check

You are here

АНЫҚТАМА Әлеуметтік-еңбек саласы: 2016 жылдың корытындысы және 2017 жылғы 5 айға, алдағы кезеңге арналған міндеттер

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

АНЫҚТАМА

Әлеуметтік-еңбек саласы:

2016 жылдың корытындысы және 2017 жылғы 5 айға,

алдағы кезеңге арналған міндеттер

 

I. Стратегиялық бағыт. Халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету

 

1.1-мақсат: Әлеуметтік қамсыздандыру туралы қызметтерді ұсыну

 

Балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес 2016 жылы балалы отбасыларға мынадай мемлекеттік қолдау түрлері көрсетілді:

- бала туғанда берілетін жәрдемақыны 32,3 млрд. теңге сомасында                438,1 мың адам (бұл 2015 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 9,8 %-ға көп),                      2017 жылғы 1 маусымда – 9,8 млрд.теңге сомасында 122,8 мың адам (өткен жылғы  осы кезеңмен салыстырғанда 23,1 %-ға аз) алды;

- бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін жәрдемақымен 30,9 млрд. теңге сомасында 143,3 мың адам (бұл 2015 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 0,7 %-ға көп), 2017 жылғы 1 маусымда 13,4 млрд.теңге сомасында орта есеппен 148,4 мың адам (өткен жылғы  ұқсас кезеңмен салыстырғанда 6,1 %-ға көп) қамтылды;

- мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны жалпы 21,7 млрд. теңге сомасында орта есеппен 73,4 адам, 2017 жылғы 1 маусымда жалпы 9,9 млрд.теңге сомасында орта есеппен 76,1 мың адам алды;

- табысы аз отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына берілетін жәрдемақымен 576,1 мың бала қамтылды, бұл ретте тағайындау сомасы – 11,3 млрд. теңгені құрады, 2017 жылғы 1 мамырда 450,9 мың бала қамтылды, ол 2016 жылғы 1 мамырдағы жағдаймен салыстырғанда 6,4%-ға аз, бұл ретте тағайындалған сома 3 514,1 млн.теңгені құрады.

2016 жылы МӘСҚ-дан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлемдер 69,0 млрд. теңге сомасында 211,5 мың алушыға төленеді, 2017 жылы 5 айға 28,7 млрд.теңге төленді, мамырда алушылар саны 197 мың адамнан асады. МӘСҚ-дан жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерге 56,5 млрд. теңге, 2017 жылы 5 айға 25,9 млрд. теңге жұмсалды.

Қабылданып жатқан шаралар еліміздегі демографиялық ахуалға оң әсерін тигізді, оған туылғандар санының жыл сайынғы өсімі дәлел. Мәселен, 2003 жылы елімізде 248 мың сәби дүние есігін ашқан болса, 2016 жылғы жағдай бойынша  бұл көрсеткіш 400,2 мың сәбиді құрады.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2017 жылғы                 1 шілдеден бастап бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы мөлшерін 20 %-ға арттыру жоспарлануда. Осылайша, оның мөлшері 86 222 теңгені, ал отбасында төрт және одан көп бала туылған жағдайда – 142947 теңгені құрайды.

 

Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру

Қазіргі уақытта елімізде нарықтық экономика принциптеріне сәйкес келетін және мемлекет, жұмыс беруші мен жұмысшы арасында базалық, міндетті ынтымақты және ерікті деңгейлердегі әлеуметтік қамсыздандыруға деген жауапкершілікті бөлісуді қарастыратын әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің көп деңгейлі моделі жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында (бұдан әрі – Тұжырымдама) ортақ зейнетақы мөлшерін тиімді деңгейде ұстау үшін олардың мөлшері жыл сайын инфляция деңгейінен екі пайызға ілгерілетіліп, индекстеледі.

Осыған орай«2016 жылғы 1 қаңтардан бастап уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің              2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 985 қаулысына сәйкес зейнетақы төлемдерінің мөлшері 9 %-ға арттырылды.

Арттыру нәтижесінде 2016 жылы базалық зейнетақы төлемінің мөлшері           11 965 теңгені құрады, оны есепке ала отырып, ең төменгі зейнетақы төлемінің мөлшері – 37 789 теңгені, ең жоғарғы мөлшері – 77 186 теңгені, орташа мөлшері – 55 117 теңгені құрады. Мұндай зейнетақы төлемдерін 2 млн. астам адам алады, өткен жылы бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 1,3 трлн. теңге бөлінді.

Зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар халықаралық тәжірибеде қолданылатын  жоғалтылған кірісті алмастыру стандартынан (40 %) асып кетуге мүмкіндік берді, ол Қазақстан Республикасында 2016 жылы базалық және ынтымақты зейнетақы төлемдері есебінен 43,7 %-ды құрады.

Есепті жылы мынадай шаралар жалғастырылды:

- бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста болған кезеңде жұмыс істейтін әйелдер үшін міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау. 2016 жылы республикалық бюджеттен МӘСҚ-тан ай сайын бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдер 84 мың алушының жеке зейнетақы шотына 4,1 млрд. теңге аударылды. 2017 жылғы қаңтар айынан мамыр айына дейін мұндай субсидиялауды 83,7 мың әйел алды, олардың шоттарына 1,7 млрд. теңге аударылды. Бұл ретте, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық кезеңге субсидияның жалпы көлемі 13,7 млрд. теңгені құрады;

- жұмыс берушілердің қаражаты есебінен зиянды (аса зиянды) еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлердің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару. 2017 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша
(
1.01.2014 жылдан 30.04.2017 ж. дейінгі мерзімге) 7,5 мыңнан астам жұмыс берушімен
423,3 мың жұмыскердің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару жүргізілді, жинақтар сомасы 113,3 млрд. теңгені құрады
.

Тұжырымдаманы іске асыру мақсатында зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерінде әлеуетті құрылымдардың барлық қызметкерлерін бірыңғай тәсілмен қамтамасыз ету үшін әлеуетті құрылымдардың қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалау жүзеге асырылды, оның шеңберінде 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуетті құрылымдардың барлық қызметкерлеріне, олардың қызметке кіру мерзiмiне қарамастан, республикалық бюджет есебінен зейнетақымен қамсыздандыруға құқық берілген.

Бұл ретте, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеудің қолданыстағы тәртібі сақталды (қызметтен босатылған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 109 айлық есептік көрсеткіш шегінде ақшалай үлесінің 50-65 %).

Зейнетақы жүйесін дамытудың қазіргі кезеңінің ерекшеліктері ынтымақты зейнетақының тоқтатылуына байланысты барабар зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз етуге бағытталған қосымша шаралар қабылдау болып табылады.

Тұжырымдамалық өзгерістердің бірі базалық зейнетақы тағайындау үшін критерий енгізу болып табылады. Базалық зейнетақы 2018 жылғы 1 шілдеден бастап зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты және тек жалпы белгіленген зейнеткерлік жасқа (58-63/63) жеткен кезде тағайындалады.

Оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл немесе одан кем болса немесе мүлдем болмаса ең төмен күнкөріс шамасының 54%-ын құрайды, әр 10 жылдан асқан сайын оның мөлшері 2%-ға ұлғаяды, 33 жыл және одан көп болған кезде базалық зейнетақы ең төмен күнкөріс шамасына тең болады.

Осылайша, орта мерзімді перспективада аталған шара алмастыру коэффициентінің деңгейін – 40 % шамасында сақтауға мүмкіндік береді, сондай-ақ азаматтарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тұрақты түрде қатысудың негізін салады және ынталандырады.

Тағы бір тұжырымдамалық өзгеріс – бұл зейнетақы жүйесінің жаңа шартты-жинақтаушы компонентін енгізу.

Оның қаржыландыру көзі қосымша 5 %-дық жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) болып табылады.

Шартты-жинақтаушы зейнетақыны өмір бойы алуға 5 жылдан кем емес (60 ай) ЖМЗЖ аударылған, зейнеткерлік жасқа жеткен (58-63/63) адамдардың немесе мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген І және ІІ топтағы мүгедектердің құқықтары бар болады. Бұл норманы 2020 жылдан бастап енгізу көзделіп отыр.

Ағымдағы жылы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында зейнетақы төлемдерінің мөлшерін одан әрі арттыру көзделуде.

Мәселен, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 9%-ға арттырылды, бұл ретте 2017 жылғы 1 шілдеден бастап олардың мөлшерін тағы 11%-ға, базалық зейнетақыны 13 %-ға арттыру жоспарланып отыр. Бұл нәтижесінде зейнетақының 2016 жылғы деңгейден 20 пайызға дейінгі өсімін қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта (2017 жылғы 1 маусымға) базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 12 802 теңгені, орташа зейнетақы төлемдерінің мөлшері базалық зейнетақыны қоса есептегенде – 59 554 теңгені құрайды.

Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың (МӘЖ) мөлшерлері                 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төмен күнкөріс шамасының өзгеруімен байланысты 7 пайызға артқан болатын. Бұдан басқа, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап (Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында) мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша МӘЖ мөлшері тағы 25 пайызға арттырылды.

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада барлығы 692,1 мың МӘЖ алушы бар, оның ішінде мүгедектер саны 517,6 мың адам, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – 171,1 мың адам, жасына байланысты – 3,4 мың адам.  Олардың орташа мөлшері: мүгедектік бойынша – 30 374 теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – 27 506 теңге, жасына байланысты – 11 887 теңгені құрады.

Айлық есептік көрсеткіш шамасының өзгеруімен байланысты 2016 жылғы           1 қаңтардан бастап республикалық бюджеттен төленетін басқа (№1 және №2 Тізімдер бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақы, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, бала тууына байланысты берiлетiн бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы, бала күтімі бойынша берілетін ай сайынғы жәрдемақы, мүгедек балаларды тәрбиелеуші ата-аналарға, қорғаншыларға  ай сайынғы жәрдемақы, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы) жәрдемақылардың мөлшері де 7 пайызға артты.

2005 жылдан бастап міндетті әлеуметтік сақтандырудың енгізілуіне байланысты заңды сектор жұмысшылары 5 әлеуметтік тәуекел пайда болған кезде әлеуметтік қорғаудың қосымша формасына ие болды.

Өткен жылы 740,0 мың алушыға 142,2 млрд.теңге сомасында әлеуметтік төлемдер төленді, ол 2015 жылмен салыстырғанда 12,2 %-ға көп.

Бұл ретте, МӘСҚ-тан төленетін еңбекке қабілеттілігін жоғалту және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер 7 %-ға арттырылды.

 

 

 

Әлеуметтік көмек

2016 жылы табысы аз отбасыларды қолдау жалғасын тапты, 2017 жылғы                    1 қаңтарға:

- атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) 28,8 мың адамға тағайындалды, бұл 24,7 %-ға төмен (2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдаймен салыстырғанда), бұл ретте тағайындау сомасы – 842,3 млн. теңге (2015 жылмен салыстырғанда 15,8 %-ға азайды). АӘК-тің орташа мөлшері аталған кезеңде –                 2 438,5 теңгені құрады, бұл 2016 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 11,9 %-ға артық;

2017 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) 17,7 мың адамға тағайындалды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңмен салыстырғанда 20,6 %-ға төмендеді, бұл ретте тағайындау сомасы – 236,6 млн. теңге (2016 жылмен салыстырғанда 14,3 %-ға азайды). АӘК-тің орташа мөлшері аталған кезеңде – 3 336,8 теңгені құрады, бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 8 %-ға артық;

- тұрғын үй көмегі 97,1 мың отбасына 2,4 млрд. теңге сомасында тағайындалды (2015 жылмен салыстырғанда 1,1 %-ға кеміді), 2017 жылғы 1 сәуірде – 55,9 мың отбасына, 914,5 млн теңге сомасында (2016 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 1,4 %-ға артты) көрсетілді. 2016 жылы тұрғын үй көмегінің орташа мөлшері 2 083,1 теңгені құрады, 2017 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша – 5 452,8 теңге, 2016 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 7,6 %-ға артты;

- 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төленді (төленген сома көлемі және алушылары жоғарыда көрсетілген).

Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам Ұлт жоспарының 84-қадамын іске асыру аясында қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (28.10.2015 ж.) сәйкес атаулы әлеуметтік көмек идеологиясы өзгертілуде.

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап бірыңғай жәрдемақы − жаңа форматтағы атаулы әлеумет көмек енгізілетін болады, жәрдемақы өзіне табысы аз отбасыларға арналған қолданыстағы үш әлеуметтік төлемді біріктіреді, олар төрт және одан да көп баласы бар отбасыларға арналған арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек (АӘК).

Жаңа форматтағы АӘК табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-нан төмен отбасыларға отбасында еңбекке қабілетті мүшелерінің болуын ескере отырып, сондай-ақ олар міндетті түрде жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан кезде  шартты және шартсыз ақшалай көмек түрінде көрсетілетін болады. Бұл өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін азаматтардың экономикалық дербестігін және жеке ынтасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жаңа тәсілдер «Өрлеу» пилоттық жобасы шеңберінде төрт жылдан бастап өңірлерде іске асырылуда, ағымдағы жылы аталған жоба барлық өңірлерде толық жүзеге асырылды, бұл 198 аудан мен қала, ел аумағының 99,5 %-ын құрайды.

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шартты ақшалай көмек 38,8 мың адамға жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеге тағайындалды, 2017 жылдың 1 маусымында – 88,1 мың адам, жалпы сомасы 3,4 млрд теңге.

Осы мақсатқа 2017 жылы республикалық бюджеттен 7,1 млрд теңге, жобаға  150 мыңға жуық аз қамтылған азаматтарды тарту үшін қарастырылды.

Жобаның жүзеге асырылу кезеңінен бастап:

- жұмыспен қамтудың белсенді шараларына бағытталған «Өрлеу» жобасының еңбекке қабілетті қатысушыларының үлесінің өсуі, ағымдағы жылы бұл 90%-дан жоғары (а.ж. 1 маусымына – 88,9 %);

 - АӘК-ті «пассив» алушылардың саны 56,1 мыңнан 29 мың адамға  дейін тұрақты қысқарды (2014,2016 жж.);

- жобаға қатысушылардың жан басына шаққандағы табысы 2 есе                       (а.ж. 1.06. 6,1 мыңнан 15,6 мыңға теңгеге дейін) артты.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруды жалғастыра отырып ең төмен күнкөріс деңгейін оның құрылымын қайта қарау есебінен өзгерту жөнінде ұсыныстар әзірленетін болады.

 

Еңбекақы төлеу.

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 22 859 теңге, 2017 жылғы 1 қаңтардан 24459 теңге болып белгіленді. Осыған орай, жыл сайын   7 % өсім қамтамасыз етілген.

Республикада еңбекақы төлеу жағдайын талдауэкономикалық қызмет түрі бойынша бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 2016 жыл үшін 142 898 теңгені құрағанын көрсетті, яғни 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,4 %-ға  өсті (2017 жылғы 1 тоқсанда - 140 265 теңге, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,6%-ға өсті). Бұл ретте, нақты жалақы индексі 2016 жылы 98,9 %-ды құрады (2017 жылдың 1 тоқсанында 2016 жылдың тиісті кезеңіне 98%).

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2016 жылғы                1 қаңтардан бастап азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа моделі енгізілді.

Оны іске асыру үшін мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың бір млн-нан астам қызметкеріне 2016 жылы республикалық бюджеттен шамамен 290,8 млрд. теңге бөлінді.

Нәтижесінде азаматтық қызметшілердің жалақысы орта есеппен  30 %-ға, атап айтқанда, білім беру саласында орта есеппен 29 %-ға, денсаулық сақтау саласында 18 %-ға, мәдениет және әлеуметтік қамсыздандыру саласында 35 %-ға өсті.

Қиын әлеуметтік-экономикалық жағдайларға қарамастан қабылданған шаралар нәтижесінде, табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аз xалық үлесі 2016 жылғы қорытынды бойынша 2015 жылғы деңгейде сақталып, 2,6%-ды құрады (2015 жылы - 2,5%). Бұл ретте жан басына шаққандағы номиналды қаржылай табысы 5,8 %-ға артып, 2016 жылы 77 106 теңгені құрады.

 

1.2.-мақсат. Халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына қызмет көрсетудің тиімділігіне жәрдемдесу

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету

«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесінде реформа жүргізілуде, мемлекеттік, жеке және үкіметтік емес секторларда кезең-кезеңімен стационар, жартылай стационар, үйде қызмет көрсету және уақытша болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары енгізілуде.

2009 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджеттен арнаулы әлеуметтік қызметтерді іске асыруға шығындардың көлемі 20 млрд.-тан астам теңгені құрады, 2017 жылға 1 152,9 млн. теңге ағымдағы нысаналы трансферт бөлінді.

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік қызмет көрсету жүйесімен:

– стационарлық үлгідегі 110 медициналық-әлеуметтік мекемеде 23,0 мыңнан астам егде адамдар мен мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар;

– жартылай стационар үлгісіндегі 74 ұйымда 13,4 мың адам;

– егде адамдар және мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар үшін  үйде әлеуметтік көмек көрсету бойынша 508 бөлімде 56,9 мың адам;

– белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған 25 әлеуметтік бейімдеу орталығында, оның ішінде түнгі уақытта болу және әлеуметтік патруль бөлімдерінде 23,5 мың адам қамтылды.

2016 жылы 16 өңірде 106 ҮЕҰ арасында 6 мыңнан астам адамға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша әлеуметтік тапсырыс іске асырылды.

2016 жылы Арнаулы әлеуметтік қызмет стандарттарын іске асыруға республикалық бюджеттен 939,3 млн. теңге игерілді, оның ішінде:

- медициналық-әлеуметтік мекемелерде стандарттарды енгізуге – 236,4 млн. теңге;

- ҮЕҰ арасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға – 702,9 млн. теңге жұмсалды.

 

 

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы

Әлеуметтік қолдау шаралары жүйесінде мүгедектерді әлеуметтік қорғау ерекше орын алады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 651 мыңнан астам немесе халықтың барлық санынан 3,7 % мүгедек тұрады, осы санның 62,8%-ы  еңбекке жарамды жастағы адамдарды, 12,2%-ы 18 жасқа дейінгі балаларды құрайды.

Жергілікті атқарушы органдардың тарапынан мүгедектерге техникалық, көмекші (компенсаторлық) құралдар (протездік-ортопедиялық көмек, кресло-арбалар, сурдо- және тифло-техникалық құралдар), санаторий-курорттық емделу, ымдау тілі мамандарының және жеке көмекшілердің, инватакси қызметі ұсынылады.

Мүгедектердің толығымен қоғамға қатысуына жағдай жасау және олардың құқықтарын іске асыру үшін Қазақстан БҰҰ-ның Мүгедектер құқықтары туралы конвенциясын ратификациялады және барлық заңнамалық базаны жетілдірді. Конвенцияны ратификациялау бойынша жұмысты тиімді ұйымдастыру мақсатында мемлекетте кезең-кезеңімен Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012–2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары іске асырылуда, атап айтқанда:

1. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында заңнаманы мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның нормаларына сәйкестігіне түгендеу шеңберінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң (03.12.2015 жылы қол қойылды, 24 заңнамалық актіге түзету енгізілді) қабылданды.

Автомобильдік, темір жол, әуе көлігі, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, білім беру, ішкі істер, тұрғын үй және ақпарат салаларында заңға тәуелді актілер жетілдірілді, атап айтқанда:

а) тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілді, осыған сәйкес тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге тұрғын үй екіншіден жоғары емес қабаттан беріледі (2016 жылғы 31 наурыздағы № 163 ҚРҮҚ);

б) Мүгедектігі бар және мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсыну қағидалары алғаш рет бекітілді (ҚР ІІМ 28.12.2015 ж. № 1088 бұйрығымен, ҚР Әділетминінде 25.02.2016 ж. № 13238 болып тіркелген);

в) мүгедектің жұмыс орнындағы жабдықтарға және өндірістік ортаға бірыңғай талаптарды айқындау, осындай жұмыс орындарын құруды тездету және мүгедектерді қоғамның еңбек өміріне етене араластыру мақсатында мүгедектің жұмыс орны стандарттары бекітілді (ҚР ДСӘДМ-нің 30.11.2015 ж. № 910 бұйрығымен, ҚР Әділетминінде 12.01.2016 ж. № 12854 болып тіркелген);

г) мүгедектерге берілетін Техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесі толықтырылды және 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді, ескірген сурдо-, тифлотехникалық құралдар заманауи көп функционалды электрондық гаджеттермен ауыстырылды (ҚР Yкiметiнiң 23.12.2015 ж. № 1035 қаулысы). Сондай-ақ 2017 жылы Тізбеге көру, есту қабілеті бұзылған адамдарға жаңа тифлотехникалық құралдар, міндетті гигиеналық құралдар және т.б. енгізіліп, ауыстырылды (ҚР Yкiметiнiң 03.03.2017 ж. № 102 қаулысы).

2. Әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілерін паспорттау және бейімдеу арқылы кедергісіз орта құруға жағдайлар жасалуда. Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жыл сайын Объектілерді бейімдеудің өңірлік карталарын іске асыруды жүргізеді.

2017 жылғы 1 сәуірге 28,9 мың объекті паспортталды, оның 18,4 мыңы бейімдеуге жатады, 11,5 объектіге бейімдеу жүргізілді.

2016 жылы мүгедектердің қажеттілігіне 4 537 объекті бейімделді, оның ішінде 4 367 объекті жергілікті бюджет есебінен, 170 объекті «Жұмыспен қамту 2020» жол картасының шеңберінде бейімделді.

3. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласында мемлекеттік бақылау іске асырылуда.

4. 2016 жылы:

- Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өңірлік кешенді жоспары шеңберінде жоспарланған 9,2 мыңның орнына 10,9 мың мүгедек (жоспардан 118 %), оның ішінде 8,3 мың адам аумақтарды дамыту бағдарламалары және 2,6 мың адам Жол картасы бойынша жұмыспен қамтылды. Олардың қатарынан 10,1 мың мүгедек тұрақты жұмыс орнына орналастырылды;

- елімізде мүгедектер үшін өткізілген 200 бос жұмыс орны жәрмеңкесінде мүмкіндіктері шектеулі 2,5 мыңнан астам адам тұрақты немесе уақытша жұмыс орындарына орналастырылды;

- жұмыс орындары санының 2-ден 4 %-ға дейінгі квотасы мөлшерінде (ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде) 3,1 мың мүгедек жұмыспен қамтылды.

2018 жылдан бастап мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орнын құратын жұмыс берушілердің шығындарын республикалық бюджет есебінен субсидиялау көзделген.

Жұмыс істейтін және оқитын мүгедектер үшін басым құқықпен 13 инватакси қызметі өз қызметтерін ұсынады, олар республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады.

5. Министрліктің интернет-ресурсында мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласының нормативтік-құқықтық актілері, өңірлік жаңалықтар, фото және бейнесюжеттер, мәліметтер және объектілерді бейімдеу және жұмыспен қамту карталарының іске асырылуына мониторинг, инфографика және сауалнамасы бар «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау» атауымен арнайы бөлім әзірленді.

Мүгедектерге қоғамның оң көзқарасын қалыптастыру мақсатында 2016 жылы республикалық және жергілікті БАҚ-та 14.1 мыңнан астам материал жарияланды.

Өңірлік телеарналардың қолжетімділігі үшін республикалық бюджет есебінен жаңалықтар лентасына сурдоаударма жасалады.

Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және жағдайын жақсарту бойынша мемлекеттік шаралар туралы халықтың хабардарлық деңгейін арттыру үшін 2016 жылғы 15 маусым мен 15 қыркүйек аралығында елімізде «Халыққа жол!» акциясы өтті.

Үш ай бойы өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарлама басқармаларының қызметкерлері өңір әкімдерінің мүгедектер істері жөніндегі кеңесшілерінің, үкіметтік емес ұйымдардың, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің қатысуымен кәсіпорындардың және ұйымдардың еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізді. Оның барысында халыққа мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың негізгі бағыттары түсіндірілді.

Акция шеңберінде 1 475 кездесу, 337 жиналыс, дөңгелек үстел мен семинар өткізілді, БАҚ-та 658 мақала жарияланды, телеарналар мен радиода халықпен 42 «тікелей байланыс» өткізілді, көрнекі үгіт құралдары арқылы 1 833 ақпарат жарияланды, 80 стенд пен билборд орнатылды.

Қабылданып жатқан шараларға қарамастан әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділік деңгейі төмен, мүгедектерді оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету бойынша шаралардың қабылдануы жеткіліксіз, әлеуметтік қызметтерге қолжетімділік деңгейі де төмен.

Осы проблемаларды шешу үшін ағымдағы жылы объектілерді паспорттау және бейімдеу жалғастырылады, Тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесіне мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерін енгізу процесі автоматтандырылды, Тіршілік-тынысы мен денсаулықтың қызмет етуінің, шектелуінің халықаралық жіктемесінің ережелерін ескере отырып, мүгедектікті белгілеу критерийлерінің балдық жүйесін енгізу бойынша пилоттық жоба өткізілді, бизнес процесті автоматтандыру мүмкіндігімен Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын іріктеу әдіснамасы әзірленді.

 

II.Жұмыспен қамту саясатын қалыптастыру және еңбек қатынастарын реттеу, көші-қон процестерін басқару

 

2.1-мақсат: Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының тиімділігін арттыру және көші-қон процестерін басқаруды қамтамасыз ету

 

Нәтижелі жұмыспен қамту

2016 жылы еңбек нарығын  реттеу тиімділігін арттыру мақсатында Жұмыспен қамту 2020 жол картасын (2015 жылы 31 наурыздағы №162 ҚРҮҚ) іске асыру жалғастырылды. Есептік кезеңде оны іске асыруға 125,5 млрд.теңге жіберілді.

2016 жылдың қорытындысы келесіні көрсетеді. Бағдарламаға қатысу мәселесі бойынша өтініш білдірген адамдардың саны 198,7 мың адамды құрады, оның ішінде 198,3 мың адам Бағдарлама қатысушыларының құрамына қосылды.

197,6 мың адам жұмыспен, оның ішінде 169 мыңнан астам адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.

Бағдарлама қатысушыларының жалпы санынан 29 жасқа дейінгі жастардың үлесі 44,9%-ды, әйелдер 44,7%-ды құрады, сондай-ақ аз қамтылған азаматтардың 4,7%-ы және мүмкіндіктері шектеулі адамдардың 3,1%-ы Бағдарлама қатысушысы болды.

Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде 5 695 жоба іске асырылды, оларда 40 888 жұмыс орны құрылып, халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша 22 296 адам (54,5 %) жұмысқа орналастырылды.

Бағдарлама шеңберінде республиканың ауылдық елді мекендерінің 70%-дан астамы жөндеу жұмыстарымен қамтылды:

- 1492 білім беру объектісі, 686 мәдени, спорт және әлеуметтік қорғау объектісі, 281 денсаулық сақтау объектісі жөнделді;

-  инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның 430 объектісіне және  ауылдар ішіндегі жолдардағы 1 546 объектіге ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Бұдан басқа, ауылдық елді мекендерде ауылдарды абаттандыру бойынша    1 227 жоба іске асырылды, ауылдық жерлерде 33 ОДА және ФАП салынды.

Екінші бағыт шеңберінде 3 819 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтті. 10 099 адам микрокредит алды, олардың 56,2 %-ы немесе 5 677 адам жеке істерін ашып, кәсіпкер болды. Микрокредиттердің 84 %-ы ауыл шаруашылығын дамытуға берілді. Ауылда кәсіпкерлікті дамыту нәтижесінде 8,8 мың жаңа жұмыс орны құрылды.

Есепті жылы елдің 5 өңірінде (Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары) микрокредит сомасын 6 млн. теңгеге дейін ұлғайту арқылы жеке қосалқы шаруашылық базасында ұсақ тауарлар өндірісін құру бойынша пилоттық жоба іске асырылды. Оның шеңберінде 2 052 адам микрокредит алды (сүт қабылдау пункттерін, отбасылық бордақылау алаңдарын, жылыжайлар ашу және т.б. үшін).

Үшінші бағыт бойынша кәсіптік оқытумен 7 240 адам қамтылды (1043 адам – кәсіптік даярлаумен, 5 749 адам - қайта даярлаумен, 448 адам - біліктілік арттырумен), 6 335 адам оқуды аяқтады,олардың 5 431-і немесе 85,7%-ы жұмысқа орналасты.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Бағдарламаға бірқатар жаңа дағдарысқа қарсы шаралар мен құралдар енгізілгенін атап өту қажет, олардың басты шарты жұмыскерлерді жұмыстан босату қатері туындаған кезде, жұмыс берушілердің жұмыс орындарын сақтауы болып табылады.

Мәселен, жаңа дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде:

- ішінара жұмыспен қамтылған 18-ден 24 жасқа дейінгі 2,5 мың жас;

- ішінара жұмыспен қамтылған 1,2 мың жалдамалы жұмыскер;

- 55-тен 64 жасқа дейінгі жастағы 1,2 мың адам қайта даярлаумен және біліктілікті арттырумен (кәсіптік оқумен қамтылғандардың жоғарыда көрсетілген санында) қамтылды.

Қысқарған жұмыс уақыты үшін білікті жұмыскерлердің жоғалтқан табысының 2/3 мөлшерін уақытша субсидиялаумен елдің 8 кәсіпорнында 3,5 мыңға жуық білікті жұмыскер қамтылды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 16 579 адам (оның ішінде жалғастырушылар қатарынан 2,3 мың адам) жұмысқа орналасты, 16 389 адам (оның ішінде жалғастырушылар қатарынан 1,3 мың адам) жастар практикасына жіберілді.

Жыл қорытындысы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыстарын аяқтағандардың 84%-ы (12 562 адам) және жастар практикасын аяқтағандардың 63%-ы (9 778 адам) нақты жұмыс берушіде тұрақты жұмысқа орналасты.

2016 жылдың ішінде экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге 1 979 адам қоныс аударды.

Қызметтік тұрғын үйлерге 1067 адам қоныстанды, оның ішінде 584 адам еңбек етуге қабілетті жаста, олардың 431-і немесе 74%-ы жұмысқа орналасты.

Сонымен қатар, есепті кезеңде:

-«Жұмыспен қамту туралы» (2016 жылғы 6 сәуірде № 483-V ҚРЗ) жаңа заң қабылданып, онда Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде қолданылатын және іске асырылатын жұмыспен қамтуға жәрдлемдесудің белсенді шаралары, ХҚКО-на ұқсас үлгімен халықты жұмыспен қамту орталықтарын кәсіптік дамыту және жұмысқа орналастыру жүйесіне кіруге арналған бірыңғай терезе ретінде жаңғырту заңнамалық түрде бекітілген, Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) ХЫДҰ салыстырмалы түрде жұмыспен қамтылған халықты қамтудың аражігін ажырату және халықты жұмыспен қамтудың көрсеткіштерін өлшеу және басқа да жаңа тәсілдері ескерілген; 

- Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары іске асырылып, оның шеңберінде 520 мыңнан астам адам қамтылды, 474,4 мың адам, оның ішінде 255,1 мың адам  (а.ж. 1 мамырға 128,7 мың адам) тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасты. Жұмысқа орналастыру бойынша жоспарланған көрсеткіштер асыра орындалды.

Мемлекет басшысының а.ж. 9 қыркүйегіндегі тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылғы 1 наурызда Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы іске асырыла бастады.

Оның негізгі мақсаттары:

  • өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін азаматтарды еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптерге жаппай оқыту. Жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың ТжКБ жүйесі арқылы тегін бірінші кәсіпті және қысқа мерзімді оқыту арқылы екінші кәсіпті алу мүмкіндігі қарастырылып отыр.

- кредит беру және кәсіпкерлік негіздеріне оқыту арқылы өз ісін ашу үшін жағдай жасау. Осы мақсатта микрокредит беру географиясы қалалар мен ауылдарды қосу арқылы кеңейтілді. Кредиттің сомасы ең үлкен 18 млн. теңгеге дейін ұлғайтылды. Мерзімі 5 жылға дейін, ал егер мал шаруашылығымен айналысқан немесе ауыл шаруашылық кооперативін құрған жағдайда 7 жылға дейін, соңғы қарыз алушы үшін мөлшерлеме жылдық 6%-дан аспайтындай белгіленді.   Алғаш рет ісін ашқандар үшін 85%-ға дейін, ал жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін 50%-ға дейін кредитті кепілдендіру тетігі енгізілді.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде (2017 жылғы 12 маусымға) елімізде жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 194 мың адам қамтылды, оның ішінде:

  • 95,3 мыңнан астам адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды;
  • 76,4 мың адам жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары және қоғамдық жұмыс арқылы уақытша жұмыспен қамтылды, мерзімі аяқталысымен олардың бірқатары тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі;
  • 21,2 мың адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуын бастап кетті;
  • 947 адам микрокредит алды. 229 отбасы жаңа аумаққа көшті.

Еңбек нарығындағы шиеленісті төмендету үшін жергілікті атқарушы органдар жыл сайын жаңа жұмыс орындарын құру бойынша жұмыс жүргізеді.

2016 жылы 310,6 мың жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 151,6 мыңы ауылдық жерлерде (2017 жылғы 1 маусымға 105 мың және 44,8 сәйкесінше). Салалар бөлінісінде жұмыс орындарының көбісі сауда-саттықта – 37,7 мың, құрылыста 35,3 мың жұмыс орны, өнеркәсіпте - 23,9 мың, ауыл шаруашылығында 20,1 мың  (2017 жылғы 1 маусымға сауда-саттықта – 14 мың, құрылыста -16,1 мың, ауыл шаруашылығында 10,3 мың) жаңа жұмыс орны құрылған. Құрылған жұмыс орындарының жалпы санынан 65,9 %-ы тұрақты жұмыс орындары, қалғандары уақытша жұмыс орындары (2017 жылғы 1 маусымға – 78,2%).

Жергілікті бюджет есебінен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар іске асырылуда, 2016 жылы республиканың жұмыспен қамту органдарына еңбек делдалдығы үшін 336,4 мың жұмыссыз азамат жүгінген, оның ішінде 66 % - дан астамы жұмысқа орналастырылды (2017 жылғы 1 маусымға – 130,2 мың, 39 %-ы жұмысқа орналастырылды).

Бағдарлама шеңберіңде жүргізіліп жатқан іс-шаралар, аумақтарды дамыту өңірлік бағдарламасын іске асыру республикадағы еңбек нарығындағы жағдайға оң әсерін тигізді.

2016 жылдың қорытындысы бойынша 2015 жылмен салыстырғанда жұмыспен қамтылғандар саны 8 623,8 мың адамнан 8 553,4 мың адамға төмендеді, бұл ретте жұмыспен қамтылған тұрғындар қатарында жалдамалы жұмысшылардың саны артқан, олардың үлесі 73 % - дан 74,2 % - ға дейін өскен, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі 27% - дан 25,8 % - ға төмендеген, сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарында нәтижесіз жұмыспен қамтылған азаматтардың үлесі 22,4 % - дан 13,6 % - ға азайған.

 

Көші-қон саласында мемлекеттік саясатты іске асыру

Оралмандардың қоныс аударуы. 1991 жылдан 2017 жылғы 1 сәуірге тарихи отанына 287 мың отбасы немесе 1 млн. аса этникалық қазақ қоныс аударып, оралман мәртебесін алды, оның ішінде 2016 жылы – 16,4 мың отбасы (33 754 адам), 2017 жылғы 1 тоқсанда – 2,6 мың отбасы (4,9 мың адам). Бұл ретте, еңбекке қабілетті жастағы тұлғалар үлесі56%, 18 жасқа дейінгі балалар –  39% және зейнеткерлер – 4,7%-ды құрады (2017 жылда тиісінше – 67,3%, 26,4%, 6,3%).

Есептік және ағымдағы жылы негізгі шығу елдері Өзбекстан (62% және                         54,5%, тиісінше), Қытай (14% және 33,4%), Моңғолия (9% және 2,1%), Түркменстан                 (6,7% және 4,6%).

            Этникалық репатриацияны ынталандыруға және ел аумағында халықты ұтымды қоныстандыру проблемаларын шешуге бағдарланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң)  іске асыру үшін:

  • этникалық қазақтарға қоныстану өңіріне қарамастан оралман мәртебесін бір жыл мерзімге беру;
  • ықтияр хатты алған соң азаматтықты жеңілдетілген тәртіппен бір жыл ішінде алу;
  • халықты қоныстануға ынталандыру және қажетті жағдай жасау, басымды өңірлерге жұмыс күші көп өңірлерден жұмыс қорын қайта бөлу арқылы;
  • жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде заңнамаға сәйкес этникалық қазақтарға және қоныс аударушыларға Үкімет айқындаған өңірлерге қоныстанып оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасын белгілеп әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған шаралар қабылданды.

2016 жылы Үкімет оралмандарды қоныстандыру үшін жеті өңір (Қостанай, Атырау, Ақмола, Павлодар, СҚО, ШҚО, Батыс Қазақстан облыстары) және қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін төрт өңір (Қостанай, Павлодар, СҚО, ШҚО) айқындалды. Оралмандарды қабылдаудың (1 259 отбасы) және қоныс аударушыларды қабылдаудың  (463 отбасы) өңірлік квоталары белгіленді және олар тиісінше 51,2% (645 отбасы қосылды) және 42,3% (196 отбасы қосылды) орындалды. 2017 жылы оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы 566 отбасыға және қоныс аударушыларды 288 отбасыға бес өңір үшін белгіленді.

Халықтың ел ішінде көші-қон қозғалысы артты, халықтың өңіраралық және өңірлік көші-қон көлемі өсті. Соңғы үш жылда ішкі көші-қонда шамамен 455 мың адам қатысты.

Қазіргі таңда, көші-қон саясатының нақты мақсаттары орындалды – халық саны соңғы 10 жылда 2,7 млн. адамға дейін өсіп, байырғы ел (66%) үлесінің басымдылығымен 17,7 миллионға жетті.

 

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын республикаға шетелдік мамандарды тартуға квота белгілейді. 2016 жылы республикамыздың экономикалық белсенді тұрғындарына шаққанда 63 бірліктен тұратын 0,7 пайыз мөлшерінде квота белгіленді (2017ж. – 0,6 %, 54 мың бірлікті құрайды).

2017 жылдың басына республика бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 29,3 мың рұқсат қолданылды, оның ішінде санаттар бойынша, корпоративішілік ауыстырулар шеңберінде –  545 адам тартылды (2017 жылдың 1 мамырдағы жағдай бойынша 28,5 мың. рұқсат, олардың 77 % 1-3 санаттағы мамандар).

Шетелдік жұмыс күшін тартатын 3 768 кәсіпорында 470,4 мың қазақстандық азамат жұмыс істеді, ол қызметкерлердің жалпы санының 94 % құрады.

Шетелдік жұмыс күшін тартқан жұмыс берушілер қазақстандық азаматтар үшін – 16 259 жұмыс орынын ашты, кәсіптік қайта даярлаудан Қазақстан Республикасының 1 091 азаматы өтті,5 427 жергілікті жұмыскер біліктілігін арттырды, 249 қазақстандық жұмыскер кәсіби дайындықтан өтті және 11 шетелдік маман қазақстандық кадрлармен ауыстырылды (2017 жылғы 4 айдың қорытындысы бойынша қазақстандық азаматтар үшін қосымша 4 956 жұмыс орыны ашылды, кәсіптік қайта даярлаудан Қазақстан Республикасының740 азаматы өтті, 7 191 жергілікті жұмыскер біліктілігін арттырды, 123 қазақстандық жұмыскер кәсіби дайындықтан өтті).

«100 нақты қадам» ұлт жоспарынасәйкесАҚШ, Канада, Аустралия үлгісі бойынша шетелден жоғарыбілікті мамандарды тарту үшін қолайлы көші-қон тәртібін құруды көздейтін Заң қабылданды.  

2017 жылғы 1 қаңтардан бастап шетелдік жұмыс күшін тартудың, өз бетінше жұмысқа орналасудың және корпоративішілік ауыстырудың тәртібін өзгерту көзделген.

Қазақстан Республикасына келуші шетелдік мамандар экономиканың басым салаларында аталған кәсіптер бойынша біліктілігі бойынша кез-келген жұмыс орнына 3 ай ішінде біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама негізінде жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды. Шетелдік маман біліктілігін растайтын, оның білімі, жұмыс өтілі, тәжірибелік жұмыс өтілі және басқа да параметрлерін бағалайтын балдық жүйе арқылы жіберіледі

Қазақстан Республикасында шетел жұмыс күшін тарту үшін жаңа жеңілдетілген жүйе іске қосылды, соған сәйкес рұқсат беру мерзімдері қысқартылды және жұмыс берушілерге ішкі еңбек нарығында іздеу жасау және шетелдік қызметкерлер үшін кепілдік жарна енгізу сияқты әкімшілік талаптар алынып тасталды. Аталған талаптардың орнына жұмыс берушілер салық алымдарын төлеулері қажет.

2017 жылдың 5 айында жергілікті атқарушы органдармен 3 813 жұмыс берушіге Қазақстан Республикасы аумағына шетел жұмыс күшін тарту үшін 10 658 рұқсат берілді және ұзартылды, олармен 3,2 млрд. тенге көлемінде салық алымдары төленді.

Сонымен қатар, корпоративішілік ауыстыру рәсімдерін жетілдіру көзделді. Шетелдік жұмыс күшін тартудың аталған түрі жалпыға бірдей қабылданған әлемдік стандарттарға сәйкестендірілген. 

ДСҰ-ның міндеттемелері бойынша корпоративішілік ауыстырулар квотадан тыс, бірақ рұқсаттар бойынша жүзеге асырылады. Мұндай рұқсаттар енді www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тегін негізде берілетін болады.

Екінші, үшінші санаттар бойынша кадрлардағы жергілікті қамту (ДСҰ-ның қатысушы елдерінің барлығына қолданылатын шарттар)50 %-ға дейін төмендетілді.

ОсығанбайланыстыҚазақстанРеспубликасыкөші-қонсаясатының 2017–2021 жылдарғаарналғантұжырымдамасыәзірленетінболады, оныңшеңберіндекөші-қонүрдістерінтиімдіреттеуге; тұрақтыдемографиялықдамудыжәнеелдіңбіліктіжұмыскүшінесұранысынқамтамасызетуге; елдіңмемлекеттікқауіпсіздігіннығайтуғабағытталғанжаңатәсілдердайындалады.

 

2.2-мақсатЕңбекқұқықтарыныңіскеасырылуынқамтамасызету

2015 жылғы 23 қарашада Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексі қабылданды. Оны іске асыруға 35 нормативтік құқықтық акті әзірленді және бекітілді.

Ағымдағы жылы, өткен жылдағы сияқты, әлеуметтік-еңбек қатынастарының барлық субъектілерінің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жаңа Еңбек кодексі бойынша түсіндіру жұмысы белсенді жалғастырылып жатыр.

Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексінің ережелерін сараптамалық түсіндірудің кешенді жоспары іске асырылады, мұнда әлеуметтік әріптестер белсенді қатысушылар болып табылады.

Министрлік жыл сайын еңбек заңнамасының негіздерін жұмыскерлерге оқыту бойынша тендер жүргізеді, ұтып алған ұйымдар өңірлерде оқыту семинарларын өткізеді. Бұдан басқа, жаңа Еңбек кодексінің талаптарын есепке ала отырып, «Келіссөздер жүргізу және еңбек дауларында ымыраға қол жеткізу дағдыларын дамыту», «Еңбек заңнамасының негіздері» тақырыптарына оқу материалдары мен мемлекеттік және орыс тілінде 8 арнайы тақырып бойынша буклеттер әзірленді, олар кәсіпорындардың жұмыскерлері мен мамандарына үлестіріп беру үшін өңірлерге жіберілді.

Оқыту бойынша барабар жұмысты мемлекеттік еңбек инспекторлары орындарда жүргізеді.

Нәтижесінде 2016 жылы 172 мың жұмыскерді қамти отырып, 5,5 мыңнан астам семинар өткізілді. Ағымдағы жылы 795 семинар жүргізілді.

Министрлік жаңа Еңбек кодексінің негізгі ережелері бойынша құқық қолдану тәжірибесіне талдау жүргізеді.

Жаңа Еңбек кодексіндегі жаңа өзгерістердің бірі ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер құру болып табылады. 2016 жылы республиканың кәсіпорындарында 11 215 еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер құрылды (2017 жылдың 5 ай қорытындысы бойынша – 1197).

Ерікті декларациялау аясында өткен жылы жұмыс берушілердің қызметі бойынша 60 сенім сертификаты берілді (2017 жылдың 5 ай қорытындысы бойынша – 8). 1476 еңбек қауіпсізідігі мен еңбекті қорғау бойынша халықаралық стандарттар енгізілді.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбек жағдайы бойынша өндірістік объектілерді аттестациялау қызметіне талаптар күшейтілді, жаңа Еңбек кодексі аттестациялау қызметін өткізуге тек мамандандырылған ұйымдардың құқығын көздейді. 2016 жылдың қорытындысы бойынша республикамызда 1852 өндірістік объектілер аттестатталған, 2017 жылдың 1 сәуірдегі жағдайы бойынша – 274 объекті.

Ұжымдық еңбек дауларының алдын алу мен шешу мәселелері жөнінде өңірлік және салалық кеңестер құрылып жатыр. Сотқа дейін қарастыру тәртібінде оларды шешу практикасы басталды, 2016 жылы медиаторлармен 778 еңбек (жеке және ұжымдық) даулары шешілді.

Жалпы алғанда еңбек қатынастары саласындағы жағдай елде тұрақты.

Әлеуметтік шиеленістің алдын алу және әлеуметтік-еңбек қақтығыстарын шешу жөніндегі кешенді жоспары (бұдан әрі - Жоспар) іске асырылуда. Жоспар шеңберінде ай сайын Еңбек жанжалдарының картасы қалыптастырылады, онда еңбек ұжымдарындағы шиеленістің деңгейін айқындауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесі мен критерийлері айқындалды.

Әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссиялар (190) мен дағдарысқа қарсы штабтар (132) өңірлерде өз жұмысын белсенді жүргізеді. 2016 жылдан бастап  2017 жылғы мамыр аралығында 322 отырыс өткізілді, дағдарысқа қарсы штабтардың отырысына кәсіпорындардың 811 басшысы шақырылды.

2017 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 айдан астам мерзімінен өткен жалақы берешегі 323,3 млн. теңгені құрады. Ден қою шаралары нәтижесінде 2016 жылы 6,8 млрд. теңге өтеліп, 48 мың жұмыскердің құқықтары қорғалды. Ағымдағы жылы 1 маусымдағы жағдай бойынша 1,4 млрд. теңге төленіліп, 10 мыңға жуық жұмыскердің құқықтары қорғалды.

Өндірістегі жазатайым оқиғалардың төмендеуі байқалады (2016 жылы өндірісте 1683 адам зардап шекті, 2015 жылды – 1723 адам, 2017 жылдың 5 ай қорытындысы бойынша – 621 адам, 2016 жылдың 5 ай қорытындысы бойынша – 652 адам). Өндірістегі адам өлімінің саны бойынша оң динамика байқалуда.

Еңбек заңнамасының сақталуы бойынша бақылау 2010 жылдың басында енгізілген тәуекелдерді бағалау жүйесінің (ТБЖ) негізінде жүзеге асырылады. 2016 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 10 734 тексеру жүргізіп, оның нәтижесінде 18,4 мың еңбек заңнамасының бұзушылықтарын анықтады. Анықталған бұзушылықтар бойынша заңды тұлғалар мен лауазымды тұлғаларға мемлекеттік еңбек инспекторлары 603,5 млн. соманы құрайтын 4,1 мыңнан астам айыппұл салды. Ағымдағы жылдың 5 ай қорытындысы бойынша 4197 тексеру нәтижесінде 6392 бұзушылық анықталды, нәтижесінде 204,9 млн. соманы құрайтын 1439 айыппұл салды.

Бұдан басқа, әкімдіктер мен өндірістік кәсіпорын басшылары арасында өндірістік процестерді тұрақтандыру, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерінің сақталуы, жұмыстан босатылатын қызметкерлерді әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту  мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар бекіту жұмысы жалғасуда (2015 жылдың ақпан айында басталған). Қазіргі таңда республика бойынша 114,2 мың меморандум жасақталған.

Еңбек жанжалдарының күрт өсуі байқалмайды (2017 жылдың 5 айында – 3 жағдай, 2016 жылдың 5 айында – 2 жағдай).

Алдағы уақытта біз:

  • жұмысшылардың және жұмыс берушілердің арасында жаңа еңбек заңнамасының негіздеріне түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз;
  • әлеуметтік әріптестікті күшейту мәселесі бойынша халықаралық сарапшылармен кездесулер жоспарлануда;
  • сондай-ақ, жаңа Еңбек кодексінің негізгі бағыттарына құқықтық қолдануға сараптама жүргізу жалғасын табатын болады.

Әлеуметтік әріптестік жүйесі дамуда. 2015-2017 жылдарға арналған Бас келісім аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері еңбекті қорғау және еңбек жағдайының қауіпсіздігі жөніндегі мәселелерді шешу мақсатындағы міндеттемелерді қабылдады. Осыған ұқсас ережелер салалық және өңірлік үшжақты келісімдерде белгіленеді.

2017 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша ұжымдық шарт жүйесімен 75,2 мың кәсіпорын немесе жұмыс істейтін кәсіпкерліктің 33,7%-ы қамтылған. Ірі және орта кәсіпорынның 89,3%-ында  ұжымдық шарт жасалған.

Мемлекет басшысы бекіткен «Парыз» конкурсын өткізу жұмыс берушілерді әлеуметтік жауапкершілікті дамытуға ынталандыру және көтермелеу шарасы болып табылады. 2016 жылы конкурс 9-ыншы рет өткізіліп, конкурстың «Парыз» Гран-при» ең жоғары жүлдесі «Ақсайгазсервис» АҚ-ға (Батыс Қазақстан облысы) берілді.

Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту бойынша жұмыс жалғасуда.

2016 жылдың 1 қаңтарына республикада экономиканың барлық басым салаларын қамтитын 449 кәсіптік стандарт әзірленді.

2016 жылы жаңа Ұлттық біліктілік шеңберінің қайта қаралуына және бекітілуіне байланысты, мемлекеттік органдар әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық кеңестерімен бірлесіп салалық біліктілік шеңберлерін қайта қарау жөніндегі (2016 жылы – 23-і бекітілген) жұмыс жалғасуда, оларды әзірлеу және бекіту жөніндегі әдіснамалық нұсқаулықтар қайта қаралды.

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Халықаралық қайта құру және дамыту банкі арасындағы «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жаңа бірлескен жобасы шеңберінде 2020 жылға дейін шамамен 550 кәсіптік стандартты, оның ішінде шамамен 15 басым түрі бойынша 70 кәсіптік стандартты ағымдағы жылы жаңарту және әзірлеу жоспарлануда.

Қызметтер классификациясын толықтыру мақсатында, еңбек ресурстарын статистикалық есепке алу қажеттіліктеріне жауап беруге, кадрларға деген қажеттілікті болжауға және Ұлттық жүйенің толық енгізілуіне (ISKO халықаралық сыныптауышын және Сингапурлық үлгіні ескере отырып) жаңа ұлттық кәсіптер сыныптауышы әзірленіп бекітілді, ол 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазіргі таңдағы жаһандық экономиканың тұрақсыздығы жағдайында еңбек қатынастары шеңберінде жеке проблемалық мәселелер сақталуда, республика кәсіпорындарында жұмыскерлердің жұмыстан босатылу, еңбек жанжалдарының орын алу қаупі бар, жалақы берешегі сақталуда.

Сондықтан, Министрлік әкімдіктермен, кәсіподақтармен және жұмыс берушілермен бірлесіп, еңбек саласындағы тұрақсыздандыруды болдырмау бойынша шараларды жалғастыратын болады:

  • ескерту-алдын алу сипатындағы кәсіпорындарға бару түріндегі өзге де нысандарды  қоса еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейту;
  • Еңбек кодексінде көзделген еңбекті қорғауды басқарудың жаңа механизмін енгізу жолымен әлеуметтік әріптестік механизмін күшейту (еңбек қауіпсізідігі мен еңбекті қорғау бойынша өндірістік кеңестер; жұмыс берушілердің қызметін декларациялау);
  • еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласы бойынша кәсіптік тәуекелдерді басқару жүйесі бөлімі бойынша еңбек заңнамасын жетілдіру (еңбек жағдайы бойынша өндірістік объектілерді аттестациялаудан өткізу тәртібі; еңбек жағдайларын топтастыру, өлшеу әдістерін жетілдіру).

- жұмыскерлердің жұмыстан босатылу қаупі бар кәсіпорындардағы ахуалға осы жұмыскерлерді бұдан әрі жұмысқа орналастыру бойынша шараларды уақытында қабылдау үшін мониторинг жүргізу;

- ден қою шараларын қолданумен жалақы берешегіне апта сайын мониторинг жүргізу;

- ай сайынғы негізде, республикалық Еңбек қатерлері картасын қалыптастыру – өңірлерде және кәсіпорындардағы еңбек қатынастарындағы жағдайға мониторинг жүргізу, еңбек дауларын алдын алу шараларын жүргізу және қатерлерді анықтау.

 

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon spravka_kaz.doc333.45 KB
29 маусым, 2017 - 16:45 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші