You are here

Бала тууына және бала күтімі бойынша берілетін жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызметі

Мемлекет басшысының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында он бағыт бойынша бірқатар тапсырмаларды, соның ішінде төртінші «Халыққа мемлекттік қызмет көрсетулердің сапасын арттыру» бағыты бойынша тапсырманы орындауға берген.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халқыты әлеуметтік қорғау министрлігі адамның туғанынан бастап оның барлық өмір сүру кезіндегі әлеуметтік қорғау бойынша конституциялық кепілдіктерін жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда 1,6 миллионнан астам адам біздің Министрліктің  қызметтерін алуда. Барлық мемлекеттік қызметтердің түрін алушылар таңдауы бойынша Мемлекеттік корпорациясы немесе электрондық Үкімет порталы арқылы алуға болады.

Былтырғы жылы, өткен жылдары сияқты балалы отбасыларға арналған қызметтердің түрлері бірқатар басымды болды. Балалы отбасыларға арналған қызметтер, ана мен баланы әлеумттік қолдаудың жүйесін құрайды.  

Республикалық бюждеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыс істемейтін және жұмыс істейтің әйелдерге арналған қызметтердің бірқатар түрлері қарастырылған.

Осылайша, 2017 жылы бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы мөлшері – 71 269 теңге 31,41 айлық есептік көрсеткішті, ал төртінші және одан кейінгі бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы – 118 782 теңге 52,35 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

2016 жылы аталған мемлекеттік қызметті 438,1 мың алушыларға, оның ішінде 16 мың алушыға электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілді, аталған сандар 2015 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 9 %-ға (2015 жылы – 399,1 мың алушыға 27 313,6 теңгеге қызмет көрсетілді) арттырылды, оларға бөлінген қаржының сомасы 32 340,8 млн. теңгені құрайды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы мөлшері 20%-ға ұлғайтылады.

Сонымен қатар, жұмыс істемейтің әйелдерге тағайындалатын баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша жәрдемақы мөлшері дифференциялды түрде тағайындалады. Ол балалардың санына қарай 5,79 АЕК-тен 8,90 АЕК-ке дейінгі мөлшерде, 13 мың 069 теңгеден 20 мың 194 теңге мөлшеріне дейін.

Өткен жылы аталған қызмет көрсету үшін Республикалық бюджеттен 30 981,7 млн.теңге бөлінді, ол 143,3 мыңнан астам азаматтарға көрсетілді (2015 жылы 142,3 мың алушыларға - 28 565,4 млн.теңге).

Жұмыс істейтің әйелдерге аталған қызметтің түрлері баланың босануына дейінгі кезеңнен басталады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қатысушысы болып табылатың аналар, жүктілігі және босануына байланысты әлеуметтік төлем түрлерін алуға құқылы. Бала туғанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан баланың бір жасқа толуына байланысты әлеуметтік төлемді тағайындау қарастырылған.

Аталған екі әлеуметтік төлемнің мөлшері Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүйесінің қатысу өтіліне және аударылатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен байланысты болады.

28 қаңтар, 2017 - 13:13 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші