You are here

Кадрларды даярлау саласындағы нормативтік-құқықтық база бойынша ұсынымдарды шолу және ұсыну

«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы шеңберінде кадрларды даярлау бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне шолу жүзеге асырылады.

Осы тапсырманың мақсатында жұмыс күшін және мемлекеттік осы процестегі рөлін дамыту бойынша үздік халықаралық тәжірибе зерделенуде және талдануда. Қолданыстағы реттеуші ортаның шеңберінде оқыту қызметтерін жеткізушілерге қолдау көрсету шаралары зерделеніп жатыр. Талдау ЭЫДҰ (Германия және Нидерланды), ТМД (Ресей Федерациясы), Солтүстік Америка (Канада), Оңтүстік-Шығыс Азия (Сингапур) сияқты өңірлерден пайда болған барынша диверсификацияланған жетекші юрисдикциялар жинағына шолуды қамтиды. 

Одан басқа, мемлекеттік және жеке оқыту қызметтерін жеткізушілерді мемлекетік ынталандыру мәселелерін реттейтін заңнамаға шолу және талдау жүргізіледі. Өткізілген талдамалардың негізінде Қазақстан Республикасында кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру саласында қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірленеді.

Өткізілген жұмыстардың нәтижелері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вебсайтында 2017 жылғы желтоқсанда орналастырылады.

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші