You are here

«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы
№ 523 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 3,
36-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізудің ережелерінде:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Конкурстың ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы (бұдан әрі – ұйымдастырушылар) болып табылады.»;

8-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) жыл сайын 1 қазанға дейін – әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялардың алдын ала қорытындыларын және конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін бір данада Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жергілікті атқарушы органдардың жіберуі;»;

10-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген нысанда толтырылған және оның интернет-ресурсында орналастырылған сауалнама болуы тиіс.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялардың алдын ала қорытындыларын қарағаннан кейін түпкілікті қорытынды жасап, оны үміткерлердің материалдарымен бірге Комиссияның қарауына ұсынады.»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Бұқаралық ақпарат құралдарында конкурсты өткізу туралы хабарландыруды, оның үміткерлерінің әлеуметтік мәселелерді шешудегі жетістіктерін, конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімін, сондай-ақ лауреаттар тізімін жариялау Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жәрдемдесуімен жүзеге асырылады.»;

2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде:

8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болып табылады.»;

3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссияның лауазымдық құрамында:

мына жолдар:

«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі – төрағаның орынбасары

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры - Комиссия хатшысы»

мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі – төрағаның орынбасары

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры - Комиссия хатшысы».

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының                      

          Президенті                                                                                   Н.Назарбаев

 

 

 

Астана, Ақорда, 2017 жылғы

                           

Бөлімдер:
3 ақпан, 2017 - 18:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші