You are here

Жалпы конкурс туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға хабарландыру (жалпы конкурс)

 

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына білім мен тәжірибе бойынша үлгілік біліктілік талаптары:

С-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-2, C-2, C-O-1, D-2, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-2,
C-2, C-O-1, D-2, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

 3) мемлекеттік қызмет өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдардың аға басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың аға офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;*

5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-2, C-2, C-O-1, D-2, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

6) ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.*

С-2 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3,
С-3, C-O-2, D-3, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдардың аға басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың аға офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарында бір жылдан кем емес;*

5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

6) ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.*

С-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4,
С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;*

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.*

С-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына қелесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, С-5,
C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;*

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.*

С-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:

 

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-1

289629

391105

С-2

204041

275664

С-3

154071

208205

С-4

138248

186551

C-5

104102

140746

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Орынбор көшесі, 8-үй, анықтама телефондары 8 (7172) 74-32-27, 74-28-18 факс, 74-33-45, e-mail: a.kairbekkyzy@mzsr.gov.kz «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы жалпы конкурс жариялайды:

 

  1. Стратегиялық даму департаментінің директорына, С-1 санаты (19.04.2017 ж. дейін, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыстың кезеңіне).

Функционалдық міндеттері: департамент қызметіне жалпы басшылық, департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының шешімдері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау және тексеруді жүзеге асыру, департаменттің құзыреті шеңберінде нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге басшылық, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау саласында стратегиялық құжаттарды және оперативтік жоспарларды, ақпараттық-талдау материалдарын  әзірлеуді және дайындауды бақылау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру бойынша Министрліктің қызметінің тиімділігін жыл сайын бағалау бойынша жұмысына басшылық, Министрлік басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, халықаралық  экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент, маркетинг, әлеуметтану) немесе жаратылыстану ғылымдары (информатика, математика) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету  математикалық және компьютерлік моделдеу) немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, дәрігерлік емдеу ісі, стоматология, педиатрия) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуі, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істей білу.

 

  1. Заң қызметі департаменті директорының орынбасарына, С-2 санаты.

Функционалдық міндеттері:  өз өкілеттігі шеңберінде министрліктің басқа да құрылымдық бөлімшелерімен және мемлекеттік органдарымен департаменттің өзара іс-қимылын үйлестіру және Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау және тексеру, Министрлік құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге жалпы басшылық, Министрлік комитеттерінің және Министрліктің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының  заң қызметі  жұмыстарын үйлестіру,  Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшыларының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындауды қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  құқық (құқықтану, халықаралық құқық) мамандығы бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істей білу.

 

  1. Заң қызметі департаменті құқықтық талдау басқармасының басшысына, санаты С-3 (18.09.2017 ж. дейін, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыстың кезеңіне).

Функционалдық  міндеттері: басқарма жұмысына жалпы басшылық ету, басқарма құзыретіне кіретін  мәселелер бойынша  Қазақстан Республикасы Президентінің, Республикасы Президент Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының шешімдері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау және тексеру жұмысына жалпы басшылық, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізуді үйлестіру, Министрлікке бағынысты ұйымдарының және құрылымдық бөлімшелерінің жұмыстарын үйлестіру, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшыларының тапсырмалары бойынша хаттар, материалдар мен қорытындылар дайындауды қамтамасыз ету, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарауды қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық (құқықтану, халықаралық құқық) мамандығы бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істей білу.

 

  1. Министрдің баспасөз хатшысына, С-3 санаты.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің (бұдан әрі – Министр) бұқаралық ақпараттық құралдармен жұмысын қамтамасыз ету, бұқаралық  ақпараттық құралдарымен өзара әрекет ету және жұмысты үйлестіру (баспасөз конференцияларын, брифингтерді ұйымдастыру, баспасөз хабарламаларын дайындау), бұқаралық ақпараттық құралдарда әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға байланысты іс-шаралар туралы хабар тарату, министрліктер мен ведомстволардың баспасөз қызметтерімен өзара әрекет ету, республикалық және шетелдік баспасөздерді және басқа да бұқаралық ақпараттық құралдарға шолу бойынша талдау материалдарын дайындау, бұқаралық ақпараттық құралдармен жұмысты және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі  – Министрлік) қызметінің бағыттары бойынша түсіндірме жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау және іске асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: гуманитарлық ғылымдар (филология) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (журналистика немесе жұртшылықпен байланыс, саясаттану, әлеуметтану) мамандықтары бойынша жоғары білім., денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуі, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істей білу.

 

  1. Медициналық қызметтерді стандарттау департаменті медициналық қызметтердің сапасын реттеу басқармасының басшысына, С-3 санаты.

Функционалдық міндеттері: басқарма қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру және ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарын аккредиттеу саласында ұлттық саясаттың әдістемелік негіздерін айқындау: аккредиттеу алдындағы дайындық, сыртқы кешенді бағалау, медициналық ұйымдардың өзін-өзі бағалау және аккредиттеуден кейінгі мониторингі жүргізуге қойылатын әдістемелік тәсілдерді жаңғырту; қолданыстағыны жетілдіру және медициналық ұйымдарды аккредиттеудің жаңа стандарттарын әзірлеу; медициналық ұйымдардың қызметін аккредиттеуден кейінгі кезеңде бағалау индикаторларын әзірлеу және жетілдіру; денсаулық сақтау саласында аккредиттеу мәселесі бойынша халықаралық ынтымақтастыққа қатысу. Аккредиттеу мәселесі бойынша денсаулық сақтау саласы мамандарының әлеуетін жоғарылату:  медициналық ұйымдарды аккредиттеу мәселесі бойынша мамандарды оқытуда негізгі бағыттарды әзірлеу; медициналық ұйымдарды аккредиттеу және медициналық қызметтердің сапасын басқару мәселелері бойынша мамандарды оқытуға қатысу. Медицина қызметтерінің сапасын басқару және медициналық ұйымдарды аккредиттеу мәселесі бойынша оқу-әдістемелік тәсілдерді әзірлеуге қатысу. Медициналық ұйымдарды аккредиттеуді құқықтық реттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстарды талдау және әзірлеу. Медициналық қызметтердің сапасын басқару мәселесі бойынша ұсыныстарды әзірлеу. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтердің сапасына қанағаттанушылық дәрежесін айқындау бойынша сауалнама жүргізу әдісін әзірлеу және жетілдіру. Медициналық ұйымдарды аккредиттеу және медициналық қызметтің сапасын басқару саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша семинарлар, конференциялар, алқалар ұйымдастыру және өткізуге қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, дәрігерлік емдеу ісі, стоматология, педиатрия) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару)  мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істей білу.

 

  1. Медициналық қызметтерді стандарттау департаменті медициналық қызметтердің сапасын реттеу басқармасының бас сарапшысына, С-4 санаты (10.02.2018 ж. дейін, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыстың кезеңіне).

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарын аккредиттеу саласында ұлттық саясаттың әдістемелік негіздерін айқындау: аккредиттеу алдындағы дайындықты, сыртқы кешенді бағалау, медициналық ұйымдардың өзін-өзі бағалау және аккредиттеуден кейінгі мониторингі өткізудің әдістемелік тәсілдерін жаңғырту; қолданыстағыны жетілдіру және медициналық ұйымдарды аккредиттеудің жаңа стандарттарын әзірлеу; медициналық ұйымдардың қызметін аккредиттеуден кейінгі кезеңде бағалау индикаторларын әзірлеу және жетілдіру; денсаулық сақтау саласында аккредиттеу мәселесі бойынша халықаралық ынтымақтастыққа қатысу. Аккредиттеу мәселесі бойынша денсаулық сақтау саласы мамандарының әлеуетін жоғарылату: медициналық ұйымдарды аккредиттеу мәселесі бойынша мамандарды оқытуда негізгі бағыттарды әзірлеу; медициналық ұйымдарды аккредиттеу және медициналық қызметтердің сапасын басқару мәселелері бойынша мамандарды оқытуға қатысу. Медициналық қызметтердің сапасын басқару және медициналық ұйымдарды аккредиттеу мәселесі бойынша оқу-әдістемелік тәсілдерді әзірлеуге қатысу. Медициналық ұйымдарды аккредиттеуді құқықтық реттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстарды талдау және әзірлеу. Медициналық қызметтердің сапасын басқару мәселесі бойынша ұсыныстарды әзірлеу. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтердің сапасына қанағаттанушылық дәрежесін айқындау бойынша сауалнама жүргізу әдісін әзірлеу және жетілдіру. Медициналық ұйымдарды аккредиттеу және медициналық қызметтің сапасын басқару саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін құзіреті шегінде қара. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша семинарлар, конференциялар, алқаларды өткізу және ұйымдастыру. Орындаушылық және еңбек тәртіптерін ұстану, мамандардың жұмысына тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету.  

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, дәрігерлік емдеу ісі, стоматология, педиатрия) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару)  немесе білім (шетел тілі: екі шетел тілі) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істей білу.

 

  1. Медициналық қызметтерді стандарттау департаменті стационарлық медициналық қызметтерді стандарттау басқармасының бас сарапшысына, С-4 санаты.

Функционалдық  міндеттері: тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде денсаулық сақтауды қаржыландыру саясаты, стационарлық медициналық қызметтерді стандарттау, денсаулық сақтауға қоғамның ортақ жауапкершілігін қамтамасыз ету тетіктері және медицина қызметкерлерін ынталандыру мәселелері бойынша нормативтік актілерді жетілдіру бойынша әзірлеу және ұсыныстарды енгізу бойынша, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша жұмыстарды орындау. Заңнаманы жетілдіруге, денсаулық сақтау саласында стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, денсаулық сақтау стандарттарын және денсаулық сақтау бюджетін құруға әзірлеуге қатысу. Саланы қаржыландыру жүйесін жетілдіру мәселесі бойынша денсаулық сақтаудың аумақтық органдарымен өзара іс-қимыл. Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Парламентіне анықтама, материалдар дайындауға қатысу. Қызметтік құжаттарды, хаттарды және азматтардың өтініштерін қарау, олардың іске асырылуын бақылау.  

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, дәрігерлік емдеу ісі, стоматология, педиатрия) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істей білу.

 

  1. Мемлекеттік құпияларды қорғау және жұмылдыру жұмысы басқармасының бас сарапшысына, С-4 санаты.

Функционалдық міндеттері: құпия ісқағаздарын жүргізуді және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің орталық аппараты мен ведомстволық бағынысты ұйымдарындағы құпиялылық режимін қамтамасыз етуді ұйымдастыру және бақылау, құпиялы құжаттарды есепке алу және сақтау, оларды уақытылы және сапалы бақылауды қамтамасыз ету, құпиялы жұмыстарға тұлғаларға рұқсат беруге ресімдеуге жататын қызметкерлердің лауазымдары номенклатурасын әзірлеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу, Министрлікте құпиялылық режимін қамтамасыз етуді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу бойынша сынақтарды қабылдау және нұсқаулықтарды жүргізу, Министрліктің аумағында шетелдік делегацияларды қарсы алу мен қабылдауды ұйымдастыру бөлігінже Нұсқаулықтың талаптарын сақтау бойынша жұмыстарды өткізу, құпия ұстаушылар жұмыс орнында құпиялы ақпаратты өңдеу кезінде құпиялылық режимін сақтау бойынша шараларды қабылдау және құпиялы мәліметтердің таралуының ықтимал арналарын айқындау және жою жөніндегі іс-шараларды орындауды қамтамасыз ету, ҚР мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша уәкілетті органға жиынтық талдамалық ақпаратты кейін ұсыну үшін денсаулық сақтау және әлеуметтік даму жүйесінде мемлекеттік құпияларды қорғау жағдайына жыл сайын талдау жүргізеді, мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелері бойынша Министрліктің ведомстволық бағыныстағы  ұйымдардың, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың денсаулық сақтау басқармаларының МҚҚ мамандарын оқытуға және қайта даярлауға мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті органға жыл сайынғы өтінімдерді береді, мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы Министрлік жұмысының жыл сайынғы жоспарларын әзірлеуге қатысады, республиканың денсаулық сақтау және әлеуметтік даму жүйесінің мемлекеттік құпияларын қорғау мәселелері жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды өткізуге үйлестіру мен бақылауды жүзеге асырады. Министрліктің орталық аппаратының бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты ұйымдарына мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету және құпиялылық режимін қамтамасыз ету, номенклатуралық істерді  мұрағатқа сақтау бойынша, сақтау мерзімі аяқталған құжаттарды жоюға дайындау бойынша жұмыстарды жүргізеді,   республиканың денсаулық сақтау және әлеуметтік даму жүйесінің мемлекеттік құпияларын қорғау мәселелері жөніндегі жедел кеңестердің өткізуіне қатысады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: медицина (гуманитарлық) барлық мамандықтары бойынша жоғары білім, мемлекеттік құпияларды қорғау  және жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру  саласында мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру сертификаттарының,  мемлекеттік құпияларға  рұқсаттамасының міндетті түрде болуы, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істей білу.

 

  1. Ғылым және адами ресурстар департаменті медициналық білім және ғылым басқармасының бас сарапшысына, С-4 санаты (2 бірлік, 1 – 01.09.2017 ж. дейін, негізгі қызметкердің оқу демалысының кезеңіне).

Функционалдық  міндеттері: басқарма сарапшыларының қызметін үйлестіру. Медициналық және фармацевтикалық білім  және ғылым жағдайы бойынша сараптама жүргізуді ұйымдастыру, медициналық және фармацевтикалық білім  және ғылым саласында негізгі заң актілерін, нормативтік құқықтық құжаттарын және бағдарламаларды әзірлеу және жетілдіру. Медициналық және фармацевтикалық білім  және ғылым мәселелерін жетілдіру бойынша медицина және фармацевтика білім және ғылым ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау. Медицина және фармацевтика кадрларын даярлауды, қолданбалы ғылыми-зерттеу бағдарламаларын орындау, инновациялық әзірлемелердің практикалық енгізу нәтижелерін талдау, мониторингілеу бойынша іс-шараларды іске асыру.  Медициналық және фармацевтикалық білімді және ғылымды жетілдіру мәселелері бойынша кеңестерді, конференцияларды, семинарларды ұйымдастыру және өткізу. Қызметтік  корреспонденциямен және азаматтардың өтініштерімен жұмыс. Денсаулық сақтау ұйымдарына жаңа медициналық технологиялардың трансферті бойынша іс-шаралар  ұйымдастыру (бірегей технологиялар).

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-профилактикалық іс, стоматология, педиатрия, емдеу ісі)  немесе білім (биология, химия) немесе жаратылыстану ғылымдары (биология, химия) мамандықтары бойынша жоғары білім, мүмкіндігінше ғылыми/академиялық дәрежесінің болуы, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуі, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істей білу.

 

  1. Ғылым және адами ресурстар департаменті адами ресурстарды және менеджментті дамыту басқармасының бас сарапшысына, С-4 санаты.

Функционалдық  міндеттері: басшылық шешімдерін ресімдеу, ісқағаздарын жүргізу.  Дипломнан кейінгі білім беру, адами ресурстарды дамыту, денсаулық сақтаудағы менеджмент саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу. Сала кадрларының жағдайын талдау. Денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтерін және үлгілік штаттарын әзірлеу және жетілдіру. Саланың лауазымдар номенклатурасын және лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және жетілдіру. Медицина кадрларына қажеттілікті айқындау. Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімі бар мамандарды дипломнан кейінгі даярлаумен, біліктіліктерін арттырумен айналысатын ұйымдардың қызметін талдау, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді талдау және мониторингі. Медицина және фармацевтика кадрларын дипломнан кейінгі даярлау бойынша бюджеттік бағдарламаларды талдау және мониторингілеу. Медицина және фармацевтика кадрларының қосымша және дипломнан кейінгі білімін талдау және мониторингілеу. Денсаулық сақтау ұйымдарында тиімді басқару технологияларын енгізуді талдау. Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білімге қажеттілікті айқындау және мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру. Дипломнан кейінгі даярлаумен айналысатын ұйымдарды кешенді тексеруге қатысу. Дипломнан кейінгі даярлау, адами ресурстарды дамыту және денсаулық сақтаудағы менеджмент мәселелер бойынша министрліктермен және ведомстволармен өзара  іс-қимыл жасау. Қазақстандық мамандардың шетелде қайта даярлануын және біліктіліктерін арттыруын ұйымдастыру. Президент Әкімшілігіне, Премьер-Министрдің Кеңсесіне материалдар дайындау, қызметтік хат-хабарларлармен және азаматтардың өтініштерімен жұмыс

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-профилактикалық іс, стоматология, педиатрия, емдеу ісі) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, менеджмент, есеп және аудит) мамандықтары бойынша жоғары білім,  мүмкіндігінше ғылыми/академиялық дәрежесінің болуы, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істей білу.

 

  1. Қаржы департаменті жиынтық жоспарлау, қаржыландыру және мониторинг басқармасының бас сарапшысына, С-4 санаты (06.06.2018 ж. дейін, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыстың кезеңіне).

Функционалдық  міндеттері: министрліктің алдағы қаржы кезеңіне, сондай-ақ республикалық бюджетті нақтылау/түзету кезінде ағымдағы кезеңге жиынтық бюджеттік өтінімін қалыптастыру; міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын қалыптастыру. Министрліктің Стратегиялық жоспарының «Бюджеттік бағдарламалар» деген 7-бөлімін қалыптастыру және оның орындалуы бойынша жиынтық есеп жасау. Республикалық бюджеттік бағдарламаларды, Министрліктің Стратегиялық жоспарын қалыптастыру және орындау бойынша талдамалық есептерді, баяндамаларды және көрнекі ақпараттарды дайындау. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында қаржыландыруды жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу.  

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, әлемдік экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істей білу.

 

  1. Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті амбулаториялық-емханалық көмек басқармасының сарапшысына, С-5 санаты.

Функционалдық міндеттері: көліктік медицина, жедел жәрдем және санитариялық авиация, саламатты өмір салты, алкогольді және темекі шегушілікті профилактикалау бойынша жетекшілік ету, көліктік медицина, жедел жәрдем және санитариялық авиация, саламатты өмір салты, алкогольді және темекі шегушілікті профилактикалау қызметін ұйымдастыру, талдау, жоспарлау және мониторингілеу, медициналық-санитариялық алғашқы көмекті ұйымдастыру мәселелері, жетекшілік ететін қызметтер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту, жетекшілік ететін бөлімдер бойынша конференцияларды, семинарларды, симпозиумдарды дайындауға және өткізуге қатысу, басқарма құзыретіндегі мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, өтініштерін және шағымдарын қарау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, дәрігерлік емдеу ісі, медициналық-биологиялық, биотехнология, стоматология, педиатрия) мамандықтары бойынша жоғары білім, мүмкіндігінше денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру бойынша немесе мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатының, біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істей білу.

 

  1. Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті амбулаториялық-емханалық көмек басқармасының сарапшысына, С-5 санаты.

Функционалдық міндеттері:  медициналық-санитариялық алғашқы көмекті ұйымдастыру, саламатты өмір салтын профилактикалау, алкогольді және темекі шегушілікті профилактикалау мәселелеріне жетекшілік ету, медициналық-санитариялық алғашқы көмекті, алкогольді және темекі шегушілікті профилактикалауды ұйымдастыру, талдау, жоспарлау және мониторингілеу, жетекшілік ететін қызметтер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту, жетекшілік ететін бөлімдер бойынша конференцияларды, семинарларды, симпозиумдарды дайындауға және өткізуге қатысу, басқарма құзыретіндегі мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, өтініштерін және шағымдарын қарау.   

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, дәрігерлік емдеу ісі, медициналық-биологиялық, биотехнология, стоматология, педиатрия) мамандықтары бойынша жоғары білім, мүмкіндігінше денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру бойынша немесе мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатының, біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істей білу.

 

  1. Қаржы департаменті мемлекеттік сатып алу мониторингі басқармасының сарапшысына, С-5 санаты (04.10.2016 ж. дейін, негізгі қызметкердің жүктілік және босану бойынша демалыстың кезеңіне).

Функционалдық міндеттері: қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес Министрліктің орталық аппаратының мемлекеттік сатып алу бойынша жасалған шарттардың, жұмыстардың, қызметтердің, жеткізілген тауарлардың актілерінің орындалуына мониторинг жүргізу бойынша; мемлекеттік сатып алу бойынша есептілікті (МС1-нысаны) дайындау және белгіленген тәртіппен ҚР Қаржы министрлігіне ұсыну бойынша басқарма жұмысына жалпы басшылық. Жетекшілік ететін қызмет  бойынша басшылыққа ақпарат дайындау. Ағымдағы хат-хабарлармен жұмыс.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, әлемдік экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент, маркетинг) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (математикалық және компьютерлік моделдеу) мамандықтары бойынша жоғары білім,  денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істей білу.

 

  1. Әлеуметтік көмек департаменті азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау істері басқармасының сарапшысына, С-5 санаты.

Функционалдық міндеттері: Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды, жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын, Арал өңіріндегі экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтарды, Ұлы Отан соғысыың қатысушыларын, мүгедектерін және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдарды әлеуметтік көмек көрсету,  арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, әлеуметтік қолдау саласында нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу, басқа мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары ұсынған нормативтік құқықтық актілер жобалары бойынша қорытынды дайындау, мүдделі министрліктермен және ведомстволармен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл,  Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша материалдар және қорытындылар дайындау, заңды және жеке тұлғалардың хаттарының, ұсыныстарының, өтініштері мен шағымдарының уақтылы және сапалы қаралуын бақылауды қамтамасыз ету, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша баяндамалар, мақалалар дайындау, бұқаралық ақпараттық құралдармен жұмыс, әлеуметтік көмек көрсету саласындағы нормативтік құқықтық актілердің іске асырылуына мониторинг жүргізу бойынша ұйымдастыру-әдістемелік жұмысты бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, әлемдік экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, менеджмент, әлеуметтану) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар) немесе қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, метрология және сертификаттау) немесе білім (шетел тілі; екі шетел тілі) мамандықтары бойынша жоғары білім,  денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істей білу.

 

  1. Ғылым және адами ресурстар департаменті медициналық білім және ғылым басқармасының сарапшысына, С-5 санаты.

Функционалдық міндеттері: медициналық және фармацевтикалық білім мен ғылым мәселелері бойынша азаматтардың және ұйымдардың өтініштерін қарау, ісқағаздарды жүргізу.   Медицина және фармацевтика қызметкерлерін даярлау бойынша білім беру ұйымдарының статистикалық есептілігін жинау, қорыту және талдау. Республикадағы медициналық және фармацевтикалық білім мен ғылым мәселелері бойынша талдау материалдарын дайындау. Республикадағы медициналық және фармацевтикалық білім мен ғылымды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу. Медициналық және фармацевтикалық білім мен ғылымды жетілдіру саласында нормативтік құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу. Саланың стратегиялық қажеттіліктеріне сәйкес медицина және фармацевтика кадрларын даярлауды жоспарлау. Медициналық және фармацевтикалық білімді жетілдіру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және ұйымдастыру. Медициналық және фармацевтикалық білімнің жағдайын талдау және мониторингілеу. Ғылыми-зерттеу ұйымдарының ғылыми өнімі мониторингісін қалыптастыру бойынша материалдарды, жаңа медициналық және ұйымдастыру технологияларын енгізу нәтижелерін дайындау. Ғылыми әзірлемелерді енгізуге және ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыруды үйлестіру, оларды заңнамалық қамтамасыз ету. Медициналық және фармацевтикалық білім және ғылымды жетілдіру мәселелері бойынша медициналық білім беру және ғылыми ұйымдарымен өзара іс-қимыл. Денсаулық сақтау ұйымдарына жаңа медициналық технологиялардың трансферті бойынша іс-шаралар  ұйымдастыру (бірегей технологиялар).

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-профилактикалық іс, стоматология, педиатрия, емдеу ісі) немесе білім (орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі) немесе гуманитариялық ғылымдар (шығыстану, философия, филология)  мамандықтары бойынша жоғары білім, мүмкіндігінше ғылыми/академиялық дәрежесінің болуы,  денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істей білу.

 

  1. Мемлекеттік сатып алу және активтер департаменті мемлекеттік активтер және ведомстволық бағынысты ұйымдармен жұмыс басқармасының сарапшысына, С-5 санаты (13.11.2016 ж. дейін, негізгі қызметкердің жүктілік және босану бойынша демалыстың кезеңіне).

Функционалдық міндеттері: мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың (мемлекеттің қатысуымен) даму жоспарларын және олардың орындалуы бойынша есептерін қарау, келісу және бекітуге дайындау, акционерлік қоғамдардың, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, жауапкершілігі  шектеулі серіктестіктердің жылдық қаржылық есебін бекітуге дайындау,   жетекшілік ететін ведомстволық бағынысты акционерлік қоғамдардың Директорлар кеңесінің, Байқау кеңесінің отырысына ұсынылған материалдарды қарау және олар бойынша қорытынды дайындау, Министрлікке бағынысты ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, тарату, қайта құру немесе өзге  құқықтық мәртебесін өзгерту мәселелерін қарауға қатысу, жетекшілік ететін ведомстволық бағынысты ұйымдардың даму жоспарларының орындалуына және Бірыңғай есептілікті тапсыру жүйесі (БЕТЖ) базасына деректердің енгізілуіне мониторинг жүргізу, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тіисті құзыретті органдарға тоқсан сайынғы ақпараттарды ұсыну, басқарма құзыретіне кіретін жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша қаражаттардың игерілуін талдау, Министрліктің стратегиялық даму жоспарын және операциондық жоспарын әзірлеуге қатысу, басқарма құзыреті шегінде нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, басқарма құзыретіне енетін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштері мен арыздарын қарауды қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, әлемдік экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары білім,  денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуі, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істей білу.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде.

Әңгімелесуді өткізу мерзімдері құжаттарды қабылдағаннан кейін қосымша хабарланатын болады;  әңгімелесуді өткізу орны: Астана қаласы, Министрліктер үйі, Орынбор көшесі, 8-үй, № 5 кіреберіс, 928-кабинет.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың қатысуы жоспарланып отыр. 

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2)  3х4 үлгідегі суретпен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
      5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
      6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.

24 қыркүйек, 2016 - 11:58 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші