You are here

Трансформация толқынында

Еңбек нарығындағы соңғы жылдардың өзгерістері трансформацияда көрініс тапты. Республиканың жұмыспен қамту қызметі – бұл институционалдық жүйе, оның мақсаты екі негізгі қызметтер провайдерін қамтитын тиімді еңбек нарығын құру болып табылады.

Мемлекеттік халықты жұмыспен қамту орталықтарына тоқталайық. Жалпы республика бойынша 2011 жылдан бастап барлық қалалар мен аудандық орталықтарда 199 жұмыспен қамту орталықтары қызмет етеді, олар өз күштері арқылы жұмысқа орналасу бойынша қызметтер көрсететін 1980 қызметкерлер.

Сонымен бірге республикада жұмысқа орналасу бойынша шамамен 60 жеке жұмыспен қамту агенттіктері және шамамен 20 интернет-алаңдары қызмет етеді. Әдетте, жеке жұмыспен қамту агенттіктері басым түрде ірі қалалар мен облыстық орталықтарда орналасқан және көрсеткіштерге келсек, олар мемлекеттік жұмыспен қамту орталықтарынан төмен тұрады.

Қазақстанның жұмыспен қамту қызметін дамыту стратегиясы 2022 жылға қарай республиканың еңбек нарығында жұмыс тәжірибесі мен әлеуеті бар көбірек жеке қатысушылар пайда болатынын көздейді. Осыған мыналар мүмкіндік туғызады:

- жұмыспен қамту орталықтарын нығайту және жаңа қызмет стандарттарын толықтай енгізу;

- жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің әлеуетін бөлек қызметтердің аутсорсингі арқылы және расталған беделі бар мықты жеке жұмыспен қамту агенттіктері пайда болуының себебі ретінде біртіндеп дамыту;

- мемлекеттік жұмыспен қамту орталықтарының және жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің ашық бәсекелестігі.

Трансформация жұмыс берушілермен жаңа үлгідегі «қайта іске қосу» бойынша негізгі үрдістерді ұстанумен қызмет стандарттарының түбегейлі жаңғыруын және мемлекеттік жұмыспен қамту орталықтарының функционалдық дизайнын көздейді. Осылайша, жұмыс берушілер үшін бос орынды қандайда бір күш жұмсаусыз тіркеудің барынша жеңілдетілген тәртібі, алдын ала кандитаттарды кәсіптік іріктеу – еңбек делдалдылығынан артық – HR-қызметі, ал жұмыс іздеушілер үшін тіркеуді жеңілдету және көпарналығы, оның ішінде электрондық еңбек биржасы, бейіндеу құралын («Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы шеңберінде әзірленетін арнайы компьютерлік бағдарлама) енгізу және жеке жұмысқа ораласу карталарын енгізу есебінен жұмыс мекенжайлығын нығайту, ауыл әкімдерінің функцияларын кеңейту арқылы ауыл тұрғындары үшін жұмыспен қамту орталықтарының қызметтеріне қол жетімділікті арттыру енгізіледі.

Заманауи жұмыспен қамту орталықтары жаңа тәсілдерді ескеріп, оңтайлы штаттық санды, барлық орталықтарға бірыңғай лауазымдық нұсқауларды, қызметкерлердің біліктілігін үнемі арттыру тетіктерін көздейді, консультанттар жұмыс іздеушілердің әр түрлі дәрежесімен жұмыс істеу бойынша «жеңіл» және «орташа және күрделі» болып екі топқа бөлінеді, штат hr-промоутерлер тобымен толықтырылады, олардың міндеттеріне жұмыс берушілермен мекенжайлық жұмыс кіреді. Промоутерлер тиісті салалардан іріктеледі, қызметкерлерді іріктеу және ілгерілету кезінде кешенді тәсіл қолданылады.

«Бизнес-офис» форматына ауысудың мынадай талаптары бар:

- алаңдардың орналасуы және нормалары (штатты ескере отырып);

- техникамен және байланыс каналдарымен жарақтандыру. Бірінші кезең ДБ-ның «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы шеңберінде iске асырылады;

- эргономикасы, орталықтың жұмыс кеңістіктеріне баланс жасалады және дәрежесіне байланысты (қала/аудан, алаң, штаттың көлемі) алаңдарға бөлінеді:

- барлық клиенттер дәрежесіне бірыңғай: электрондық кезек, ресепшн тіркеу алаңдары, кәсіптік бағыт, өзіне-өзі қызмет көрсету. Әр түрлі клиенттер үшін мамандандырылған алаң: «жеңіл» жұмыс іздеушілер үшін, «орташа» және «күрделі» жұмыс іздеушілер үшін, жұмыс берушілер үшін;

Аутсорсинг жүйесі жеке агенттіктерді дамытуға қозғалыс береді және жыл сайын мемлекеттік жұмыспен қамту орталықтарымен қамтылмай калатын жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге қолдау көрсетуді кеңейтеді.

Қазіргі уақытта халықты жұмыспен қамту орталықтарын трансформациялау жөніндегі пилоттық ұйымдар Астана, Алматы және Павлодар қалаларының халықты жұмыспен қамту орталықтарын айқындады, трансформациялауды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. Пилоттық халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Пилоттық халықты жұмыспен қамту орталықтарын трансформациялаудың жүзеге асырылуына әдіснамалық қолдау, жедел сүйемелдеу және мониторинг қамтамасыз етілді.

Мемлекеттік жұмыспен қамту орталықтарын табысты трансформациялау Жұмыспен қамту орталықтары мамандарының әлеуетін арттырады және халыққа қызмет көрсетудің сапасын жақсартады.

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші