You are here

жалпы конкурс

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға хабарландыру (жалпы конкурс)

 

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына білім мен тәжірибе бойынша үлгілік біліктілік талаптары:

С-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-2, C-2, C-O-1, D-2, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-2,
C-2, C-O-1, D-2, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

 3) мемлекеттік қызмет өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдардың аға басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың аға офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;*

5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-2, C-2, C-O-1, D-2, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

6) ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.*

С-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4,
С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;*

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.*

С-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына қелесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, С-5,
C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;*

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.*

 

С-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:

 

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-1

289629

391105

С-3

154071

208205

С-4

138248

186551

C-5

104102

140746

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Орынбор көшесі, 8-үй, анықтама телефондары 8 (7172) 74-32-27, 74-28-18, факс 74-33-45, e-mail: a.kairbekkyzy@mzsr.gov.kz «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

 

1.                Халықты жұмыспен қамту департаментінің директорына, С-1 санаты. 11-1

Функционалдық міндеттері:  департамент жұмысын жалпы басқару, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының департамент құзырына кіретін мәселелер жөніндегі тапсырмаларының орындалуын бақылау және тексеруді жүргізу, жұмыспен қамту саясатын жетілдіруге және еңбек нарығын реттеуге бағытталған заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге, министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларын әзірлеуге басшылық жасау,   Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылардың дайындалуын қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлеуметтану, менеджмент) немесе қызметтер (әлеуметтік жұмыс) немесе  техникалық ғылымдар және технология (автоматтандыру және басқару, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік моделдеу, мұнай-газ ісі,  металлургия, машина жасау, көлік, көлік техникасы және технологиялары, аспаптар жасау, жылу энергетикасы, электр энергетикасы, радиотехника, электроника  және телекоммуникациялар, техникалық физика, техникалық машиналар және жабдықтар, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру, құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру, гидротехникалық құрылыс және ғимарат) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істей білу.

 

2.                Стратегиялық даму департаментінің директорына (19.04.2017 ж. дейін, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыстың кезеңіне), С-1 санаты. 16-1

Функционалдық міндеттері: Департамент қызметіне жалпы басшылық, департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының шешімдері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау және тексеруді жүзеге асыру, департаменттің құзыреті шеңберінде нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге басшылық, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау саласында стратегиялық құжаттарды және оперативтік жоспарларды, ақпараттық-талдау материалдарын  әзірлеуді және дайындауды бақылау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру бойынша Министрліктің қызметінің тиімділігін жыл сайын бағалау бойынша жұмысына басшылық, Министрлік басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, әлемдік экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент, маркетинг, әлеуметтану) немесе жаратылыстану ғылымдары (информатика, математика) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету  математикалық және компьютерлік моделдеу) немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, дәрігерлік емдеу ісі, стоматология, педиатрия) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуі, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істей білу.

 

3.                Медициналық қызметтерді стандарттау департаменті медициналық қызметтердің сапасын реттеу басқармасының басшысына, С-3 санаты. 09-01-01

Функционалдық міндеттері: басқарма қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру және ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарын аккредиттеу саласында ұлттық саясаттың әдістемелік негіздерін айқындау: аккредиттеу алдындағы дайындық, сыртқы кешенді бағалау, медициналық ұйымдардың өзін-өзі бағалау және аккредиттеуден кейінгі мониторингі жүргізуге қойылатын әдістемелік тәсілдерді жаңғырту; қолданыстағыны жетілдіру және медициналық ұйымдарды аккредиттеудің жаңа стандарттарын әзірлеу; медициналық ұйымдардың қызметін аккредиттеуден кейінгі кезеңде бағалау индикаторларын әзірлеу және жетілдіру; денсаулық сақтау саласында аккредиттеу мәселесі бойынша халықаралық ынтымақтастыққа қатысу. Аккредиттеу мәселесі бойынша денсаулық сақтау саласы мамандарының әлеуетін жоғарылату:  медициналық ұйымдарды аккредиттеу мәселесі бойынша мамандарды оқытуда негізгі бағыттарды әзірлеу; медициналық ұйымдарды аккредиттеу және медициналық қызметтердің сапасын басқару мәселелері бойынша мамандарды оқытуға қатысу. Медицина қызметтерінің сапасын басқару және медициналық ұйымдарды аккредиттеу мәселесі бойынша оқу-әдістемелік тәсілдерді әзірлеуге қатысу. Медициналық ұйымдарды аккредиттеуді құқықтық реттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстарды талдау және әзірлеу. Медициналық қызметтердің сапасын басқару мәселесі бойынша ұсыныстарды әзірлеу. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтердің сапасына қанағаттанушылық дәрежесін айқындау бойынша сауалнама жүргізу әдісін әзірлеу және жетілдіру. Медициналық ұйымдарды аккредиттеу және медициналық қызметтің сапасын басқару саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша семинарлар, конференциялар, алқалар ұйымдастыру және өткізуге қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, дәрігерлік емдеу ісі, стоматология, педиатрия) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару)  мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істей білу.

 

4.                 Заң қызметі департаменті наразалық-талап жұмыстары басқармасының басшысына, С-3 санаты. 17-02-01

Функционалдық міндеттері: басқарманың жұмысына жалпы басшылық ету, Қазақстан Республикасы Президентінің, Республикасы Президенті Әкімшілігінің,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрік басшылығының басқарманың құзыретіне кіретін мәселелері жөніндегі шешімдер мен тапсырмалардың орындалуын бақылау және тексеру, ведомстволардың және Министрлік Комитеттерінің аумақтық департаменттері заң қызметінің жұмысын үйлестіру, сотта, сондай-ақ басқа да органдар мен ұйымдарда заңнамада белгіленген тәртіппен құқықтық мәселелерді қарау кезінде  министрліктің мүддесін білдіру, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшыларының тапсырмалары бойынша хаттар, материалдар мен қорытындылар дайындауды қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық (құқықтану, халықаралық құқық) мамандығы бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істей білу.

 

5.                Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті амбулаториялық-емханалық көмек басқармасының бас сарапшысына (06.10.2017 ж. дейін, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыстың кезеңіне), С-4 санаты. 05-01-02

Функционалдық  міндеттері: Туберкулезге қарсы қызметтің, В және С вирустық гепатиттері, ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес инфекциялық аурулар мәселелеріне жетекшілік ету. Туберкулезге қарсы қызметтің, В және С вирустық гепатиттері, ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес инфекциялық аурулар қызметін ұйымдастыру, талдау, жоспарлау және мониторингілеу. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту. Жетекшілік ететін бөлім бойынша конференцияларды, семинарларды, симпозиумдарды дайындауға және өткізуге қатысу. Басқарма құзыретіндегі мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, өтініштерін және шағымдарын қарау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, дәрігерлік емдеу ісі, стоматология, педиатрия) мамандықтары бойынша жоғары білім, мүмкіндігінше денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру бойынша немесе мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатының, біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істей білу.

 

6.                Ғылым және адами ресурстар департаменті медициналық білім және ғылым басқармасының бас сарапшысына (2 бірлік, 1 – 01.09.2017 ж. дейін, негізгі қызметкердің оқу демалысының кезеңіне), С-4 санаты. 06-01-03, 06-01-04

Функционалдық  міндеттері: басқарма сарапшыларының қызметін үйлестіру. Медициналық және фармацевтикалық білім  және ғылым жағдайы бойынша сараптама жүргізуді ұйымдастыру, медициналық және фармацевтикалық білім  және ғылым саласында негізгі заң актілерін, нормативтік құқықтық құжаттарын және бағдарламаларды әзірлеу және жетілдіру. Медициналық және фармацевтикалық білім  және ғылым мәселелерін жетілдіру бойынша медицина және фармацевтика білім және ғылым ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау. Медицина және фармацевтика кадрларын даярлауды, қолданбалы ғылыми-зерттеу бағдарламаларын орындау, инновациялық әзірлемелердің практикалық енгізу нәтижелерін талдау, мониторингілеу бойынша іс-шараларды іске асыру.  Медициналық және фармацевтикалық білімді және ғылымды жетілдіру мәселелері бойынша кеңестерді, конференцияларды, семинарларды ұйымдастыру және өткізу. Қызметтік  корреспонденциямен және азаматтардың өтініштерімен жұмыс. Денсаулық сақтау ұйымдарына жаңа медициналық технологиялардың трансферті бойынша іс-шаралар  ұйымдастыру (бірегей технологиялар).

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-профилактикалық іс, стоматология, педиатрия, емдеу ісі)  немесе білім (биология, химия) немесе жаратылыстану ғылымдары (биология, химия) мамандықтары бойынша жоғары білім, мүмкіндігінше ғылыми/академиялық дәрежесінің болуы, мүмкіндігінше ғылыми/академиялық дәрежесінің болуы, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуі, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істей білу.

 

7.                Медициналық қызметтерді стандарттау департаменті медициналық қызметтердің сапасын реттеу басқармасының бас сарапшысына (10.02.2018 ж. дейін, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыстың кезеңіне), С-4 санаты. 09-01-02

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарын аккредиттеу саласында ұлттық саясаттың әдістемелік негіздерін айқындау: аккредиттеу алдындағы дайындықты, сыртқы кешенді бағалау, медициналық ұйымдардың өзін-өзі бағалау және аккредиттеуден кейінгі мониторингі өткізудің әдістемелік тәсілдерін жаңғырту; қолданыстағыны жетілдіру және медициналық ұйымдарды аккредиттеудің жаңа стандарттарын әзірлеу; медициналық ұйымдардың қызметін аккредиттеуден кейінгі кезеңде бағалау индикаторларын әзірлеу және жетілдіру; денсаулық сақтау саласында аккредиттеу мәселесі бойынша халықаралық ынтымақтастыққа қатысу. Аккредиттеу мәселесі бойынша денсаулық сақтау саласы мамандарының әлеуетін жоғарылату: медициналық ұйымдарды аккредиттеу мәселесі бойынша мамандарды оқытуда негізгі бағыттарды әзірлеу; медициналық ұйымдарды аккредиттеу және медициналық қызметтердің сапасын басқару мәселелері бойынша мамандарды оқытуға қатысу. Медициналық қызметтердің сапасын басқару және медициналық ұйымдарды аккредиттеу мәселесі бойынша оқу-әдістемелік тәсілдерді әзірлеуге қатысу. Медициналық ұйымдарды аккредиттеуді құқықтық реттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстарды талдау және әзірлеу. Медициналық қызметтердің сапасын басқару мәселесі бойынша ұсыныстарды әзірлеу. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтердің сапасына қанағаттанушылық дәрежесін айқындау бойынша сауалнама жүргізу әдісін әзірлеу және жетілдіру. Медициналық ұйымдарды аккредиттеу және медициналық қызметтің сапасын басқару саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін құзіреті шегінде қара. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша семинарлар, конференциялар, алқаларды өткізу және ұйымдастыру. Орындаушылық және еңбек тәртіптерін ұстану, мамандардың жұмысына тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету.  

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, дәрігерлік емдеу ісі, стоматология, педиатрия) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару)  мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істей білу.

 

8.                Медициналық қызметтерді стандарттау департаменті стационарлық медициналық қызметтерді стандарттау басқармасының бас сарапшысына, С-4 санаты. 09-02-03

Функционалдық  міндеттері: тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде денсаулық сақтауды қаржыландыру саясаты, стационарлық медициналық қызметтерді стандарттау, денсаулық сақтауға қоғамның ортақ жауапкершілігін қамтамасыз ету тетіктері және медицина қызметкерлерін ынталандыру мәселелері бойынша нормативтік актілерді жетілдіру бойынша әзірлеу және ұсыныстарды енгізу бойынша, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша жұмыстарды орындау. Заңнаманы жетілдіруге, денсаулық сақтау саласында стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, денсаулық сақтау стандарттарын және денсаулық сақтау бюджетін құруға әзірлеуге қатысу. Саланы қаржыландыру жүйесін жетілдіру мәселесі бойынша денсаулық сақтаудың аумақтық органдарымен өзара іс-қимыл. Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Парламентіне анықтама, материалдар дайындауға қатысу. Қызметтік құжаттарды, хаттарды және азматтардың өтініштерін қарау, олардың іске асырылуын бақылау.  

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, дәрігерлік емдеу ісі, стоматология, педиатрия) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істей білу.

 

9.                Қаржы департаменті жиынтық жоспарлау, қаржыландыру және мониторинг басқармасының бас сарапшысына (06.06.2018 ж. дейін, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыстың кезеңіне), С-4 санаты. 18-01-02

Функционалдық  міндеттері: министрліктің алдағы қаржы кезеңіне, сондай-ақ республикалық бюджетті нақтылау/түзету кезінде ағымдағы кезеңге жиынтық бюджеттік өтінімін қалыптастыру; міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын қалыптастыру. Министрліктің Стратегиялық жоспарының «Бюджеттік бағдарламалар» деген 7-бөлімін қалыптастыру және оның орындалуы бойынша жиынтық есеп жасау. Республикалық бюджеттік бағдарламаларды, Министрліктің Стратегиялық жоспарын қалыптастыру және орындау бойынша талдамалық есептерді, баяндамаларды және көрнекі ақпараттарды дайындау. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында қаржыландыруды жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу.  

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, әлемдік экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істей білу.

 

10.           Қаржы департаменті ағымдағы нысаналы трансферттерді жоспарлау басқармасының бас сарапшысына (04.03.2018 ж. дейін, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыстың кезеңіне), С-4 санаты. 18-04-04

Функционалдық  міндеттері: жоспарланып отырған жылға ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша денсаулық сақтау және әлеуметтік - еңбек саласының бюджетін қалыптастыру (нақтылау) және мониторингі бойынша; алдағы қаржы жылына міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын қалыптастыру; әзірленетін нормативтік құқықтық актілерді және ағымдағы қаржы жылына ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен келісімдерді қаржылық сараптау; бюджеттен тыс қызметті жоспарлау бойынша; Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Парламентіне анықтамаларды, материалдарды және жоспарлау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау бойынша жұмыс. Жергілікті деңгейде денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау саласындағы органдарға өз құзыреті шегінде  жоспарлау, бюджеттен тыс қызмет мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Құзыреті шеңберінде жергілікті деңгейде денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау органдарымен, мемлекеттік органдармен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл.  

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, әлемдік экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істей білу.

 

11.           Мемлекеттік сатып алу және активтер департаменті мемлекеттік активтер және ведомстволық бағынысты ұйымдармен жұмыс басқармасының бас сарапшысына (04.08.2019 ж. дейін, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыстың кезеңіне), С-4 санаты. 20-02-06

Функционалдық  міндеттері: мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың (мемлекеттің қатысуымен) даму жоспарларын және олардың орындалуы бойынша есептерін қарау, келісу және бекітуге дайындау, акционерлік қоғамдардың, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жылдық қаржылық есебін бекітуге дайындау,  жетекшілік ететін ведомстволық бағынысты акционерлік қоғамдардың Директорлар кеңесінің, Байқау кеңесінің отырысына ұсынылған материалдарды қарау және олар бойынша қорытынды дайындау, Министрлікке бағынысты ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, тарату, қайта құру немесе өзге  құқықтық мәртебесін өзгерту мәселелерін қарауға қатысу, жетекшілік ететін ведомстволық бағынысты ұйымдардың даму жоспарларының орындалуына және Бірыңғай есептілікті тапсыру жүйесі (БЕТЖ) базасына деректердің енгізілуіне мониторинг жүргізу, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тіисті құзыретті органдарға тоқсан сайынғы ақпараттарды ұсыну, басқарма құзыретіне кіретін жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша қаражаттардың игерілуін талдау, Министрліктің стратегиялық даму жоспарын және операциялық жоспарын әзірлеуге қатысу, басқарма құзыреті шегінде нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, басқарма құзыретіне енетін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштері мен арыздарын қарауды қамтамасыз ету.  

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, әлемдік экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істей білу.

 

12.           Стратегиялық даму департаменті әлеуметтік-еңбек саласындағы саясатты талдау, стратегиялық жоспарлау және мониторинг басқармасының бас сарапшысына, С-4 санаты. 16-03-03

Функционалдық міндеттері: стратегиялық жоспарлау салаласындағы ұсыныстарды қарау және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Министр арасындағы меморандум жобасын әзірлеу,  стратегиялық жоспарлауды сапалы қалыптастыруға, аталған стратегияның көрсеткіштерінің болжамына қатысу, стратегиялық құжаттарды, сондай-ақ зейнетақыны қамтамасыз ету, оның ішінде  жинақтаушы зейнетақы жүйесін, ана мен баланы әлеуметтік қолдау жүйесін, мүгедектерді әлеуметтік қорғау жүйесін, халықты жұмыспен қамту, еңбек қатынастары, көші-қон және т.б. мониторингін қамтамасыз ету. Үкіметттік емес ұйымдармен өзара әрекеттесуді үйлестіру, гендерлік тендік стратегиясын іске асыру, статистикалық есептілікті қалыптастыру бойынша жұмысты үйлестіру, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, заңды тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын қарауды қамтамасыз ету, сондай-ақ басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша баяндамалар, сөйлейтін сөздерді мақалаларды, дайындау және басшылық жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ici) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, әлемдік экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент, маркетинг, әлеуметтану) немесе жаратылыстану ғылымдары (информатика, математика) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету  математикалық және компьютерлік моделдеу) немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, дәрігерлік емдеу ісі, стоматология, педиатрия) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істей білу.

 

13.           Министр хатшылығының сарапшысына, С-5 санаты. 02-04

Функционалдық  міндеттері: министрдің  қызметі мен қабылдау бөлмесінің жұмысын  қамтамасыз ету, қабылдау бөлмесіне келіп түскен хат-хабарлар мен құжаттар бойынша жедел жұмысты ұйымдастыру, келушілерді қабылдауды ұйымдастыру, Министрдің өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру.  

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика мен бизнес (әлеуметтану, саясаттану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, тарих, мәдениеттану, филология) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істей білу.

 

14.           Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті амбулаториялық-емханалық көмек басқармасының сарапшысына, С-5 санаты. 05-01-07

Функционалдық міндеттері: психикалық бұзушылықтар және мінез-құлық бұзушылықтары, наркология қызметі мәселелеріне жетекшілік ету, наркология қызметі, психикалық бұзушылықтардың және мінез-құлық бұзушылықтарының қызметін ұйымдастыру, талдау, жоспарлау және мониторингілеу, медициналық-санитариялық алғашқы көмекті ұйымдастыру, жетекшілік ететін қызметтер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту, жетекшілік ететін бөлімдер бойынша конференцияларды, семинарларды, симпозиумдарды дайындауға және өткізуге қатысу, басқарма құзыретіндегі мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, өтініштерін және шағымдарын қарау.   

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, дәрігерлік емдеу ісі, медициналық-биологиялық, биотехнология, стоматология, педиатрия) мамандықтары бойынша жоғары білім, мүмкіндігінше денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру бойынша немесе мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатының, біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істей білу.

 

15.           Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті амбулаториялық-емханалық көмек басқармасының сарапшысына, С-5 санаты. 05-01-10

Функционалдық міндеттері: медициналық-санитариялық алғашқы көмек, ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарының, жалпы практика дәрігерлері/отбасылық медицина, телемедицина орталықтары мәселелеріне жетекшілік ету, медициналық-санитариялық алғашқы көмек, ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарының, жалпы практика дәрігерлерінің/отбасылық медицинаның, телемедицина орталықтарының қызметін ұйымдастыру, талдау, жоспарлау және мониторингілеу, жетекшілік ететін қызметтер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту. жетекшілік ететін бөлімдер бойынша конференцияларды, семинарларды, симпозиумдарды дайындауға және өткізуге қатысу, басқарма құзыретіндегі мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, өтініштерін және шағымдарын қарау.  

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, дәрігерлік емдеу ісі, медициналық-биологиялық, биотехнология, стоматология, педиатрия) мамандықтары бойынша жоғары білім, мүмкіндігінше денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру бойынша немесе мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатының, біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істей білу.

 

16.           Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті стационарлық медициналық көмек басқармасының сарапшысына (01.10.2017 ж. дейін, негізгі қызметкердің оқу демалысының кезеңіне), С-5 санаты.  05-03-05

Функционалдық міндеттері: жалпы хирургия, травматология және ортопедия, урология, нейрохирургия, кардиохирургия, жақ-бет хирургиясы, комбустиология, анестезиология және реаниматология, сәулелік диагностика  бойынша стационарлық медициналық көмек көрсету мәселелеріне жетекшілік ету. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек (ЖММК) көрсететін денсаулық сақтау ұйымдардың қызметіне жетекшілікті жүзеге асыру. ТМККК шеңберінде  мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті жетілдіру жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру. Жетекшілік ететін қызмет бейініне сәйкес медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша штаттан тыс мамандармен өзара байланысты жүзеге асыру. Халыққа мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мәселелері бойынша заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша ведомствоаралық жұмыс  топтарының жұмыстарына қатысу. Ауруханалық сектор ұйымдарының қызметін талдауды және жоспарлауды ұйымдастыру. Жетекшілік ететін мәселелері бойынша конференцияларды, семинарларды, симпозиумдар мен кеңестерді дайындауға және өткізуге қатысу. Азаматтардың хаттарымен жұмыс. Материалдық-техникалық жарақтандыру және ведомстволық бағыныстағы республикалық ұйымдарды және деңгейлер бойынша өңірлердің ЕПҰ-ларын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қажеттілігі нормативін әзірлеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, дәрігерлік емдеу ісі, стоматология, педиатрия) мамандықтары бойынша жоғары білім, мүмкіндігінше мамандығы бойынша біліктілік санатының немесе денсаулық сақтауды ұйымдастырушы бейіні бойынша біліктілігін арттыру сертификаттарының болуы, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істей білу.

 

17.           Стратегиялық даму департаменті әлеуметтік-еңбек саласындағы саясатты талдау, стратегиялық жоспарлау және мониторинг басқармасының сарапшысына, С-5 санаты. 16-03-04

Функционалдық  міндеттері: стратегиялық жоспарлау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге,стратегиялық құжаттарды, тұжырымдамаларды, меморандумаларды іске асыруға қатысу, аумақтардың даму бағдарламаларын  келісу, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, заңды тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын қарауды, сондай-ақ басшылық жүктеген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыру және басшылық жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.  

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ici)  немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, әлемдік экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент, маркетинг, әлеуметтану) немесе жаратылыстану ғылымдары (информатика, математика) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету  математикалық және компьютерлік моделдеу) немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, дәрігерлік емдеу ісі, стоматология, педиатрия) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істей білу.

 

18.  Заң қызметі департаменті құқықтық сараптама басқармасының сарапшысына (08.08.2018 ж. дейін, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыстың кезеңіне), С-5 санаты. 17-01-05

Функционалдық міндеттері: министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер жобаларын  әзірлеуге қатысу және оларды  кейіннен сүйемелдеу, Министрлікте әзірленген, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдардан келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілерді келісу,  Министрлік әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің жобаларына талдау жасау, Қазақстан Республикасы Президентінің, Республикасы Президенті Әкімшілігінің,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша хаттар, материалдар мен қорытындылар дайындау, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық (құқықтану, халықаралық құқық) мамандығы бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істей білу.

 

19.           Персоналды басқару департаменті мемлекеттік қызмет персоналы басқармасының сарапшысына (11.04.2019 ж. дейін, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыстың кезеңіне), С-5 санаты. 21-01-04

Функционалдық міндеттері: мемлекеттік қызметті өткерумен байланысты кешенді шараларды іске асыруға қатысу, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурстар өткізу, есептілік жасау және жүргізу, ақпараттық, талдамалық және анықтамалық материалдарды дайындау, қызметкерлерді оқыту, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, мемлекетік қызметті өткеруге қатысты,  мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалау бойынша шешімдерді және өзге де құжаттарды ресімдеу, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшыларының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, басқарма құзыретіне енетін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттарын,  ұсыныстарын, өтініштері мен арыздарын қарауды қамтамасыз ету.  

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, дәрігерлік емдеу ісі, стоматология, педиатрия), білім (шетел тілі: екі шетел тілі, қазақ тілі және әдебиеті)  немесе гуманитарлық ғылымдар (аударма ісі) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істей білу.

 

20.           Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті базалық әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының сарапшысына (13.04.2017 ж. дейін, негізгі қызметкердің жүктілік және босану бойынша демалыстың кезеңіне), С-5 санаты. 12-01-04

Функционалдық міндеттері: зейнетақымен және базалық әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге қатысу, нормативтік құқықтық актілер жобалары бойынша қорытындылар дайындауға қатысу, зейнетақы және базалық әлеуметтік төлемдердің болжамы бойынша есептер жүргізу үшін статистикалық деректер мен басқа да материалдарды жинақтау және өңдеу, басқарма құзыретіне кіретін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру және консультациялық жұмыс жүргізу, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшыларының тапсырмаларын орындау үшін хаттар, материалдар мен қорытындылар дайындау, зейнетақы және базалық әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, өтініштерін  қарау.  

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, әлемдік экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе жаратылыстану ғылымдары (информатика) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (техникалық ғылымдар және технологиялар, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік моделдеу) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істей білу.

 

21.           Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаменті еуразиялық интеграция мәселелері жөніндегі басқармасының сарапшысына, С-5 санаты. 15-02-04

Функционалдық міндеттері: нормативтік құқықтық актілер және халықаралық келісімдердің жобалары бойынша қорытындыларды әзірлеу және дайындауға қатысу, басқарма құзыретінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл, қабылдауларды және кездесулер мен келіссөздерді ұйымдастыруға қатысу, басқарма қызметінің бағыттары бойынша ақпараттық-талдау материалдарын дайындауға қатысу,  халықаралық тәжірибені талдау және жинақтау, басқарма қызметінің саласымен байланысты құжаттарды шет тілдерге аудару, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша хаттар, материалдар және қорытындылар дайындау заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау.  

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар) немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, дәрігерлік емдеу ісі, стоматология, педиатрия) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, әлемдік экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент, маркетинг) немесе қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс) немесе білім (шетел тілі: екі шетел тілі) немесе гуманитарлық ғылымдар (аудармашылар ісі)  мамандықтары бойынша жоғары білім. Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекітетін жоғарыда көрсетілген басым мамандықтар бойынша шетелде жоғары оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мүмкіндігінше оқуды аяқтауы  және жоғары оқу орнынан кейінгі  білімінің (магистратура) бар болуы және шет тілдерін меңгеруі, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істей білу.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде.

Әңгімелесуді өткізу мерзімдері құжаттарды қабылдағаннан кейін қосымша хабарланатын болады;  әңгімелесуді өткізу орны: Астана қаласы, Министрліктер үйі, Орынбор көшесі, 8-үй, № 5 кіреберіс, 928-кабинет.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың қатысуы жоспарланып отыр. 

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2)  3х4 үлгідегі суретпен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
      5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
      6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.

 

22 желтоқсан, 2016 - 19:25 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші