You are here

Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға көрсетілетін материалдық көмектің түрлері

Жауабы:

Отбасының құқығын қорғау және заңды мүдделерін сақтау Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.

Бүгінгі таңда мемлекеттік жәрдемақылар мен төлемдер жүйесі көрсетілген балалы отбасыларды қолдаудың ұлттық моделі қалыптасқан:

отбасындағы балының тәрбиесіне қолдау көрсету және туу көрсеткішін реттеу

- 2003 жылдан бастап бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін жәрдемақы енгізілді, біржолғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері:

бірінші, екінші, үшінші балаға ­ 38 айлық есептік көрсеткіш немесе          91 390 теңгені;

төртінші және одан кейінгі балаларға ­ 63 айлық есептік көрсеткішті  - 151 515 теңгені құрайды;

- 2006 жылдан бастап бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы енгізілді,  оның мөлшері отбасындағы бала санына байланысты сараланады және төленеді:

  • бірінші балаға - 5,76 АЕК ­ 13 853 теңге,
  • екінші балаға - 6,81 АЕК ­ 16 379 теңге,
  • үшінші балаға - 7,85 АЕК ­ 18 880 теңге,
  • төртінші және одан кейінгі балаларға - 8,90 АЕК ­ 21 405 теңге.

- 2010 жылдан бастап мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) бала кәмелеттік жасқа келгенше ең төмен күнкөріс деңгейінің 1,05 мөлшерінде жәрдемақы төленеді, бүгін оның мөлшері 29 699 теңгені құрайды.

- 2018 жылғы шілде айынан бастап 18 жастан асқан бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жаңа ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы енгізілді, ағымдағы жылы жәрдемақы ең төмен күнкөріс деңгейінің 1,05 мөлшерін немесе 29 699 теңгені құрайды.

Көп балалы аналардың мәртебесі мен беделін арттыру

- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға кіріске тәуелсіз  төленетін  ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 15 392 теңге.

Күнкөрісі төмен  азаматтарды әлеуметтік қолдау

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек орташа айлық табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 50%-нан төмен отбасыларға беріледі және шартсыз, шартты ақшалай көмек болып 2 түрге бөлінеді.

Шартсыз ақшалай көмек еңбекке жарамсыз азаматтары бар отбасыларға ұсынылады және оларға жәрдемақыны алу үшін жұмыспен қамту шараларына қатысу міндетті емес.

Шартты ақшалай көмек құрамында кем дегенде бір еңбекке жарамды мүшесі бар отбасыларға арналған және осы отбасылар әлеуметтік келісімшарт жасаған және келісімшарттың талаптарын орындаған кезде көрсетіледі.

19 желтоқсан, 2018 - 15:23 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші