X
egov

You are here

Бала күтіміне байланысты 1 жасқа дейінгі берілетін зейнетақы мөлшерінің есептелуі бойынша

Сәлеметсіз бе! Мен 2017жылдың 01 шілдесінде 2-ші баламды босандым. Босанғанға дейін жұмыс жасаған болатынмын. Қәзір балама алатын зейнетақым 15 412 тг. құрайды. Босанғанға дейінгі соңғы 24 айдағы айлық көрсеткішім 1 008 475тг, орташа айлық көрсеткішім (1 008 475 / 24= 42 019тг.) құрайды. Ендігі сұрағым, маған осы орташа айлық көрсеткішімнің 40 % неге қосылмайды? әлде есептелуі дұрыс па? Менің түсінбеген тұстарым бар ма? Осыны толықтай түсіндіріп есептеп беруіңізді сұраймын. Алдын ала рақмет!!!

Жауап: 

Құрметті Разия Рашитқызы!

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бала бір жасқа толғанға дейін оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем (бұдан әрі – ӘТбк) мiндеттi әлеуметтік сақтандыру жүйесінің өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргiзiлген және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар қатысушысына тағайындалады.

ӘТбк табыстың орташа айлық мөлшерін табысты ауыстыру коэффициентіне көбейту арқылы айқындалады.

Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы 24 ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасын 24 бөлу арқылы айқындалады.

Табысты ауыстыру коэффициенті 0,4 болады.

Бұл ретте, ӘТбк ең жоғары мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының он еселенген мөлшерінің қырық пайызынан аспауға, ал әлеуметтік төлемнің ең төмен мөлшері бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.

ӘТбк мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін табысты ауыстыру коэффициентіне көбейту арқылы мынадай формула бойынша айқындалады:

ӘТбк = ОАТ х ТАК, мұндағы:

ӘТбк – бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем;

ОАТ – ол үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының орташа айлық табысы;

ТАК – табысты ауыстыру коэффициенті.

Әлеуметтік төлемнің ең төмен мөлшері бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмауын ескере отырып (екінші балаға – 6,81 айлық есептік көрсеткіш немесе 15 452 теңге), Сізге «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-нан ӘТбк 17 169 теңге сомасында тағайындалды.

Сонымен қатар, әлеуметтік төлем сомасынан Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары ұсталып қалады және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жіберіледі.

Сұрақтың нөмірі: 346751
28 қазан, 2017 - 15:52 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші