You are here

Оқыту қызметтерін жеткізушілерге қолдау көрсету

«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы шеңберінде ұзақтығы 1-6 ай қысқа мерзімді курстарды ұсынатын оқыту қызметтерін жеткізушілердің тізбесі, оларды бағалау және іріктеу жүзеге асырылады.

Тізбеге техникалық және кәсіптік білімнің (ТжКБ) мемлекеттік және жеке ұйымдары, жоғары оқу орындары (ЖОО) (Университеттер, Институттар), жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыс істейтін оқыту қызметтерін жеткізушілері; оқыту-өндірістік базасы бар жеке ОҚЖ, жеке кәсіпорындар, кадрлардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға арналған ұзақтығы 1-6 ай курстарын жүргізетін оқыту ұйымдары (корпоративтік университеттер, оқыту-тренингтік орталықтар, оқыту комбинаттары, біліктілікті арттыру институттары, оқыту-әдістемелік орталықтар және т.б.), Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан халықаралық оқыту орталықтары, мүдделілік білдірген және кәсіпкерлік пен басқа да базалық дағдыларға оқыту жүргізу үшін әлеуеті бар микроқаржылық мекемелер кіреді.

 Оқыту қызметтерін жеткізушілердің тізбесіне құрғаннан кейін тізбедегі ұйымдарға бағалау жүргізіледі

Осы іс-шараның мақсаты Жоба шеңберінде оқыту қызметтерін ұсынатын оқыту қызметтерін жеткізушілерді анықтау болып табылады (жұмыссыздарды, өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандарды және кәсіпорынның қолданыстағы жұмысшыларын оқыту).

Оқытудың ұйымдастырылуын бағалау үшін Дүниежүзілік Банктің сарапшылары әзірлеген «SABER- жұмыс күші» әдістемесі қолданылады. «Білім (SABER) нәтижелерін жақсартуға арналған жүйелік тәсіл» деп аталатын бұл әдістеме

Білім беру жүйесінің әр түрлі компоненттері мен әдіснамалық салаларын зерттеуге және оларды, әлемде болып жатқан жаһандық стандарттармен және алдыңғы қатарлы практикалық әдістермен салыстыруға арналған жүйелік диагностика құралдарының кешендік жинағын құруға бағытталған.

Осы іс-шараларды іске асыру 2017 жылғы тамыздан бастап жүргізіліп жатып.

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші