check

You are here

«2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметінің қаулысының жобасы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. 2016 жылға арналған республикалық бюджетте Жұмыспен қамту 2020 жол картасының шеңберінде іс-шараларды іске асыруға көзделген қаражаттан 69 963 757 мың теңге мөлшеріндегі сома:

1) мынадай іс-шараларды қаржыландыру үшін 12 355 648 мың теңге сомасында облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аудару үшін:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне кадрларды кәсіптік даярлауға 53 500 мың теңге;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне 12 302 148 мың теңге, оның ішінде:

жалақыны ішінара субсидиялауға – 2 176 069 мың теңге;

кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға – 139 045 мың теңге;

көшуге субсидиялар беруге – 365 329 мың теңге;

кадрларды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға – 1 047 918 мың теңге;

жалдамалы қызметкерлерді, оның ішінде 18 – 24 жас аралығындағы жастарды, қайта даярлауға және олардың бiлiктiлiгiн арттыруға – 375 707 мың теңге;

білікті қызметкерлерді қайта даярлауға және олардың бiлiктiлiгiн арттыруға жұмыс берушілерге мемлекеттік гранттар ұсынуға – 134 060 мың теңге;

55 – 64 жас аралығындағы адамдарды қайта даярлауға және олардың бiлiктiлiгiн арттыруға – 192 598 мың теңге;

жастар практикасына – 2 661 740 мың теңге;

білікті қызметкерлердің жоғалтқан табысының үштен екі бөлігін уақытша субсидиялауға – 229 098 мың теңге;

халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз етуге  – 4 899 636 мың теңге;

ақпараттық жұмысқа – 80 948 мың теңге;

2) мынадай іс-шараларды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне 3 609 764 мың теңге сомасында облыстық бюджеттерге берілетін нысаналы трансферттерді аудару үшін:

қызметтік тұрғын үй мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға және (немесе) сатып алуға –277 988 мың теңге;

еңбекші жастар үшін жатақханалар мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға және (немесе) реконструкциялауға,сатып алуға –              3 179 479 мың теңге;

Ақмола облысының Калачи және Красногорский елді мекендерінің тұрғындарын көшіру үшін тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға және (немесе) реконструкциялауға – 152 297 мың теңге;

3) мынадай іс-шараларды қаржыландыру үшін инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне 53 811 217 мың теңге сомасында облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін нысаналы трансферттерді аудару үшін:

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инженерлік-көліктік инфрақұрылым объектілерін, әлеуметтік-мәдени объектілерді жөндеуге және елді мекендерді абаттандыруға – 51 537 726 мың теңге;

ауылдық елді мекендерде орналасқан дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік-акушерлік пункттер салуға – 2 273  491 мың теңге;

4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне халықты жұмыспен қамту бойынша іс-шараларды іске асыруға187 128 мың теңге сомасында, оның ішінде:

ақпараттық сүйемелдеуге және ақпараттық жұмысты қамтамасыз етуге – 53 800 мың теңге;

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыруды ақпараттық-әдіснамалық сүйемелдеуге – 133 328 мың теңге бөлінсін.»;

көрсетiлген қаулыға20, 21, 22, 38- қосымшаларды осы қаулыға1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

ҚазақстанРеспубликасының
      Премьер-Министрі                                    Б. Сағынтаев

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon poyasnitelnaya_gos.doc55.5 KB
Microsoft Office document icon sravnitelnaya_tablica_kaz.doc154 KB
16 қараша, 2016 - 16:33 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші