You are here

Жұмыспен қамту орталықтары Қазақстан Республикасы мен Дүниежүзілік Банктің «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» бірлескен жобасын іске асыруға белсенді түрде тартылуда

Жұмыспен қамту орталықтары Қазақстан Республикасы мен Дүниежүзілік Банктің «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» бірлескен жобасын іске асыруға белсенді түрде тартылуда

 

Қыркүйекте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі және «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасын басқару жөніндегі топ бейнеконференция арқылы жұмыспен қамту орталықтарымен кездесулер топтамасын жүргізді, сол кезде Жоба туралы және жұмыспен қамту орталықтарының оны іске асырудағы рөлі туралы ақпарат ұсынылды.

«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы шеңберінде Қазақстандағы барлық жұмыспен қамту орталықтары қажеттілік бағалаудан өтеді, нәтижесінде оларға материалдық-техникалық базаны жарақтандыру, оқыту, қолданыстағы ақпараттық жүйені нығайту түрінде қолдау көрсетіледі. Ауыл округтерінің әкімдіктері «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесіне қолжетімділік алатыны қосымша жоспарлануда, ол да Жоба шеңберінде жаңғыртылады, солайша ең алыс аудандардың бенефициарларын тартуға мүмкіндік береді және халық үшін жұмыспен қамту орталықтары қызметтерінің кең қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Барлық аталған іс-шаралар қызметтердің сапасын арттыруға және өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған және жұмыссыз халыққа арналған қызметтерді ұсыну саласындағы жұмыспен қамту орталықтарының мандатын кеңейтуге бағытталған.

Кездесу барысында Жобаның барлық компоненттері ұсынылды, мысалы, ұлттық біліктілік жүйесі үшін негіз қалыптастыру, кәсіптік стандарттарды, техникалық және кәсіптік білімді, жоғары білімді, біліктілікті бағалауды және сертификаттауды жетілдіру, сондай-ақ жұмыс күшін өзекті оқыту.

Жұмыспен қамту орталықтары Жобаға белсенді қатысуға дайындығын білдірді. Сондай-ақ кездесу нәтижелері бойынша жұмыспен қамту орталықтарымен үнемі негізде ақпараттық сессиялар жүргізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілі атап өткендей «Мәселе тек жұмыспен қамту орталықтарын жарақтандыруда ғана емес, сондай-ақ халықтың мемлекеттік жұмыспен қамту қызметтеріне сенімін арттыруда тұр. Жоба шеңберінде бос жұмыс орындары туралы деректерді жинау тетіктері, бейіндеу және кәсіптік бағдар тәсілдері әзірленеді және енгізіледі, олардың арқасында жұмыспен қамту орталықтары біліктіліктің деңгейін, жұмыс іздеп жүргендер үшін кәсіптің барлық мүмкін нұсқаларын анықтай алады, сондай-ақ оларға еңбек нарығында бар бос жұмыс орындары туралы толық және сапалы ақпаратты ұсынады. Осы шаралардың нәтижесінде жұмыспен қамту орталықтарына сенім артады және жұмыс іздеп жүрген азаматтар санының көбі оларға сенімді және жоғары білікті еңбек нарығындағы бос жұмыс орындар туралы ақпарат көзі ретінде жүгінетін болады».

Анықтама ретінде: Жоба жұмыспен қамту саласындағы нәтижелерді, сондай-ақ нысаналы бенефициарлардың еңбек дағдыларын жақсартуға және техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде және жоғары оқу орындарында даярлау және оқыту бағдарламаларының өзектілігін арттыруға бағытталған.

Жобаны іске асырудың атқарушы агенттігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – ДСӘДМ) болып табылады.

Жобаны 2016-2020 жылдары ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігімен және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен тығыз ынтымақтасып іске асырады. 

3 қараша, 2016 - 18:48 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші