check

You are here

ҚР ДСӘДМ азаматтармен жұмыс істеу бойынша үздік мемлекеттік орган болып танылды

Нур Отан

Бүгін «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында «Үздік қоғамдық қабылдау» байқауы қорытындыланды. «Үздік мемлекеттік орган» номинациясы бойынша ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жеңімпаз атанды.

Аталған байқауда азаматтардың хаттарын қарастыру жылдамдығы мен тиімділігі бағаланды.

Салтанатты шарада сөз сөйлеген ҚР ДСӘДМ Жауапты хатшысы Аида Құрманғалиева денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласының мәселелері қазақстандықтарды  жиі мазалайтынын, сондықтан да азаматтарды қабылдау мен олардың мәселелерін шешу – министрліктің негізгі міндеттерінің бірі екенін атап айтты.

 «Ағымдағы жылы министрлік басшылығы мен «Нұр Отан» партиясы қоғамдық қабылдауы 66 адамды қабылдады. Сонымен бірге, «Үзіліссіз байланыс» партия жобасының аясында министрлік қызметкерлері 22 қабылдау жасап, 133 азаматты қабылдады. Қабылдау нәтижесінде көмек сұрап келген әрбір төртінші азамат өз мәселелері бойынша жағымды жауап алды», - деп хабарлады ол.

Өз сөзінің соңында Аида Құрманғалиева ҚР ДСӘДМ әрқашан азаматтар үшін қолжетімді екенін атап айтты.

13 желтоқсан, 2016 - 15:39 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші