2017 жылғы 16 тамыздағы № 268 бұйрық
«Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Ішкі аудит департаментінің
кейбір мәселелері туралы» Қазақстан
Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2017 жылғы 6 наурыздағы
№ 22 бұйрығына өзгеріс мен
толықтыру енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 76 қаулысымен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының 24-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ішкі аудит департаментінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 22 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
мемлекеттік аудит объектілерінің 2017 жылға арналған тізбесінде:
реттік нөмірлері 9, 10 - жолдар алып тасталсын:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 11-жолмен толықтырылсын:
11 |
«Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» ММ, Шымкент қаласы |
Ішкі мемлекеттік |
сәйкестік |
3-тоқсан |
ІАД қызметкер |
2. Ішкі аудит департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі Т. Дүйсенова