check

You are here

Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті

Конституция күні

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова шараны аша отырып, қызметкерлерді аталған маңызды мерекемен құттықтады. Өз құттықтау сөзінде Тамара Дүйсенова Конституция бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешек кепілі екенін атап өтті.

«Конституция күні – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында оң шешімдер қабылдау барысында мемлекет пен қоғамдық санадағы рөлін айқындайтын айтулы мереке. Сіздерге бейбіт өмір, келісім мен тұрақтылық, әрбір отбасында бақыт пен шаттықтың орнауын тілеймін. Отанымыздың өркендеуі үшін биік белестерді бағындыру - бізді жаңа табыстарға жетелейді деп сенемін!», - деді Тамара Дүйсенова.

Жиын барысында Министр бірқатар ведомство қызметкерін Алғыс хатпен марапаттады.

Шара соңында, Білім күні қарсаңында, Министрлік қызметкерлерінің 1-ші сыныпқа баратын  балаларына және де кейбір аз қамтылған отбасыларға мектеп заттары табысталды.

29 тамыз, 2017 - 17:29 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші