You are here

Урымбасаровтар әулеті

1
Номинация: 
Үздік еңбек әулеті
Аймақ: 
Атырау облысы
Отбасы мүшелерінің және туған-туысқандарының жалпы саны: 
6
Еңбек әулеті өкілдерінің жалпы еңбек өтілі: 
129 жыл
Байланыс мәліметтері: 
Атырау қаласы, З.Кабдолов көшесі, 1, 8 (7122) 25-93-59
Қысқаша сипаттама: 

Кусаин Мауисович Урымбасаров, 1959 жылы дүниеге келген, білімі жоғары, мамандығы бойынша инженер-химик-технолог. 1981 жылы Гурьев мұнай өңдеу зауытына № 1 цехтың АТ операторы болып жұмысқа орналасты. Жұмыс барысында өзін тәртіпті, тәжірибелі қызметкер ретінде көрсете білді. Еңбек жолыда технологиялық қондырғылар операторынан №8 цех бастығына дейін көтерілді.1995 жылы Урымбасаров К.М. №1 цехтың ЭЛОУ-АТ-2 қондырғысының басшысы болып тағайындалды. 36 жылда зауыт өтілінде Кусаин Мауисович өзін білікті басшы, ұжымды біріктіре білетін, еңбек тәртібін қалыптастыра алатын, өзіне сеніп тапсырылған жұмыс аумағының үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ететін маман ретінде көрсетті. 2001 жылы №1 цехтың басшысының орынбасары болып тағайындалды. 2003 жылы №8 цехтың басшысы. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӨАКӨ бастығының алғашқы процестер бойынша орынбасары.
Кусаин Мауисович АМӨЗ-да лайықты беделге ие, зауыт аралық проблемалы мәселелерді шешуде белсенді қатысады. Зауыт басшылығы оның кәсібилігін, алға қойған күрделі міндеттерді орындай білетінін, нақты жағдайды талдауға және бірден-бір дұрыс шешім қабылдайтын қабілеттілігін жоғары бағалайды. Отбасылы, 4 бала тәрбиелеп отыр.

«Мен робот емеспін» блогын басқанда, робот емес адам дауыс беретінін тексереді. Егер әр турлі суреттермен терезе пайда болса, сол шыққан терезе белгілеріне еріңіз.
22 қазан, 2017 - 21:15 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші