check

You are here

Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның отыз екінші отырысына Баспасөз-релизі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) 2016 жылдан бастап ротация негізінде Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – ВАК) жұмыс органы болып табылады.

Министрлікпен 2016 жылдың 4 тамызында ВАК 32 отырысы өткізілді.

Отырыста 3 сұрақ қарастырылды:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Адам саудасына байланысты қылмыстың профилактикасы, алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі 2016 жылғы іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру туралы;

2. Адам саудасының профилактикасы және алдын алу бойынша қабылданатын шаралар туралы, сонымен қатар кәмелетке толмағандармен:

- балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне тыйым салу;

- өмірлік қиын жағдайдағы балаларға көмек көрсету және оларды оңалту бойынша Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының (КТБО) қызметі;

3. Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi және адам саудасының құрбандарына әлеуметтік көмек көрсететін дағдарыс орталықтары бойынша өңірлік комиссияның қызметі туралы.

Отырыста Ішкі істер министрлігінің Криминалдық полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқарма басшысы А.М. Бажықбаевтың, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі                Б.А. Асылованың, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті директорынің орынбасары А.О. Табергенованың баяндамалары тыңдалды.

Отырыстың қорытындысы бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарға осы сұрақтарды пысықтау бойынша ұсынымдар берілді. Олардың ең маңыздылары:

- еңбек эксплуатация жағдайларын анықтау мәселесі бойынша өңірлік семинар-тренингтер өткізуді ұйымдастыру;

- мемлекеттің барлық оқу орындарында балаларға қатыгездікпен қарау фактілерін (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбек және сексуалдық эксплатациясы) анықтау жағдайларында жүгіну қажеттілігі, қалалық және ұялы телефондардан қол жетімді республикалық «116 16» сенім білдіру телефоны туралы ақпарат беретін анықтамалықты орналастыру;

- адам саудасының құрбандарына көмек көрсету мәселелері бойынша үкіметтік емес органдармен және басқа органдармен қарым-қатынас;

- құлдықтың әр түрлі формаларынан балаларды қорғау, сонымен қатар құлдықтың әр түрлі формаларынан кәмелетке толмағандарды тарту профилактикасы;

- қол жетімді және тиімді құралдар арқылы халықтың барлық жіктеріне 150 сенім білдіру телефонының қызметі туралы ақпаратты таратуды қамтамасыз ету.

Өз кезегінде, 33 отырыс ВАК бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жоспарланған.

Бөлімдер:
9 желтоқсан, 2016 - 17:53 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші