check

You are here

Ақтөбе облысының 1,2 мыңнан астам тұрғыны әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша ҚР ДСӘДМ мамандарының кеңесін алды

дкз 2020

Ағымдағы жылғы 29 қыркүйек пен 4 қазан аралығында «Әлеуметтік проблемаларды шешу» Республикалық акциясының аясында Ақтөбе облысы Алға ауданының 1 мың 241 тұрғындарына ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мамандары әлеуметтік қамсыздандыру мен жұмысқа орналасу (зейнетақыны есептеу, мүгедектік тобын анықтау, қосымша әлеуметтік көмек көрсету, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы мен «Өрлеу» жобасына қатысу, мүгедектерді оңалту және т.б.)  мәселелерін түсіндірді.

Акция барысында ауыл тұрғындарымен, оның ішінде аз қамтылған отбасының мүшелерімен, мүгедектермен, зейнет жасына келіп қалған әйелдермен және жалдамалы жұмыскерлермен 105 кездесу өткізілді. ҚР ДСӘДМ мамандарының көмегімен 3 азаматтың еңбек құқығы қорғалып, 3 адам түрақты жұмыспен қамтылды. Зейнет жасына келіп қалған 13 әйел адам «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысуға жолдама алып, 23 мүгедекке консультативті және протезді-ортопедиялық көмек көрсетілді.

Бұрын хабарланғандай, ағымдағы жылғы 29 қыркүйек пен 3 қазан аралығында «Әлеуметтік проблемаларды шешу» акциясының аясында Ақтөбе облысы Алға ауданының тұрғындарына 3,4 мыңнан астам медициналық тексеру жасалып, оның ішінде 1329 адам Астана және Алматы қалаларының ғылыми орталықтары мен ғылыми-зерттеу институттары мамандарының кеңесін алды. Осы мақсатта аталған аймаққа республикалық ҰЗИ мен ҒО-ның балалар мен ересектер бағыты бойынша 20 жетекші маман жіберілген болатын.

Аталған акция Ақтөбе облысында 29 қазанға дейін жалғасады. Бір айдың ішінде ҚР ДСӘДМ мамандары аймақ тұрғындарына маңызды мәселелер бойынша әлеуметтік, медициналық және өзге де көмек көрсететін болады.

5 қазан, 2016 - 19:19 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші