check

You are here

«СК-Фармация» ЖШС 2017 жылға арналған дәрілік заттардың 95% сатып алды

СК Фармация

Биылғы жылы алғаш рет Бірыңғай дистрибьютор тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (әрі қарай - ТМККК) шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу алдын ала өткізілді. 2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 2017 жылға қажеттіліктен берілген өтінімдерден 95%-ы сатып алынды, ал қалған 5%-ы жылдың соңына дейін сатып алынады. Алдын ала үнемдеу 10 млрд. теңгені құрады.

Барлығы 2017 жылға «СК Фармация» ЖШС республиканың 1115 медициналық ұйымдары үшін 113,2 млрд. теңге сомаға дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алады. Бірыңғай дистрибьютор 2017 жылдың бірінші жөнелтуін ағымдағы жылдың желтоқсан айында жүзеге асыруға дайын.

2017 жылға сатып алынған жалпы сомасы 30,4 млрд. теңге болатын 896 препараттардың ішінен 462 (51,56 %) - қазақстандық өндірісі болып табылады. 2010 жылдан бері қазақстандық қамтудың көлемі 6 есеге артты, ал өткен жылмен салыстырғанда 5 млрд. теңгеге артты.

Естеріңізге сала кетейік, Бірыңғай дистрибьютор 15 қарашада ТМККК аясында дәрі-дәрмектердің ағымдағы жылға арналған жылдық қажеттілігін 100% көлемінде мерзімінен бұрын медициналық ұйымдарға жөнелтті.

2 желтоқсан, 2016 - 12:57 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші