check

You are here

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген әлеуметтік-еңбек саласының көрсеткіштерін есептеу (қалыптастыру) әдістемесін бекіту туралы

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген халықты жұмыспен қамту жөніндегі көрсеткіштерді есептеу (қалыптастыру) әдістемесі;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген шетелдік жұмыс күшін тарту, сондай-ақ оралмандарды   жұмысқа   орналастыру   жөніндегі көрсеткіштерді   есептеу (қалыптастыру) әдістемесі;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген еңбек жөніндегі көрсеткіштерді есептеу (қалыптастыру)  әдістемесі;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген әлеуметтік қамсыздандыру көрсеткіштерін есептеу (қалыптастыру) әдістемесі;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген әлеуметтік қолдау жүйесі көрсеткіштерін есептеу (қалыптастыру) әдістемесі;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген әлеуметтік көмек жүйесі көрсеткіштерін есептеу (қалыптастыру) әдістемесі бекітілсін.».

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Стратегиялық даму департаменті 2017 жылғы 5 тамызға дейін:

1). Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды;

2). Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жіберуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.

4.   Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

міндетін атқарушы                                                       С. Жақыпова

 

«КЕЛІСІЛДІ»
          Қазақстан Республикасы

          Ұлттық экономика  

          министрлігі

          Статистика комитетінің

          төрағасы

          _________Н. Айдапкелов

          2017 жылғы  «_______»

 

 

 

ТіркемеМөлшер
PDF icon prikaz_kaz.pdf651.4 KB
Microsoft Office document icon kosymsha_gos.doc344.02 KB
PDF icon prikaz_gos.pdf676.95 KB
PDF icon prilozhenie_gos.pdf537.4 KB
15 қыркүйек, 2017 - 18:09 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші