check

You are here

Қарағанды облысы облыстық бюджетінің "Қарағанды металлургия комбинаты" мемлекеттік акционерлік қоғамының қызметкерлеріне 1995 жылғы қарашаға дейін қалыптасқан жалақы бойынша берешектің қалған бөлігін өтеуге 2008 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлі

Қарағанды облысы облыстық бюджетінің "Қарағанды металлургия комбинаты" мемлекеттік акционерлік қоғамының қызметкерлеріне 1995 жылғы қарашаға дейін қалыптасқан жалақы бойынша берешектің қалған бөлігін өтеуге 2008 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 шілдедегі N 707 Қаулысы


      "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына, "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1223 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қарағанды облысы облыстық бюджетінің "Қарағанды металлургия комбинаты" мемлекеттік акционерлік қоғамының қызметкерлеріне 1995 жылғы қарашаға дейін қалыптасқан жалақы бойынша берешектің қалған бөлігін өтеуге 2008 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2008 жылғы 18 шілдедегі
N 707 қаулысымен  
бекітілген      

 Қарағанды облысы облыстық бюджетінің "Қарағанды металлургия
комбинаты" мемлекеттік акционерлік қоғамының қызметкерлеріне
1995 жылғы қарашаға дейін қалыптасқан жалақы бойынша
берешектің қалған бөлігін өтеуге 2008 жылға арналған
республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы
трансферттерді пайдалану ережесі

      1. Осы Қарағанды облысы облыстық бюджетінің "Қарағанды металлургия комбинаты" мемлекеттік акционерлік қоғамының қызметкерлеріне 1995 жылғы қарашаға дейін қалыптасқан жалақы бойынша берешектің қалған бөлігін өтеуге 2008 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленді және 2008 жылға арналған республикалық бюджет қаражаты есебінен 021 "1995 жылғы қарашаға дейін құрылған "Қарметкомбинат" МАҚ-ы қызметкерлерінің жалақысы бойынша берешектің қалған бөлігін өтеу үшін Қарағанды облысының облыстық бюджетіне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қарағанды облысының облыстық бюджетіне төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды жүргізеді.

      3. "Қарағанды металлургия комбинаты" мемлекеттік акционерлік қоғамы қызметкерлерінің (бұдан әрі - "Қарметкомбинат" МАҚ, қызметкерлер) жалақысы бойынша берешектің қалған бөлігін өтеуге бөлінетін қаражатты төлеу "Қарметкомбинат" МАҚ-та жұмыс істеген және 1995 жылғы қарашаға дейін өз жалақысын толық көлемде алмаған адамдарға немесе олардың мұрагерлеріне жүргізіледі.

      4. Жалақы бойынша берешектің қалған бөлігін өтеу есебіне ақша қаражатын алуға құқығы бар қызметкерлердің тізімін (бұдан әрі - тізім) және берешек сомаларды айқындау мақсатында Қарағанды облысы әкімінің шешімімен:

      1) Қарағанды облысы әкімдігінің;

      2) "Қарметкомбинат" МАҚ;

      3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық департаментінің;

      4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің;

      5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті аумақтық бөлімшесінің;

      6) Қарағанды облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының;

      7) Қарағанды облысы бойынша Қаржы басқармасының өкілдерінен комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.

      5. Комиссияны төраға - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары басқарады.

      6. Комиссияның отырыстары, егер оған мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, заңды болып есептеледі.

      7. Шешім отырысқа қатысушылар санының кемінде үштен екісінің дауысымен ашық дауыс беріп қабылданады. Дауыстар тең болған кезде Комиссияның отырысына төрағалық етуші дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      8. Комиссияның жұмыс істейтін органы Қарағанды облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) болып табылады.

      9. Басқарма "Қарметкомбинат" МАҚ әкімшілігімен бірлесіп тізімге сәйкес "Қарметкомбинат" МАҚ қызметкерлерінің орналасқан жерін анықтау жөнінде шаралар қабылдайды және оларды жалақы бойынша берешектің тиесілі сомасын алуға өтініш берудің тәртібі туралы хабардар етеді.

      10. Жалақы бойынша берешек сомасын алу үшін қызметкерлер не олардың мұрагерлері осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті өтінішпен Басқармаға барады.
      Өтінішке мынадай құжаттардың:

      1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының (шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін шетелдіктің паспорты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі);

      2) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәліктің;

      3) Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің тіркеу нөмірінің;

      4) мұрагер болып табылатын адамдар үшін мұрагерлік құқығы туралы куәліктің көшірмелері қоса беріледі.
      Осы тармақтың 2) және 3) тармақшалары шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.
      Сондай-ақ өтінішті жоғарыда көрсетілген адамдардың өкілдері де беруі мүмкін. Мұндай жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат өтінішке қоса беріледі.

      11. Басқарма өтінішті тіркейді және өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы растама береді.

      12. Басқарма өтінішті қабылдаған күннен бастап он күн ішінде өтініш беруші тізімде болған жағдайда қаражатты төлеу туралы шешім шығарады. Өтініш беруші тізімде болмаған жағдайда Басқарма өтініш берген адамның тиісті төлемдерді алу құқығының бар не жоқ екенін анықтау үшін оның деректерін Комиссияға жолдайды, бұл туралы өтініш берушіні хабардар етеді және өтінішті қабылдаған күннен бастап бір ай мерзімде Комиссия шешімінің негізінде қаражатты төлеу немесе төлеуден бас тарту туралы тиісті шешім шығарады. Бас тартқан жағдайда бас тарту себебін көрсете отырып, бұл туралы өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      13. Бас тарту үшін:

      1) Комиссия анықтаған тиісті төлемдерді алуға құқығының болмауы;

      2) өтінішке қоса берілетін құжаттар жиынтығының толық ұсынылмауы негіздеме болып табылады.
      Осы тармақтың 2) тармақшасына сәйкес бас тартуға негіз болған себеп жойылған жағдайда өтініш жалпы негізде қайта қаралады.

      14. Өтініш берушілерге тиесілі сомалардың мөлшері жөніндегі келіспеушіліктерді Комиссия қарайды.

      15. Комиссияның және Басқарманың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне заңнамада белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      16. Берешек сомасы өтініш берушінің өтінішінде көрсетілген өкініш деңгейдегі банктегі немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік операциялардың тиісті түрлеріне арналған лицензиясы бар ұйымдағы жеке шотқа аударылады.

      17. Басқарма Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану туралы есептерді ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде ұсынады.

      18. Бюджет қаражатының нысаналы және тиімді пайдаланылуына Қарағанды облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

                                Қарағанды облысы облыстық бюджетінің
                                "Қарағанды металлургиялық комбинаты"
                      мемлекеттік акционерлік қоғамы қызметкерлеріне
                               1995 жылғы қарашаға дейін қалыптасқан
                     жалақы бойынша берешектің қалған бөлігін өтеуге
                         2008 жылға арналған республикалық бюджеттен
                                          бөлінетін нысаналы ағымдық
                                  трансферттерді пайдалану ережесіне
                                                             қосымша

                          Қарағанды облысы
                          Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
                          бағдарламалар басқармасының бастығына
                          _____________________________________
                         (елді мекен, аудан, көше, үй немесе пәтер
                                          N, телефон)
                          _____________мекен-жайы бойынша тұратын
                          Жеке куәлігінің N_________________________
                          ____________________________________берген
                          Берілген күні_____________________________
                          ӘЖК N_____________________________________
                          СТН_______________________________________
                          __________________________________________
                          __________________________________________
                           (Өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты)

                           Өтініш

      Маған "Қарметкомбинат" МАҚ істеген кезеңде 1995 жылғы қарашаға дейін қалыптасқан жалақы бойынша _________ теңге мөлшерінде
берешек соманың төленуін сұраймын.
      Банктегі __________________ шотқа
      Банк реквизиттері ____________________________________________
      ______________________________________________________________
      Жалған ақпарат және анық емес (жалған) құжат ұсынғаным үшін жауапкершілікте болатыным туралы ескертілді.

                  2008 ж. "__"______________ _______________________
                                              (Өтініш иесінің қолы)

      Құжаттар қабылданды
      2008 ж. "__"_________ ________________________________________

                  (Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә. мен қолы)
      ________________________________________________________
                              (қию сызығы)

      Жалған ақпарат және анық емес (жалған) құжат ұсынғаным үшін жауапкершілікте болатыным туралы ескертілді.
      Өтініш иесінің қолы _____________________
      Аз. _______________________ өтініші ____ дана қоса берілген құжаттарымен бірге 2008 ж. "__"____________________ қабылданды.
      Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы, қолы__________
      ______________________________________________________________

Бөлімдер:
26 қыркүйек, 2008 - 00:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші