You are here

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесін сайлау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесін сайлау туралы хабарландыру

Қоғамдық мәні бар мәселелері бойынша азаматтық қоғамның ой-пікірін білдіру, мемлекеттік органдардың халық алдында есеп беруі, мемлекеттік органдар басшыларының жария сөз сөйлеуін қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылғы қарашада «Қоғамдық кеңестер туралы» Заң қабылданған.

Жұмыс тобы қоғамдық кеңестерді мемлекеттік органдардың өкілдері және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар арасынан қалыптастырады.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 115 бұйрығымен бекітілген  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесін шығып кеткеннің орнына сайлау бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Кандидаттарға қойылатын талаптар. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматы (жеке куәлік неме төлқұжат) кандидат бола алады.

Одан басқа кандидат:

1) сотталғандығы болмауы;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық ауруғаалкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

Коммерциялық емес ұйымдардың және азаматтардың ұсыныстары жазбаша түрде кандидаттың ТАӘА көрсете отырып сүреті көрсетілген өмірбаянымен бірге оның жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын кұжаттары қоса беріледі.

Конкурсты өткізетін мерзімі - 2016 жылғы 10 желтоқсанға дейін.

Құжаттарды қабылдау -  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне мынадай мекен-жай бойынша ұсынылады: Астана қаласы, Орынбор, 8, 830-кабинет (электрондық почта: a.kairbekkyzy @mzsr.gov.kz).

Ескерту. Ұсыныстарын жіберген коммерциялық емес ұйымдар мен әр азаматтар бір кандидаттан артық ұсына алмайды.

 

30 қараша, 2016 - 16:53 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
Статусын тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші