Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми деректері бойынша 2016 жылғы 1 желтоқсандағы салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны 9 846 571 бірлікті құрады, мұнда 6 636,9 млрд.теңге, оның ішінде:
міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен – 9 412 426 шотта 6 536,7 млрд.теңге;
ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен – 36 598 шотта 1,7 млрд.теңге;
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен – 397 547 шотта 98,5 млрд.теңге шоғырланған.