Жауабы:
Санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етудi жергiлiктi атқарушы органдар мүгедектер мен мүгедек балаларға мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторий-курорттық жолдама (бұдан әрi – жолдама) беру арқылы жүзеге асырады (негізі: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» бұйрығы).
Сонымен қатар, облыс, қала және аудан әкімдері жергілікті бюджет қаражаты есебінен өз құзыреті шегінде азаматтардың жекелеген санаттарына, оның ішінде аз қамтылған отбасыларына, зейнеткерлік жасқа толған азаматтарға, материалдық және әлеуметтік көмек көрсетуге құқылы екендігін хабарлаймыз (негізі: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік органдар туралы» ҚР Заңы).