check

You are here

«2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 19, 21 қосымшаларын осы қаулыға 1, 2 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулыға 42-қосымшада реттік нөмірі 30 - жолы мынадай редакцияда жазылсын:

«

30

Денсаулық сақтау саласын реформалауды әдіснамалық қолдау

Халықаралық озық тәжірибе негізінде денсаулық сақтау саласын реформалауды әдіснамалық қолдау. Қаржыландыру, тарифтерді белгілеу, әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу, Ұлттық дәрілік саясат, клиникалық тәжірибе, денсаулық сақтау саласын стандарттау, денсаулық сақтау менеджменті, адами ресурстарды басқару, электрондық денсаулық сақтауды стандарттау, медициналық және фармацевтикалық білім беру, медициналық қызметтердің сапасын реттеу, денсаулық сақтау жобаларын басқару мәселелері бойынша жобаларды іске асыру. Денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық саясат бойынша; медициналық ұйымдарды аккредиттеу бойынша; денсаулық сақтау саласындағы ғылымды, инновациялық қызметті және сараптамаларды дамыту бойынша іс-шараларды орындау.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

«Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК

001 «Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру»

105 «Денсаулық сақтау жүйесін реформалауды қолдау»

975 175

»;

реттік нөмірі 34 - жолы мынадай редакцияда жазылсын:

«

34

Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу, оның ішінде шетелде емделуге үміткер азаматтарды отандық медициналық ұйымдарда емдеу

Қазақстан Республикасының азаматтарын республикада көрсетілмейтін медициналық көмекпен қамтамасыз ету, сондай-ақ шетел мамандарын тарту арқылы отандық клиникаларда жоғары технологияларды дамыту.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

«Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ

053 «Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің шеңберінде қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, халықты медициналық көмекпен қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту»

103 «Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету»

798 034

»;

реттік нөмірі 38 - жолы мынадай редакцияда жазылсын:

«

38

Қазақстан Республикасында инновациялық медициналық технологияларды дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының халқын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде инновациялық медициналық технологияларды қолдана отырып, медициналық көмекпен қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

«А.Н. «Сызғанов» атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы» АҚ;

«Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ;

 «University Medical Center» Корпоративтік қоры;

«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ;

«Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы» АҚ;

«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ

053 «Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің шеңберінде қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, халықты медициналық көмекпен қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту»

107 «Инновациялық медициналық технологияларды қолдану арқылы медициналық көмек көрсету»

2 236 889

».

2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі                                                                Б. Сағынтаев

ТіркемеМөлшер
Office spreadsheet icon prilozheniya_1_2_kaz.xls112 KB
Microsoft Office document icon poyasnitelnaya_kaz.doc56 KB
29 қыркүйек, 2016 - 11:08 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші