check

You are here

Қазақстандықтар жыл басынан бері 43 млрд. теңге жуық сомада әлеуметтік жәрдемақы алды

жәрдемақы

2017 жылдың қаңтар-ақпан айларында республикалық бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 42,1 млрд. теңге қарастырылса, № 1 және № 2 тізімдері бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларға 0,9 млрд. теңге бөлінді. 

Қазіргі уақытта мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны 505,3 мың адамды құраса, асыраушысынан айырылған жағдайда 171,5 мың адамды, жасына қарай 3,3 мың адамды байқатуда.

Аталған кезеңдегі мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың орташа көлемі:  мүгедектік тұрғысында – 32 мың 28 теңге; асыраушысынан айырылған жағдайда – 28 мың 770 теңге; жасына қарай – 12 мың 719 теңге.

Сонымен қатар, 2017 жылдың 1 наурызындағы дерекке сәйкес, елімізде № 1 және № 2 тізімдері аясында мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алушылар саны 20,6 мыңды көрсетуде.

Ағымдағы жылдың басынан есептегенде, № 1 және № 2 тізімдері бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар көлемі тиісінше 21 мың 374 теңгеге және 19 мың 15 теңгеге көтерілді. 

 

27 наурыз, 2017 - 12:36 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші