You are here

Дүниежүзілік Банк Қазақстан Республикасымен «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» бірлескен жобасын іске асыру бойынша жұмыстың серпініне оң бағасын берді

Дүниежүзілік Банк Қазақстан Республикасымен «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» бірлескен жобасын іске асыру бойынша жұмыстың серпініне оң бағасын берді.

Қыркүйекте мемлекеттік органдармен, әріптестермен және іске асырылуы ағымдағы жылы басталған және 5 жыл бойы жүзеге асырылатын «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасының атқарушыларымен консультация жүргізу үшін Дүниежүзілік Банктің Астанаға миссиясы өткізілді.

Жобаны ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ҚР Білім және ғылым министрлігімен және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен тығыз ынтымақтасып іске асырады.

Жоба жұмыспен қамту саласындағы нәтижелерді, сондай-ақ нысаналы бенефициарлардың еңбек дағдыларын жақсартуға және техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде және жоғары оқу орындарында даярлау және оқыту бағдарламаларының өзектілігін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының перспективалық міндетіне жауап беретін заманауи біліктілік жүйесі қалыптасады.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Біржан Нұрымбетовпен кездесу кезінде Дүниежүзілік Банктің сарапшылары Жобаны іске асыру шеңберіндегі әр түрлі мәселелерді талқылады, жүргізілген жұмыстың бастапқы қорытындысын шығарды және Жобаның нәтижелерін нығайту үшін шаралар мен шешімдерді қарастырды. Кездесу барысында Дүниежүзілік Банктің сарапшылары «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасында өткізіліп жатқан жұмысқа жоғары баға берді.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-пен кәсіптік стандарттарды әзірлеу, сертификаттау және Жобаның нәтижелерін бағалау мәселелерін талқылау бойынша сараптау кездесулері жүргізілді.

Жоба шеңберінде 20 мыңнан астам өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған және жұмыссыз қазақстандықтарға еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес оқыту жүргізіледі. Кәсіптік дағдыларын жетілдіру және еңбек өнімділігінің нәтижесін арттыру үшін қосымша шамамен 12 мың кәсіпорын қызметкерлері оқытылады.

Анықтама ретінде: Сатып алу туралы жалпы хабарламаны жариялау, сондай-ақ сатып алу туралы арнайы хабарламалар (конкурстар туралы хабарламалар) Министрліктің «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы» бөлімінде, Дүниежүзілік Банктің және UN Development Business БҰҰ электрондық бюллетенінде: https://www.enbek.gov.kz,http://www.worldbank.org, http://www.devbusiness.com сілтемелері бойынша жарияланады. 

3 қараша, 2016 - 18:49 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші