check

You are here

«ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 21 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 62-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 21 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:

«Ағымдағы ахуалды талдау және қатерлерді басқару» деген 2-бөлімде:

«Жұмыспен қамту саясатын қалыптастыру және еңбек қатынастарын реттеу» деген 2-стратегиялық бағытта:

«Реттелетін қызмет саласын дамытудың негiзгi өлшемдері»  2.1) бөлімшесінде:

«Еңбек қатынастары» блогында:

мынадай мазмұндағы отыз екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Еңбекті қорғау саласында мемлекеттік реттеу кәсіби қатерлерді анықтауға, бағалауға және басқаруға негізделген еңбекті қорғауды басқарудың заманауи жүйесін әзірлеуді және енгізуді және еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды заманауи халықаралық нормаларға, талаптарға және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне сәйкестендіруді көздейді.»;

«Саланың/құрылымның басым бағыттары» деген 3-бөлімде:

«Жұмыспен қамту саясатын қалыптастыру және еңбек қатынастарын реттеу» деген 2-стратегиялық бағытта:

«Еңбек қатынастарын реттеу» деген 5-басым бағытта:

мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы бөліктермен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамада белгілеген басымдықтарын іске асыру еңбекті қорғау жүйесін Халықаралық еңбек ұйымының стандарттарына, ал өндірістік жарақаттанудың көрсеткіштерін дамыған елдердің нормаларына сәйкестендіруді көздейді.

Өндірісте еңбекті қорғауды басқарудың негізі кәсіпорынның көлеміне (ірі және орта қәсіпорындарда) және экономикалық қызметінің түріне байланысты қауіпсіздіктің стандарттары болады.»

іске асыру бойынша шараларда:

төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«- еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды заманауи халықаралық нормаларға, талаптарға және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне сәйкестендіру. 2018 – 2020 жылдары «Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларында қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік негіздерін әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламасы іске асырылады. Бұл Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларында кәсіби қатерлерді басқаруды көздейтін және кәсіпорынның көлемі мен экономикалық қызметінің түріне байланысты сараланған еңбекті қорғауды басқару жүйесін әзірлеуге және ғылыми негіздеуге мүмкіндік береді;»

«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және нысаналы индикаторлар» деген 5-бөлімде:

«Халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету» деген 1-стратегиялық бағытта:

«Әлеуметтік қамсыздандыру қызметтерін ұсыну» деген 1.1-мақсатта:

6-1-реттік саны мынадай редакциядағы жолмен толықтырылсын:

«

Р/с

Нысаналы индикатор

Жауапты

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Ағымдағы жылдың жоспары

Жоспарлы кезең

2017жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

6-1

ШАК алушы жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санынан жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді түрлеріне тартылған  ШАК алушылардың үлесі

Вице-министр

 

Еңбекмині

деректері

%

-

-

-

95,5

96

97

97,5

 

«Ресурстар» деген 6-бөлім осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Стратегиялық даму департаменті осы бұйрықты  күнтізбелік 5 күн ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы 
А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

 

 

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік                                         Т. Дүйсенова

қорғау министрі

 

 

 

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ                                        

Қазақстан Республикасының        

Қаржы министрі                               

 

___________  Б. Сұлтанов 

            

2017 жылғы  ______________          

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі         

 

___________  Т. Сүлейменов

 

2017 жылғы _______________ 

 

 

6-бөлім. Ресурстар

 

 

Ресурстар

Өлшеу бірлігі

Есепті кезең

Ағымдағы кезеңнің жоспары

Жоспарлы кезең

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

Қаржылық, барлығы:

мың теңге

2 225 139 457

2 139 929 127

2 614 874 533

2 954 567 234

3 142 015 058

оның ішінде:

 

 

 

 

 

 

1.1-мақсат. Әлеуметтік қамсыздандыру қызметтерін ұсыну

027 «Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру және олардың төлемдерін жүргізу»

мың теңге

1 819 239 105

2 114 632 174

2 574 578 073

2 912 495 057

3 106 773 271

1.1-мақсаты бойынша. Әлеуметтік қамсыздандыру қызметтерін ұсыну

 

1 819 239 105

2 114 632 174

2 574 578 073

2 912 495 057

3 106 773 271

1.2-мақсат. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлжуаз топтарына қызмет көрсету тиімділігіне жәрдемдесу

048 «Әлеуметтік жаңғыртудың басымдықтарына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру»

мың теңге

157 410

197 780

 

 

 

058 «Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту» *

мың теңге

5 852 712

11 393 192

10 591 448

10 148 273

10 453 007

064 «Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің тұрақты дамуы: әлеуметтік кіріктіру және инклюзия бойынша бағдарламаларды іргерілету»

мың теңге

 

 

341 975

371 299

232 757

065 «Мемлекеттік әлеуметтік қызметтер аясында әлеуметтік жұмыстың тиімді жүйесін дамыту үшін техникалық қолдау»

мың теңге

 

 

113 824

113 824

113 824

1.2-мақсаты бойынша. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлжуаз топтарына қызмет көрсету тиімділігіне жәрдемдесу

 

6 010 122

11 590 972

11 047 247

10 633 396

10 799 588

2.1-мақсат. Жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру және көші-қон процесстерін басқаруды қамтамасыз ету

039 «Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде кәсіпкерліктің дамуына жәрдемдесуге кредит беру»

мың теңге

30 823 827

 

 

 

 

044 «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы  шеңберінде іс-шараларды іске асыру» *

мың теңге

69 952 730

 

 

 

 

068 «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру»

мың теңге

 

7 655 039

11 263 607

11 897 611

12 392 072

056 «Әлеуметтік-еңбек саласын ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін қызметтер, жұмыспен қамту саясатын жаңғырту»

мың теңге

296 221

2 177 615

1 120 200

1 191 777

1 222 355

062 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»

 

 

 

110 000

 

 

2.1-мақсаты бойынша. Жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру және көші-қон процесстерін басқаруды қамтамасыз ету

 

101 072 778

9 832 654

12 493 807

13 089 388

13 614 427

2.2-мақсат. Азаматтардың еңбек құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету

034 «Еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»

мың теңге

64 451

107 588

99 088

110 670

113 400

066 «Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу шеңберінде бағдарламалық жобаларды іске асыру»

мың теңге

 

 

12 652 571

14 438 905

6 854 022

2.2-мақсаты бойынша. Азаматтардың еңбек құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету

 

64 451

107 588

12 751 659

14 549 575

6 967 422

Стратегиялық жоспардың мақсатарына жетуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар

001 «Еңбек, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру»

мың теңге

7 964 279

3 765 739

4 003 747

3 799 818

3 860 350

055 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделіне көшуге, сонымен қатар оларға лауазымдық айлықақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемеақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» *

мың теңге

290 788 722

 

 

 

 

Адами

бірлік

 

 

916

916

916

 

* 027 112 (Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бюджеттік сала жұмыскерлері үшін жұмыс берушінің қосымша міндетті зейнетақы төлемдерін жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер), 044 (халықты жұмыспен қамту орталықтарын қамсыздандыру), 055, 058 113 (Әлеуметтік бейімделу орталықтары, ӘБО жанындағы тұрақты мекенжайы жоқ адамдар үшін (ТМЖЖ) әлеуметтік патруль, ТМЖЖ адамдар үшін түнгі болу бөлімдері бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын жүргізу), 058 108 (Жамбыл облысының жаңадан енгізілген объекттерін қамсыздандыру) бюджеттік бағдарламалары жергілікті атқарушы органдарға жалпы сипаттағы трансферттермен берілді.

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon sp_2017-2021_rus.doc628 KB
Microsoft Office document icon proekt_prikaza_kaz.doc97.5 KB
3 қараша, 2017 - 18:57 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші