You are here

2016 жылғы Сарбасовтың А.А. бағасы

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

№ п/п

Бағаланатын көрсеткіштер

Балл (2-ден 5-ке дейін)

1

2

3

    Келісімді іске асыру

 1. Еңбек заңнамасын бұзудың алдын алу мен
жолын кесу және еңбек қауіпсіздігімен еңбекті
қорғауды қаматамасыз ету

Басымдық № 1

4

 2. Мемлекеттік саясатты іске асыру және
әлеуметтік қамсыздандыру саласында
бақылауды іске асыру

Басымдық № 2

4

 3. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс
күшін тартуды реттеуді жетілдіруге бағытталған
іс шараларды орындау және оралмандарды
әлеуметтік қолдау жүйесімен қамту бойынша
бақылауды қамтамасыз ету

Басымдық № 3

5

Орташа балл
(көрсеткіштер санына бөлінген барлық баллдардың сомасы)

4,3

Кәсіби деңгей мен тұлғалық қасиеттер

1

Лауазымдық міндеттерін орындау

4

2

Ұжымда қолайлы моральды-психологиялық климат құруға бағытталуы

5

3

Қызмет этикасын сақтауы

5

4

Мемлекеттік органның ұжымдық мәдениетін дамытуға үлесі

5

Орташа балл
(көрсеткіштер санына бөлінген барлық баллдардың сомасы)

4,75

ҚОРЫТЫНДЫ БАҒА

4,48

 

Уәкілетті тұлғаны жүргізген басшы

Т.А.Ә.  Дүйсенова Тамара Босымбековна

Лауазымы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі

Қолы ___________________________Күні _________________________________

Нәтижелерімен таныстым:
Т.А.Ә.   Сарбасов Акмади Адилович
Лауазымы      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы

Қолы ___________________________Күні _______________________________
Келіспеген жағдайда негізі ______________________________________

 

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің

қызметі туралы пікір

 

Ақмәди Әділұлы Сарбасов

Бағалау кезеңі - 2016 жыл

                     (бағалау кезеңі көрсетіледі)

Бағалау кезеңіндегі қызметі бағаланды

__________________________________________________________________

(«А» корпусы қызметшісінің бағалау кезеңіндегі бағасы көрсетіледі)

1. Комитет әлеуметтік-еңбек дауларының алдын алу және оларды шешу; жалақы бойынша берешек, жұмыскерлерді жұмыстан босату бойынша тәуекел, сондай-ақ меморандумдар жасасу бойынша жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы ахуалға тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.

Жалпы өндірістік жарақаттың деңгейі 2015 жылмен салыстырғанда 14,2 %-ға, оның ішінде адам өліміне әкеп соққандар 1,2 %- ға төмендеді.

Еңбек қауіпсізідігі мен еңбекті қорғау жүйесі бойынша шешімдері жұмыс берушіге міндетті болып табылатын еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестерді құру арқылы еңбек қауіпсіздігімен және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыру бойынша жаңа тәсілдер енгізілуде. 2016 жылы республика кәсіпорындарында 11215 өндірістік кеңестер құрылды.

Жұмыс берушілерді ынталандыру үшін олардың қызметін еңбек заңнамасының талаптарына сәйкестігін ерікті түрде декларациялау рәсімі жүргізілуде.  

2. Халықтың көші-қоны саласында 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізге жоғары білікті мамандардың еркін нарығын құру идеясына негізделген шетел жұмыс күшін тарту жөніндегі түбегейлі жаңа бағыттар қолданысқа енгізілді. Өңірлік қажеттілікке және экономикалық тиімділікке нысаналанған шетел жұмыс күшін квоталау бағыты өзгертілді, тартылған қызметкердің біліктілігін төмендете отырып рұқсат құнын өсіру қағидаты бойынша жұмыс рұқсатының сараланған ақылылығы енгізілді. Дүние жүзілік сауда ұйымы шарттарымен және қағидаттарымен келісілген корпоротивішілік ауысулар шеңберінде шетел жұмыс күшін тартудың жаңа құралы енгізілді. 

Алматы процесі шеңберінде Орта Азияның 7 мемлекеті және 3 елден бақылаушылардың қатысуымен жоғарғы лауазымды тұлғалардың кездесуі ұйымдастырылды.

Этникалық көші-қон бөлігінде өңірлік еңбек нарығындағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды ескере отырып, еліміздің жекелеген өңірлерінде оралмандар мен ішкі көшіп-қонушыларды квоталау енгізілді.

3. Әлеуметтік қамсыздандыру саласында 2016 жылы 4 млн. астам азаматқа мемлекеттік қызмет көрсетілді. 2016 жылы 52,2 мың адамға мүгедектік алғаш рет белгіленді. 91,9 мың мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы әзірленді.

Комитет мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын сақтау мен кедергісіз қолжетімділік мәніне тұрақты негізде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруда.

Есептік кезеңде 370 тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 335 субъектіге тәртіп бұзушылықтарды жою бойынша нұсқама беріліп, 182 субъектінің лауазымды тұлғаларына 26,1 млн. теңге көлемінде әкімшілік жазалау шаралары қолданылды.

Сонымен қатар, Комитет жыл сайынғы «Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» көрмесін ұйымдастыру мен өткізу бойынша жұмыстар жүргізді.

 

 

Министр                                                                                      Т. Дүйсенова

10 ақпан, 2017 - 10:29 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші