check

You are here

2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 10 мыңнан астам азамат микрокредит алды

дкз

 «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру мен тірек ауылдарын кешенді түрде дамытуды қарастыратын (әрі қарай – «»ЖҚЖК 2020) екінші бағытын жүзеге асыру аясында 10 мың 99 адам микрокредит алды. Оның ішінде 421 адам микрокредитті қайтарылған қаражат есебінен рәсімдеді.

Микрокредит алған адамдардың 56% немесе 5 мың 677-сі өз ісін ашып, кәсіпкер атанса, қалған  44% немесе 4 мың 422 адам қолданыстағы бизнесінің аясын кеңейтті. Ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беріп, оған 8 мың 821 адам қосымша жұмысқа орналастырылды.

Сонымен бірге, бағдарламаның екінші бағытының аясында 3 мың 743 адам кәсіпкерліктің негіздері бойынша оқуларын аяқтады. 

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы «»ЖҚЖК 2020» бағдарламасының аталған бағытын жүзеге асыру мақсатында 31 млрд. теңге бөлінді. 

 

18 қаңтар, 2017 - 15:00 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші