармақта:

«Реттелетін қызмет саласының негізгі даму өлшемдері» деген 1-тармақшада:

«Ана мен баланы әлеуметтік қолдауды дамыту» деген бөлімшеде:

екінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«Халық саны өсімінің оң динамикасын атап өткен жөн: 2015 жылдың басындағы осындай көрсеткіш – 17,4 млн. адамды құраса, 2016 жылдың басында – 17,7 млн. адамды, 2017 жылғы 1 қаңтарда ол 17,9 млн. адамды құрады.»;

«Бала туу динамикасы (1000 адамға шаққанда жалпы бала туу коэффициенті)» деген диаграмма мынадай редакцияда жазылсын:

үшінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«Халық санының өсуі, негізінен, бала туу санының өсуі есебінен қамтамасыз етілді. Соңғы үш жылда туған балалардың орташа жылдық саны 400 мыңнан асты (2014 жылы – 399,9 мың, 2015 жылы – 397,6 мың, 2016 жылы – 409,9 мың); бала туу коэффициенті 2014 − 2016 жылдары 1 мың халыққа шаққанда орта есеппен 22,8-ді құрады.»;

«Әлеуметтік сақтандыру бойынша» деген бөлімшеде:

екінші және үшінші бөлімдер мынадай редакцияда жазылсын:

«Формальді сектор қызметкерлері 6 әлеуметтік қатер бойынша – еңбек ету қабiлетiнен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу қатерлері басталған кезде көрсетілетін әлеуметтік қорғаудың қосымша түріне ие.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қызметкерлердің қатысуы кеңейе түсуде, 2016 жылы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың саны 5,8 млн. адам (2014 – 2015 жылдары – 5,9 млн.) болды.»;

«Халықтың әлжуаз санаттарын әлеуметтік қолдау» деген бөлімшеде:

бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөлімдері мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасында нарықтық экономикаға сәйкес атаулы әлеуметтік көмек және қолдау жүйесі жұмыс істейді. Жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген табыс шегінен төмен отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету жүйесі мынадай түрлерді қамтиды:

- жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен (ең төмен күнкөріс деңгейінен 40 %) отбасыларға жан басына шаққандағы табыс пен кедейлік шегі арасындағы айырма түрінде төленетін атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК). 2016 жылғы қорытынды бойынша аталған көмектің түрі  28,8 мың азаматқа тағайындалды, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 24,7 %-ға (38,2 мың адам), 2014 жылмен салыстырғанда 48,7 %-ға (56,1 мың адам) төмен, бұл ретте тағайындау сомасы 842,3 млн. теңгені құрады. АӘК-тің орташа мөлшері – 2 438,5 теңге;

- табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен (КД-дан 60 %) отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға, әр балаға 1,05 АЕК мөлшерінде төленетін мемлекеттік жәрдемақы 2016 жылы аталған көмек түрімен қамтылғандардың саны 576,2 мың баланы (2015 жылы – 551,2 мың бала, 2014 жылы – 562,6 мың бала), тағайындау сомасы – 11,3 млрд. теңгені құрады;

- коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, тұрғын үйді күту шығыстары осы мақсаттарға арналған шығыстардың шекті рұқсат етілген үлесінен асып кететін отбасыларға ұсынылатын тұрғын үй көмегі тағайындалды. 2016 жылы тағайындау саны 85,5 мың отбасын (2014 жылы – 110,0 мың отбасы, 2015 жылы – 93,9 мың отбасы) құрады. Тағайындау сомасы 2,4 млрд. теңгені, орташа мөлшері – 2 364,5 теңгені құрайды.»

он екінші және он үшінші бөлімдер мынадай редакцияда жазылсын:

«Нәтижесінде жобаға қатысушылардың табыстары 2 еседен аса ұлғайтылды, АӘК алушылар құрылымындағы еңбек етуге қабілетті халықтың үлесі 27,2 %-ға дейін (2015 жылы – 29,2 %, 2014 жылы – 31,0 %) қысқарды, АӘК алушылардың саны 24,7 %-ға төмендеді.

Қабылданып жатқан іс-шаралар азаматтардың әл-ауқатын арттыруға ықпал етті. Елдегі кедейлік деңгейі төмендеуде – табысы күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2014 жылғы 2,8 %-ға қарағанда, 2015 жылы 2,7 %-ды, 2016 жылы 2,6 %-ды құрады.»

«Мүгедектерді әлеуметтік қорғау» деген бөлімшеде:

сегізінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«- Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары арқылы мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу іске асырылады, оның шеңберінде 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 13,5 мың мүгедек (2015 жылы – 13,9 мың мүгедек, 2014 жылы – 5,6 мың мүгедек), оның ішінде 8,7 мың адам аумақты дамыту бағдарламасы бойынша жұмысқа орналастырылды (2015 жылы – 8,8 мың мүгедек). 129 мың мүгедек тұрақты жұмыспен қамтылған.»;

он бірінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«Жұмыс істейтін және білім алатын мүгедектер үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы «Инватакси» қызметін жетілдіруге қолдау көрсетіледі. 2017 жылы 387,1 млн. теңге, оның ішінде РБ-дан 77,4 млн. теңге, ЖБ-дан 309,7 млн. теңге (2016 жылы – 433,3 млн. теңге, 2015 жылы – 184,2 млн. теңге, 2014 жылы – 172,9 млн. теңге) бөлінген.»;

он үшінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«Орталық деңгейде де, жергілікті деңгейде де жұмыс істейтін мүгедектер істері жөніндегі кеңесшілер институты жетілуде.»;

«Негізгі проблемаларды талдау» деген 2.2) тармақшада:

«Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу деңгейінің жеткіліксіздігі» 1-бөлімшеде:

төртінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«Жұмыспен қамтылған халықтың құрылымында өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың үлесі жоғары, 2016 жылдың қорытындысы бойынша – 25,8 % немесе 2,2 млн. астам адам (2014 жылы – 28,2 % немесе 2,4 млн. астам адам, 2015 жылы – 27,0 % немесе 2,3 млн. астам адам). Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың негізгі бөлігі ауылдық жерде тұрып, көбіне жеке шаруашылықпен айналысады, табысы да шағын. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың басым бөлігі әлеуметтік қорғау және қолдау жүйесімен қамтылмаған. Мәселен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар құрылымында                          2016 жылы 22,0 %-ы нәтижесіз жұмыспен қамтылғандарға жатқызылған (2015 жылы – 22,0 %, 2014 жылы – 30,1 %).»;

«2-стратегиялық бағыт. Жұмыспен қамту саясатын қалыптастыру және еңбек қатынастарын реттеу, көші-қон процестерін басқару» деген 2-тармақта:

«Реттелетін қызмет саласын дамытудың негiзгi өлшемдері» деген 2.1)-тармақшада:

«Еңбек нарығы және жұмыспен қамту» деген бөлімшеде:

үшінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«Елімізде әлеуметтік-экономикалық өзгерістер кезінде динамикалық тұрғыдан дамып келе жатқан еңбек нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсенділігі және жұмыспен қамтылу деңгейі ұдайы арттырылуда. Халық санындағы жұмыс күшінің үлесі 2016 жылдың қорытындысы бойынша 70 %-ды құрады. 2014 жылы халықтың экономикалық белсенді деңгейі 70,7 % болды. Жұмыспен қамтылған халықтың саны – 8 586,6 мың адамды құрады (2015 жылы – 8 623,7 мың адам, 2014 жылы – 8 510,1 мың адам).»;

«Еңбек нарығының динамикасы» деген диаграмма мынадай редакцияда жазылсын: 

 төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөлімдер мынадай редакцияда жазылсын:

«2016 жылдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылған халық санының құрылымында өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 2 210,5 мың адамды құрады (2015 жылы – 2 328,9 мың адам, 2014 жылы – 2 400,4 мың адам).

Жұмыссыздық деңгейі 5,0 % деңгейінде сақталып қалды (2014 – 2015 жылдары – 5,0 %).

2014 жылдан бері жұмыссыз халық саны 6,4 мың адамға азайып, 2016 жылы 445,5 мың адамды құрады (2015 жылы – 451,1 мың адам, 2014 жылы – 451,9 мың адам).

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» (бұдан әрі – ЖЖК 2020) бағдарламасының нысаналы тобы болып табылатын жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2015 жылмен салыстырғанда 0,2 %-ға төмендеп, 2016 жылдың қорытындысы бойынша – 4,1 %-ды құрады (2014 жылы – 4,2 %).»;

мынадай редакциядағы сегізінші бөліммен толықтырылсын:

«Соңғы үш жылда әйелдердің жұмыссыздық деңгейі 2014 жылғы 5,8 %-дан 2016 жылғы 5,5 %-ға дейін төмендеуі байқалуда (2015 жылы – 5,7 %).»;

он жетінші, он сегізінші бөлімдер мынадай редакцияда жазылсын:

«Бағдарлама тиімділігінің негізгі көрсеткіші – тұрақты жұмысқа орналастырылған адамдардың үлес салмағы, 2016 жылы 86 %-ды құрады (2015 жылы – 91,3 %, 2014 жылы – 83,9 %). Соңғы үш жыл ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санынан нәтижелі жұмыспен қамтылған адамдар үлесінің өсуі байқалуда, егер 2014 жылы ол 70,5 %-ды құраса, 2015 жылы – 70,8 %, 2016 жылы – 86,4 % болды.

Сонымен қатар, экономиканың өсуі аясында, еңбек нарығындағы елеусіз сыйымдылықпен байланысты құрылымдық проблемалардан басқа, сапалы жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге, нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамту үлесінің жоғары болуына, кәсіптік оқытудағы кемшіліктерге, кәсіпкерлікпен айналысу қолжетімділігіне және еңбек нарығындағы аумақтық дисбалансқа, оның ішінде әйелдерге қатысты проблемалар шешімін таппай отыр.»;

«Халықтың көші-қоны» деген бөлімшеде:

алтыншы бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«Бұл ретте тартылатын ШЖК арасында 1-3-санаттағы мамандардың үлесі 72,70 %-ды құрады (2014 жылы – 70,0 %, 2015 жылы – 70,0 %, 2016 жылы – 70,4 %).»;

мынадай редакциядағы жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөлімдермен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлт жоспары – 100 нақты қадамды орындау барысында инвестициялық климатты жақсарту мақсатында шетелдерден жоғары білікті мамандарды тарту үшін 2017 жылдан бастап АҚШ, Канада, Австралия үлгісі бойынша қолайлы көші-қон режимі ырықтандырылды.

Қабылданған шаралар шеңберінде шетелдік мамандарды тарту тетігі толықтай қайта қаралды.

2017 жылдан бастап квота экономикалық белсенді халыққа пайыз ретінде емес, экономиканың нақты салаларының бөлінісінде бекітілген, бұл жоспарлау сапасын және квотаны қолданудың атаулылығын жоғарылатады.

Жеке тұлғалардың шаруашылығында жұмыс істейтін еңбек иммигранттары квотаға қосылды (бұдан алдын қосылмайтын), бұл бір жағынан олардың санын бақылауға, басқа жағынан олардың жұмысын формальдауға және еңбек құқықтарын қорғалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Квотаны қалыптастыруда әкімдіктердің рөлі мен жауапкершілігі нығайтылды.

Бизнеске жүктелетін талаптар тізбесі жойылып, бизнес-бірлестіктердің, инвесторлардың ұсыныстарын ескерумен жұмыс рұқсаттарына салықтық алымдар енгізілді. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік басшыларды, менеджерлерді және мамандарды тарту шарттары жеңілдетілді.»;

мынадай мазмұндағы он бесінші, он алтыншы, он жетінші және он сегізінші бөлемдермен толықтырылсын:

«2016 жылы заңнамаға енгізілген өзгерістер шеңберінде этникалық қазақтардың қайта оралуына, бейімделуіне және интеграциялануына кедергі келтіретін бірқатар проблемалық мәселелер шешілді. Заң шеңберінде қабылданған өзгерістер бір жағынан этникалық қазақтардың келуін жеңілдетсе, басқа жағынан елде болуын тәртіпке келтірді.

Оралмандарды орналастыруға қатысты оларды еліміздің еңбек дисбалансы және ішкі еңбек нарығын нығайту қажеттілігі бар өңірлеріне бағыттау бойынша шаралар қабылданды. Олардың қоныс аударуды субсидиялауды өзіне қосатын әлеуметтік пакетті алуы тек Үкімет анықтаған өңірлерде қоныстануы жағдайында ғана мүмкін.

2016 жылдан бері Үкімет оралмандарды қабылдайтын өңірлерді және квоталарды анықтайды, оралмандар берілген өңірлерде қоныстанған жағдайда қоныс аударуына (отбасы басшысына 50 АЕК және әрбір мүшесіне 35 АЕК) және тұрғын үйді жалдауына шығындар өтеледі.

2016 жылдан бері оралмандарды қабылдау өңірлік квотасы шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларымен 645 отбасы, оның ішінде 2017 жылғы 9 айда 229 отбасы қамтылған.»;

«Енбек қатынастары» деген бөлімшеде:

он тоғызыншы бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«Анықталған бұзушылықтар нәтижелері бойынша заңды тұлғалар мен ұйымдардың лауазымды адамдарына қатысты мемлекеттік еңбек инспекторлары жалпы сомасы 603,5 млн. теңгеге 4,2 мыңнан астам айыппұл салды (2016 жылғы 1 қаңтарға – 429,6 млн. теңге, 2015 жылғы 1 қаңтарға – 287,4 млн. теңге).»;

жиырма бесінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша үшжақты комиссияның 86 отырысы болды, онда мүдделі мемлекеттік органдар мен әлеуметтік әріптестердің қатысуымен республика бойынша 646 кәсіпорынның басшылары тыңдалды (2015 жылы – 129 отырыс, 2014 жылы – 148 отырыс).»;

жиырма сегізінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«2017 жылғы 1 қаңтарға республика бойынша 2,8 млн. жұмыскердің құқығын қорғайтын 112,9 мың меморандум жасалды, ол еліміздің 81,6 % ірі кәсіпорындары мен 66,7 % орта және шағын өндірістік кәсіпорындарын қамтиды, оларда мемлекет бойынша 2,8 млн. жұмыс орнын сақтап қалу көзделген (2015 жылы – 2,3 млн. жұмыскердің құқығын қорғайтын 75,3 мың меморандум жасалды, 78,7 % ірі кәсіпорындарды және 46,6 % орта және шағын кәсіпорындарды қамтиды).»;

отыз үшінші және отыз төртінші бөлімдер мынадай редакцияда жазылсын:

«Еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыру бойынша жаңа тәсілдер еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі өндірістік кеңестерді құруды қарастырады, оларды жұмыс беруші шешуге міндетті, 2016 жылы республика кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау бойынша 11 215 өндірістік кеңес құрылды.

Жұмыскерлер ішінен кәсіподақ ұсынатын және өндірістік кеңес бекітетін техникалық инспекторлар институты енгізіледі.»;

қырық бірінші және қырық екінші бөлімдер мынадай редакцияда жазылсын:

«Әлеуметтік әріптестік жүйесі дамуда. 2015 – 2017 жылдарға арналған Бас келісім, Үшжақты комиссиялар барлық деңгейде жұмыс істейді (24 салалық және 16 өңірлік келісім, сондай-ақ қалалар мен аудандар деңгейінде 180-нен астам келісім).

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ұжымдық шарттар жүйесімен 71,2 мың кәсіпорын немесе жұмыс істейтін кәсіпорындар қатарынан 33,5 %-ы қамтылды (2016 жылғы 1 қаңтарға 66,8 мың кәсіпорын немесе жұмыс істейтін кәсіпорындар қатарынан 36,6 %-ы, 2015 жылғы 1 қаңтарға 62,3 мың кәсіпорын немесе жұмыс істейтін кәсіпорындар қатарынан 34,5 %-ы). Ірі және орта кәсіпорындардың қамтылу көрсеткіші 2014 жылмен салыстырғанда 0,5 пайыздық тармаққа көбейіп, 93,3 %-ға жетті (2014 жылы – 92,8 %,  2015 жылы – 93,1 %).»;

«Негізгі проблемаларды талдау» деген 3.2.) тармақшада:

«Өңірлік диспропорциялар және демографиялық дисбаланс» деген 3-бөлімшеде:

екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

«Солтүстік өңір тұрғындарының саны соңғы үш жылда еш өзгерген жоқ (Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары) (2015 жылы – 4 млн. 341 мың адамды, 2016 жылы – 4 млн. 352 адамды, 2017 жылы – 4 млн. 324 мың адамды құрады). Ал оңтүстік өңірлерде халықтың саны (Алматы, Жамбыл, Кызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары) 188мың адамға өскен (2015 жылы – 6 млн. 562 мың адам, 2016 жылы – 6 млн. 665 мың. Адам, 2017 жылы – 6 млн. 750 мың адам).»;

«Қатерлерді басқару» деген 3.3) тармақшада:

«Қатер басталған жағдайда іске асырылатын қатерлерді басқару жөніндегі іс-шаралар» деген бағанда:

төртінші жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің ұйымдарымен бірлесіп ұйымның жұмыскерлерін сақтау бойынша шаралар қабылдау, өзара келісім негізінде толық емес жұмыс күнін және еңбек ақысы сақталмайтын еңбек демалысын беруді енгізу.»;

«Саланың/құрылымның басым бағыттары» деген 3-бөлімде:

«Халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету» деген 1-стратегиялық бағытта:

«Мемлекет қабылдаған әлеуметтік міндеттемелерді орындау» деген 1-басым бағытта:

«Зейнетақымен қамсыздандыру» деген 1-тармақта:

алтыншы, жетінші және сегізінші бөлімдер мынадай редакцияда жазылсын:

«- ынтымақты зейнетақы мөлшерін инфляция деңгейінен екі пайызға ілгерілетіп жыл сайынғы индекстеу.

Мәселен, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшері 9 пайызға, ал 2017 жылғы 1 шілдеден бастап тағы 11 пайызға арттырылды, жалпы 2016 жылмен салыстырғанда арттыру 2017 жыл бойына 20 пайызды құрайды.

- 2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы мөлшерін ынтымақты және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты белгілеу есебінен базалық зейнетақы тағайындау тәртібін өзгерту көзделген.»;

он екінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«- 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан, Өмірді сақтандыру бойынша компаниялардан төлем жасауды қайта қарау тетігін қамтитын жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өлшемдерін жетілдіру көзделген.»;

«Ана мен баланы әлеуметтік қолдау жүйесін іске асыру және жетілдіру» деген 2-басым бағытта:

«Іске асыру жөніндегі шаралар» деген бөлімшеде:

мынадай мазмұндағы үшінші бөліммен толықтырылсын:

«- бала тууына байланысты проактивті мемлекеттік көрсетілетін қызметке көшу.»;

«Әлеуметтік масылдықтың алдын алуға бағытталған азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру» деген 3-басым бағытта:

жетінші және сегізінші бөлімдер мынадай редакцияда жазылсын:

«Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар үшін қолайлы жағдай жасау, оларды қоғам өміріне интеграциялау Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі әлеуметтік жаңғырту тұжырымдамасының негізгі бағыты болып табылады.

2017 жылдың басынан бері Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары және адам саудасының құрбандары үшін АӘҚ көрсету стандарттарын енгізу арқылы АӘҚ алушылардың санаты кеңейтілді.»;

мынадай мазмұндағы он сегізінші және он тоғызыншы бөлімдермен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі әлеуметтік жаңғырту тұжырымдамасына сәйкес мүгедектерге өзін-өзі жетілдіруге мүмкіндік беретін, оларға арналған арнаулы жұмыс орындарын және арнайы оқыту бағдарламаларын құруға жұмыс берушілерге жәрдемдесуге негізделген мүгедектерді жұмыспен қамту қамсыздандырылады.

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңы мүгедектерді жұмыспен қамту үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығыстарын субсидиялау көзделген, бұл ретте субсидия алудың негізгі шарты мүгедектердің жұмыспен қамтылуын оны құрған кезден бастап кемінде күнтізбелік 12 ай мерзімге сақтап қалу болып келеді.»;

«Іске асыру жөніндегі шаралар» деген бөлімшеде:

бесінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«АӘҚ ұсыну бөлігінде Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғыртудың жаңа тұжырымдамасы әзірленіп, ол мыналарды қамтиды.»;

тоғызыншы бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«- тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және адам саудасының құрбандарына АӘҚ көрсету стандарттарын іске асыру.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Ерекше еңбек шарттарына мұқтаж азаматтардың санатын жұмыспен қамту бөлігінде мүгедектер жұмыс орынының стандартын әзірлеу; мүгедектерді жұмыспен қамту үшін арнайы жұмысорындарын құру бойынша шаралар қолданылатын болады.»;

«Жұмыспен қамту саясатын қалыптастыру және еңбек қатынастарын реттеу» 2-стратегиялық бағытта:

«Нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу» деген төртінші басым бағытта:

сегізінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекет басшысының Үкіметтің 2016 жылғы 9 қыркүйектегі кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленді және іске асырылуда, оның негізгі мақсаты – халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.»;

«Іске асыру жөніндегі шаралар» деген бөлімшеде:

тоғызыншы және оныншы бөлімдер алынып тасталсын;

«Еңбек қатынастарын реттеу» деген бесінші бағыт мынадай редакцияда жазылсын:

«5-басым бағыт «Еңбек қатынастарын реттеу»;

«Еңбек қатынастарын реттеу» деген бесінші басым бағытта:

мынадай мазмұндағы жетінші бөліммен толықтырылсын:

«Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру бойынша қойылған тапсырмасына сәйкес Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің (бұдан әрі – ДЭФ ЖБИ) рейтингінде елдің позициясын жақсартуды қамсыздандыру бойынша іс-шаралар өткізу айтарлықтай маңызды рөл алады.»;

«Іске асыру жөніндегі шаралар» деген бөлімшеде:

мынадай мазмұндағы жетінші бөліммен толықтырылсын:

«ДЭФ ЖБИ позициясын жақсарту бойынша жүйелік жұмыс жалғастырылатын болады.»;

«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және нысаналы индикаторлар» деген 5-бөлімде:

«Халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету» деген 1-стратегиялық бағытта:

«Әлеуметтік қамсыздандыру қызметтерін ұсыну» деген 1.1-мақсатта:

«Ағымдағы жылдың дерегі» деген бағанда:

реттік саны 4-жолда «4,0 (жоспар)» сандары мен сөздері «2,6» деген сандармен ауыстырылсын;

«2017 жыл» деген бағанда:

реттік саны 4-жолда «4,0» саны «2,7» деген сандармен ауыстырылсын;

«Жұмыспен қамту және еңбек қатынастарын реттеу саясатын қалыптастыру, көші-қон процестерін басқару» деген 2-стратегиялық бағытта:

«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының тиімділігін арттыру және көші-қон процестерін басқаруды қамтамасыз ету» деген 2.1-мақсатта:

«Ағымдағы жылдың дерегі» деген бағанда:

реттік саны 1-жолда «5,0 (жоспар)» сандары мен сөздері «5,0» деген сандармен ауыстырылсын;

«Ресурстар» деген 6-бөлімде: 

«2017 жыл» деген бағандағы «Қаржылық, барлығы:» деген жолда:

«2 139 929 127» деген сандар «2 127 964 986» деген сандармен ауыстырылсын;

«Әлеуметтік қамсыздандыру қызметтерін ұсыну» деген 1.1-мақсатта:

«2017 жыл» деген бағанда:

«027 «Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру және олардың төлемдерін жүргізу» деген жолдағы «2 114 632 174» деген сандар «2 104 049 305» деген сандармен ауыстырылсын;

«Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына қызмет көрсету тиімділігін арттыру» деген 1.2-мақсатта:

«2017 жыл» деген бағанда:

«058 «Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту» деген жолдағы «11 393 192» деген сандар                «9 882 010» деген сандармен ауыстырылсын;

«Жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру және көші-қон процестерін басқаруды қамтамасыз ету» деген 2.1. -мақсатта:

«2017 жыл» деген бағанда:

«068 «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсікерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру» деген жолдағы «7 655 039» деген сандар «7 812 852» деген сандармен ауыстырылсын;

«056 «Әлеуметтік-еңбек саласын ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін қызметтер, жұмыспен қамту саясатын жаңғырту» деген жолдағы «2 177 615» деген сандар «2 176 167» деген сандармен ауыстырылсын;

«Жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру және көші-қон процестерін басқаруды қамтамасыз ету» деген 2.2.-мақсатта:

«2017 жыл» деген бағанда:

«034 «Еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» деген жолдағы «107 588» деген сандар «96 240» деген сандармен ауыстырылсын;

«Стратегиялық жоспардың мақсатарына жетуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар» деген жолдағы:

«2017 жыл» деген бағанда:

«001 «Еңбек, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру» деген жолда:

«3 765 739» деген сандар «3 750 632» деген сандармен ауыстырылсын.

2. Стратегиялық даму департаменті осы бұйрықты қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік 5 күн ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы
А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

 

Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі                                                                                                                Т. Дүйсенова

 

КЕЛІСІЛДІ                                        

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі                               

___________  Б. Сұлтанов
2017 жылғы  ______________

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі         

___________  Т. Сүлейменов
2017 жылғы _______________ 

ТіркемеМөлшер
Package icon sp_2017-2021_kaz_s_utochneniem.zip870.66 KB
Microsoft Office document icon prikaz_kaz1.doc2.02 MB
3 қараша, 2017 - 15:54 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші