check

You are here

307 мыңнан астам қазақстандық «Денсаулық жолы-2016» акциясы аясында медициналық қызметтермен қамтылды - https://primeminister.kz/kz, 2016 жылғы 16 қыркүйек

Осылайша, 119 364 адам флюрографиялық зерттеуден өткізілді, оның ішінде 857 адамда патологиялық өзгеріс жағдайы диагностикаланды, 51 туберкулез жағдайы анықталды. Пациенттер әрі қарай тексерілуге, диагнозды анықтауға және кешенді емделуге жіберілді.

98 418 ауыл тұрғынына зертханалық, 61 034 адамға аспапты зерттеу жүргізілді.

20 мың 982 тексерілген адамдардың ішінен қауіп-қатер факторлары, оның ішінде 8 781 адамда темекі шегу, 3 939 адамда ішімдікті пайдалану, 8 262 адамда денедегі артық салмақтың бар екені белгілі болды.

«8 167 адамда созылмалы жұқпалы аурулардың, 5 494 адамда қан айналымы жүйесінің (артериалдық қысымның артуы, ЭКГ-дағы өзгерістер), 2 673 адамда қант диабетінің (диабеталды, ашқарындағы глюкоза деңгейінің ұлғаюы жағдайлары) белгісі анықталды», - деп мәлімдеді орталықта.

Маңызды патологиялары бар пациенттер облыстық орталықтарға тексеруге жіберілді.   

Сонымен бірге, СӨСҚ аймақтық орталықтары өңірлердегі денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесе отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, аурулардың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру шараларын өткізді.

Естеріңізге салсақ, ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республика бойынша «Денсаулық жолы – 2016» кең көлемді акциясы өтеді. Оның мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастыру және көптеген аурулардың алдын алу мәселелері бойынша ауыл тұрғындарына ақпараттық білім беру және практикалық көмек көрсету болып табылады. 

Бөлімдер:
19 қыркүйек, 2016 - 18:57 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші