You are here

Ішкі аудит қызметінің 2017 жылғы III тоқсандағы қорытындысы

   Iшкі аудит департаменті 2017 жылдың III тоқсанында аудит іс-шараларының жоспарына сәйкес келесі аудиторлық іс-шаралар өткізілді:

   Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ)

    Ағымдағы жылдың шілде айында сәйкестік аудиті жүргізілді, нәтижесінде 26,4 мың теңге сомасы қаржылық бұзушылықтар анықталды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу заңнамасын сақталмауы 68,3 мың теңге сомасында қорытындыларына ықпал етпеген бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мынадай мемлекеттік сатып алу бойынша жүйелік бұзушылықтар орны бар: веб-порталында мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары уақытында орналастырылмаған, мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінің ішінде сатып алулар жүзеге асырылмады, әлеуетті өнім беруші енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді өзіне қайтарылмаған.

  Аудит қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою үшін ММ аталған бұзушылықтарға жол берген кінәлі лауазымды тұлғалардың жауаптылығын белгіленген тәртіпте қарау үшін хат жіберілді.

    ММ берілген ақпаратқа сәйкес, анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер жойылды, бұзушылық сомасы 26,4 мың теңге толық көлемде қайтарылды. Бұзушылықтарды жіберген үшін қаржы және ұйымдық-техникалық қамсыздандыру бөлімінің басшысына сөгіс, № 2 МӘС бөлімінің басшысына ескерту, персоналдық бөлімінің басқару бас маманға қатаң сөгіс жарияланған.

   Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ)

   Ағымдағы жылдың тамыз айында сәйкестік аудиті жүргізілді, нәтижесінде процедуралық сипаты бар бухгалтерлік заңнамасын бұзушылықтар, ҚР нормативтік құқық актілерінің талаптарына кадрлік іс жүргізу жұмысы сәйкессіздік анықталды, мемлекеттік мұражайға құжаттарды өткізу үшін тиісті жұмыстары жүзеге асырылмаған және т.б., сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу заңнамасын сақталмауы 150,0 мың теңге сомасы қорытындыларына ықпал етпеген бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мынадай мемлекеттік сатып алу бойынша жүйелік бұзушылықтар орны бар: әлеуетті өнім берушілерге техникалық ерекшелігінде өлшемсіз көрсеткіштер және/немесе нақты әкімшілік талаптар қойылмаған, әлеуетті өнім беруші енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді өзіне қайтарылмаған.

  Аудит қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою үшін ММ аталған бұзушылықтарға жол берген кінәлі лауазымды тұлғалардың жауаптылығын белгіленген тәртіпте қарау үшін хат жіберілді.

    Бұзушылықтарды жіберген үшін ММ-нің 5 қызметкеріне: № 1 МӘС бөлімінің жетекші маманға, әлеуметтік саланың бас мамандарына, қаржы және ұйымдық-техникалық қамсыздандыру бөлімі басшысына, № 2 МӘС бөлімінің жетекші маманға тәртіптік жаза шаралары түрінде ескерту қолданылды. Кемшіліктерді жою жұмысы жалғасуда.

   Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ)

    Ағымдағы жылдың қыркүйек айында сәйкестік аудиті жүргізілді, нәтижесінде 487,6 мың теңге сомасы қаржылық бұзушылықтар анықталды, сондай-ақ процедуралық сипаты бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу заңнамасын сақталмауы 2 621,8 мың теңге сомасында анықталды және 692,8 мың теңге сомасында қорытындыларына ықпал ететін бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мынадай мемлекеттік сатып алу бойынша жүйелік бұзушылық орны бар: веб-порталында баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде бiртектi тауарларды лоттарға бөлінбеу.                   

   Аудит қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою үшін ММ аталған бұзушылықтарға жол берген кінәлі лауазымды тұлғалардың жауаптылығын белгіленген тәртіпте қарау үшін хат жіберілді. Кемшіліктерді жою жұмысы жалғасуда.

30 қыркүйек, 2017 - 12:44 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші