check

You are here

2017 жылдың сәуір айының 1-ші күніне мемлекеттік әлеуметтік көмектер туралы

   Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК)

      Аймақтық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының мәліметтері бойынша  2017 жылдың 1 сәуіріне аз қамтылған отбасылар қатарындағы 15,3 мың азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.     Атаулы әлеуметтік көмектің санында  69,3 пайызы - балаларға, 4,6 пайызы-халықты жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздарға, 7,8 пайызы - жұмыс істейтіндерге,  0,3 пайызы - зейнеткерлерге,1,3 пайызы - мүгедектерге, 2,6 пайызы - студенттер, тыңдаушылар, күндізгі бөлімде оқитын курсанттар және де магистратура мен аспирантураны қосқанда, 13,7 пайызы  - балалар күтімімен отырған тұлғаларға,   0,4 пайызы - басқада (80 жастан асқан тұлғалар мен I -II топтағы мүгедектерді күтіп отырған азаматтарға) және т.б. тағайындалған.      Республика  бойынша  аталған көмектің 1 алушыға ай бойындағы орта  есептік мөлшері  3983,3 теңгені құрайды. Атаулы әлеуметтік көмекке бөлінген  қаражаттың  52,7 пайызы  ауыл тұрғындарына төленді.

18 жасқа дейінгі балаларға  берілген мемлекеттік жәрдемақы (БМЖ)

        Аймақтық  жұмыспен  қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқарма-ларының  мәліметтері бойынша 2017 жылдың сәуір айының 1 күніне  мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған балалар саны 413,8 мың адамды құрайды. Оның ішінде  ауыл тұрғындардың үлесі 68,8 пайыз. Мемлекеттік әлеуметтіктің көмектерге (АӘК, БМЖ, тұрғын үй көмегі) тағайындалған  қаржының 83,4 пайызы 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысына арналған.Республика  бойынша  БМЖ  1 алушыға ай бойындағы орта  есептік мөлшері 2336,0 теңгені құрайды. Аталған мемлекеттік жәрдемақыға  бөлінген  қаражаттың  70,9 пайызы  ауыл тұрғындарына жіберілген.

Тұрғын үй көмегі

       Аймақтық  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқарма-ларының   жедел мәліметтері бойынша 2017 жылдың сәуір айының 1 күніне тұрғын үй көмегі 55,9  мың отбасына  тағайындалды.   Тағайындалған тұрғын үй көмегінің үлесі  барлық мемлекеттік әлеуметтік көмектердің (АӘК, БМЖ, тұрғын үй) ортақ санынан 11,3 пайызды құрайды. Аталған көмектің  бірайлық ортақ мөлшері 5452,8 теңге.

Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау

        Аймақтық  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  басқарма-ларының    мәліметтері бойынша 2017 жылдың сәуір айының 1 күніне үйде тәрбиеленетін және үйде оқитын мүгедек-балаларға материалдық көмек 11,1 мың балаларға тағайындалған. Осы  көмектің  үлесі барлық мемлекеттік әлеуметтік көмектердің ортақ санының 2,2 пайызын құрайды. Аталған көмектің  ортақ мөлшері 5386,5 теңге. Көмектің мемлекеттік жәрдемақыға  бөлінген  қаражаттың  47,8 пайызы  ауыл тұрғындарына жіберілген.

 

Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК)

18 жасқа дейінгі балаларға  мемлекеттік жәрдемақы (БМЖ)

Тұрғын үй көмегі

Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау

алушылар (мың. адам)

орташа мөлшері (теңге)

алушылар (мың. адам)

орташа мөлшері (теңге)

алушылар (мың. отбасы)

орташа мөлшері (теңге)

алушылар (мың. адам)

орташа мөлшері (теңге)

Қазақстан

15,3

3983,8

413,8

2336,0

55,9

5452,9

11,1

5386,5

 

12 мамыр, 2017 - 16:56 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші