You are here

«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Жұмыспен қамту орталықтарын дамыту үшін үздік халықаралық тәжірибені қарату

2017 жылғы сәуірде «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы шеңберінде Дүниежүзілік Банктің халықаралық сарапшысы, мемлекеттік жұмыспен қамту қызметтерін дамыту саласындағы мамандығымен Жаклин Мацца ханым қаратылды, оның мақсаты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Жұмыспен қамту орталықтарын реформалау және дамыту бойынша консультациялық көмек көрсету.

Астанаға танысу сапары кезінде Жаклин Мацца Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсеновамен кездесті, сондай-ақ Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығына және «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ға барды.

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халыққа қызмет көрсету және жұмыс берушілермен ынтымақтастықты жақсарту саласында қызмет сапасының артуына және Жұмыспен қамту орталықтарының мандатын кеңейтуге бағытталған Жұмыспен қамту орталықтарды реформалау үшін белсенді іс-қимылдар қабылдайды» - деп Министрліктің Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаментінің директоры Бақытжан Саркеев атап өтті.

Өз кезегінде Жаклин Мацца, мемлекеттік жұмыспен қамту қызметтерін реформалау бойынша негізгі үрдістер мыналарды камтитынын атап өтті:

«Белгіленген дамыту үлгісі болмайтынын еске сақтаған маңызды, мемлекеттік жұмыспен қамту қызметтері үнемі ауысып тұрады. Негізгі сәт мемлекеттік жұмыспен қамту қызметтерінің әлеуметтік қызметтер үлгісінен тиімді бизнес-үлгілерге ауысуы болып табылады».

«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің шеңберінде іске асырылатынын еске саламыз. Жоба шеңберінде 20 мың жұмыссыздарға және нәтижесіз өзін-өзін жұмыспен қамтыған қазақстандықтарға еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес оқыту жүргізу жоспарланған. Қосымша 12,7 мың кәсіпорын қызметкерлері кәсіптік дағдыларды жетілдіру және еңбек өнімділігінің нәтижесін арттыру бойынша оқыту өтеді.

Жоба 2020 жылға дейін іске асырылады. Жобаның атқарушы агенттігі – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болып табылады.

12 сәуір, 2017 - 11:49 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші