X
egov

You are here

Зейнетақы

Құрметті Тамара Дүйсенова!

  Мен Сақтаганова Қалдыгүл, Қызылорда облысы Теренозек ауданында 1951 жылы туылдым. Еңбек өтілім 1972 жылдан бастап 2010 жылға дейін, 38 жылды құрайды. 2004 жылы 5 баламен зейнетақыға шықтым. Қазіргі таңда,  2017 жылдың 1 қантарынан бастап зейнетақым 41000 теңге құрайды. Сізден өтініп көмек сұрайтын мәселем осы алып отырған зейнет ақымды, 38 жыл еңбек өтіліме қарай қайта есептеп беруіңізді сұраймын. Менің наразылығым, жанымнын ауратыны, таныстарым 2015-2016  жылдары зейнетақыға шығып 60 мың, 70 мың теңге мөлшерінде алып жатыр. Өмір бойы, яғни 38 жыл  медсестра болып    жұмыс атқарып, қаншама қиындықтарды бастан өткізіп, 53 жастан жесір қалып, барлығына төзгенде, қартайған шағымда әділетсіз зейнетақы алып отырғаным - қалай болғаны? Маған зейнетақымды қайта есептеуге мүмкіндігі бар ма? Мұңымды оқыған үшінізге рахмет. Сұрағым жауапсыз қалмайды деп үміттенемін.

Қызылорда қаласы, Алмалы көшесі 94 үйінің тұрғыны Сақтағанова Қалдыгүл

Жауап: 

Салеметсіз бе!

Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, зейнетақы тағайындау кезінде ұсынатын еңбек өтілі мен (еңбек өтілі тек қана 1998 жылы 1 қаңтарға дейін есепке алынады) 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап (зейнеткерлік жасқа толғанға дейін) жұмыстағы үзiлiстерге қарамастан, қатарынан кез келген үш жыл iшiндегi орташа айлық табысын негізге ала отырып жүзеге асырылады.

Зейнетақы мөлшерлерін қайта қарау үшін Сіз тек зейнетақыны тағайындауда бұрын ұсынылған құжаттарыңызды толықтыратын еңбек өтілі мен табысы туралы құжаттарды тапсырған жағдайда ғана мүмкін.

Осыған орай, зейнетақыңызды қайта қарау үшiн, 1998 жылдан бастап еңбек өтіліңізді және зейнеткерлік жасыңызға толғаннан кейін жұмыс істеген кезеңдегі табыс туралы мәліметтерді алуға құқық негіздер жоқ.

Айта кететін жайт, 2018 жылғы шілде айынан бастап зейнетақымен қамсыздандырудың ынтымақты, сол сияқты жинақтаушы жүйелеріне қатысу өтілін ескере отырып, мемлекеттік базалық зейнетақыны қайта есептеу жүргізілетін болады.

Мысалы, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 50 пайызы мөлшерінде, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға арттырыла отырып, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 100 пайызынан аспайтын мөлшерде берілуі қарастырылып отыр.

орын. Кокушева Ж.

Сұрақтың нөмірі: 343576
27 ақпан, 2017 - 15:51 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші