You are here

Жұмыспен қамту орталықтарының және жеке рекрутингілік агенттіктердің ынтымақтастық перспективалары

Пресс-релиз

2016 жылғы 25 қазан                                                                         Астана қаласы

 

Қазақстан Республикасы мен Дүниежүзілік Банктің «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы шеңберіндегі Жұмыспен қамту орталықтарының және жеке рекрутингілік агенттіктердің ынтымақтастық перспективалары.

Астанада бос жұмыс орындары және бірлесіп іздеушілерді жұмысқа орналастыру туралы деректерді жинау бойынша жеке рекрутингілік агенттіктердің және Жұмыспен қамту орталықтарының қатысуымен Өзара тиімді ынтымақтастыққа арналған дөңгелек үстел өтті.

Талқылау «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы шеңберінде өткізілді, оған сәйкес халыққа арналған қызмет сапасын арттыру бойынша Жұмыспен қамту орталықтарын, жұмыспен қамту бөлімдерін және ауыл округтерінің әкімдіктерін нығайту бойынша кең іс-шаралар спектрі іске асырылады. Қосымша 20 мың жұмыссыз және өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған қазақстандықтарға еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес оқыту өткізіледі және 12,7 мың кәсіпорын қызметкерлері кәсіптік дағдыларды жетілдіру және еңбек өндірісін арттыру үшін оқытылады.

2011 жылдан бастап Қазақстанда 199 Жұмыспен қамту орталықтары қызмет етеді, олардың жұмысының ең негізгі бағыты жұмысқа орналасуға және азаматтар үшін жұмыс іздеуге әр түрлі қолдау шараларын көрсетуге жәрдемдесу болып табылады.

Дөңгелек үстел барысында ынтымақтасудың үлгісі талқыланды, ол бойынша жұмысқа орналастыру жөніндегі жеке агенттіктер, веб-сайттар және журналдар бос жұмыс орындары туралы ақпаратты Жұмыспен қамту орталықтарына ұсынады.

Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығы директоры Олжас Омардың айтуы бойынша: «Бүгінгі таңда Жұмыспен қамту орталықтарының жеткілікті кең функционалы бар. Жұмысқа орналастырудан басқа біздің міндетімізге мониторинг және еңбек нарығының болжамды талдауы, мемлекеттік жұмыспен қамтуға көмектесу бағдарламаларын іске асыру, кәсіптік оқыту, жұмыссыз ретінде жүгінген адамдарды тіркеу, әлеуметтік төлемдерді белгілеу үшін құжаттарды қабылдау, әлеуметтік кәсіби бағдар және көптеген басқалары кіреді».

Сонымен қатар, Жұмыспен қамту орталықтары өзінің қызметтерін тегін көрсетеді, осыған байланысты бізге жүгінген адамдар саны өте көп. мыысалы, бір күнде консультант 25-30-ға дейін келушілерді қабылдай алады».

Рекрутингілік агенттік өкілдерінің айтуы бойынша, олар Жұмыспен қамту орталықтарымен әріптестер болып табылатыны жайлы нақты түсініктеме бар. Жеке агенттіктердің өз текшелері, тапсырыс берушіге дербестендірілген тәсілі бар, ал Қазақстан Республикасы мен Дүниежүзілік Банктің халықаралық жобасының қатысушысы болу мүмкіндігі ынтымақтасыққа қосымша ынта болып табылады.

«Біз жеке агенттіктердің ынтымақтастыққа дайындығы дәрежесін түсіну үшін және өзара тиімді ынтымақтастық үлгісін жасап шығару үшін осы бағытта талқылауды жалғастырамыз. осы ынтымақтастықтың басты мақсаты көптеген жұмыссыздар мен өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандарды еңбек қызметіне тарту болып табылады» - дейді Ләззат Ахмұрзина - «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасын басқару бойынша топтың басшысы».

            Анықтама ретінде: Жоба жұмыспен қамту және еңбек дағдылары саласындағы нәтижелерді жақсартуға, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде және жоғары оқу орындарында даярлау және оқыту бағдарламаларының өзектілігін арттыруға бағытталған.

Жобаны іске асырудың атқарушы агенттігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – ДСӘДМ) болып табылады.

Жобаны 2016-2020 жылдары ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігімен және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен тығыз ынтымақтасып іске асырады

10 қараша, 2016 - 18:35 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші