check

You are here

Т. Дүйсенова Астана қаласында дүниеге келген төртемдердің ата-анасын құттықтады

Астана

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова 2 желтоқсанда Астана қаласы №1 перинаталдық орталығында төртемді дүниеге әкелген Салтанат Спанованы құттықтады.

Министр ана мен баланың денсаулығын қорғау – Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ғана емес, мемлекеттің басым бағыттарының бірі болып отырғанын атап айтты.

 «Отбасында бірден төрт дүиеге келуі – үлкен бақыт. Мен Сіздерге және Сіздердің балапандарыңызға қуатты денсаулық пен амандық тілеймін», - деді Тамара Дүйсенова.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ҰҚК Шекара қызметінде қызмет ететін әскери қызметші Асхат Спановтың отбасында 2 желтоқсан күні екі ұл, екі қыз кесарева тілігі арқылы дүниеге келді. Ер балалардың салмағы 1490 және 1070, қыздардың салмағы - 1140 және 1070 грамм. Балалар мен олардың анасының жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда. Олар медициналық қыметкерлердің бақылауында. 

9 желтоқсан, 2016 - 15:40 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші