check

You are here

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 162,8 млрд. теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы берілді

госпособий

2016 жылғы қаңтар-тамыз айларында республикалық бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу үшін 158,9 млрд. теңге, мемлекеттік арнайы жәрдемақы төлеу үшін 3,9 млрд. теңге бөлінді.

Бүгінгі таңда мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны 504 мың адам, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 162,7 мың адам, жасы бойынша 3,6 мың адам алады.

Осы кезеңде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орта мөлшері мүгедектігі бойынша 30 359 теңгені, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 26 706 теңгені, жасы бойынша 11 887 теңгені құрады.

Одан басқа, 1 қыркүйектегі мәліметтерге сәйкес республикада №1 және №2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақыны 23,2 мың адам алады.  Жыл басынан бері №1 және №2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы мөлшері артып, сәйкесінше 19 980 және 17 774 теңгені құрады.

15 қыркүйек, 2016 - 13:19 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші