check

You are here

ҚР ДСӘДМ-де мүгедек балалардың құқығын қорғау мәселелері талқыланды

инвалиды

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының, ҚР Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, білім және ғылым, мәдениет және спорт, қаржы, ұлттық экономика министрліктері, Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) өкілдерінің, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен «Ерекше қажеттіліктері бар балалар» атты дөңгелек үстел өтті.  

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Светлана Жақыпова Қазақстан Конституциясына сәйкес балалар мемлекеттің қорғауында екенін атап айтты.

«Еліміздің тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде баланың құқығын қорғау саласында, толыққанды, жан-жақты дамуы үшін жағдай жасау бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. ҚР-дағы балалар құқығы бойынша Өкілетті институтты енгізу – Қазақстанның балаға ынтымақтас екенін көрсететін қадам», - деп айтты ол.  

Дөңгелек стол барысында физикалық мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алу; оларға медициналық қызмет көрсету; арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету; еңбек ету мен жұмыспен қамту; әлеуметтік қорғау; мәдени, демалыс және спорттық өмір; ақпаратқа қолжетімділік құқықтары мәселелері қарастырылды. 

11 қараша, 2016 - 19:24 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші