check

You are here

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 1283 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 желтоқсандағы № 1930 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 1283 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жыл ғы 19 желтоқсандағы № 1930 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жерасты және ашық кен жұмыстарындағы, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 Тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 желтоқсандағы № 1930 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

1) тақырыбы «№ 1 Тізімін» сөздерден кейңн «дәне Еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 2 Тізімін» деген сөздермен толықтырылсын;

2) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған:

1) Жерасты және ашық кен жұмыстарындағы, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 Тізімі 1-қосымшаға сәйкес;

2) Еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 2 Тізімі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.»;

3) көрсетілген қаулыға қосымшадағы «қосымша» деген сөздің алдынан «1-» деген санмен толықтырылсын;

4) осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов

Бөлімдер:
26 қаңтар, 2008 - 00:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші