check

You are here

Жыл басынан бері 630 мыңнан астам қазақстандыққа әлеуметтік төлем берілді

әлеуметтік төлем

Ағымдағы жылдың 9 айында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры 115,7  млрд теңге көлемінде төлем жасады.

140,8 мың азамат жүктілік пен босануға, бала асырап алуға байланысты әлеуметтік жәрдемақы алды. Мұндағы төлемнің жалпы сомасы 48 млрд теңгені құрап, орташа есептегенде бұл қаржы әр адамға 333 мың теңгеден келді.

Баланың бір жасқа дейінгі күтіміне 53 млрд теңге қарастырылып, аталған бағытта 350 мыңнан астам адам әлеуметтік қолдауды иеленіп, төлемнің орташа деңгейі 24 мың теңгеден асты.

Еңбекке қабілетін жоғалтқан жандарға жұмсалған 7,4 млрд теңге жан басына 12 мың теңгеден есептелді. 

Асыраушысынан айырылған тараптарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған қаржы сомасы, орташа алғанда, 15 мың теңгеден белгіленіп, аталмыш әлеуметтік көмек түрін жалпы 5,8 млрд теңгеге 38 мыңнан астам қазақстандық еншіледі. Жұмыссыз қалған кездегі әлеуметтік қолдаумен орташа деңгейі 18 мың теңгеден 1,5 млрд теңге көлемінде 26 мың адам қамтамасыз етілді.

Еске сала кетсек, елімізде міндетті әлеуметтік сақтандыру әдісі, тәуекел ахуалы туындағандағы халықтың жұмысшы табын әлеуметтік қорғаудың қосымша тетігі ретінде енгізілді.    

17 қазан, 2017 - 16:49 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші