check

You are here

ҚР ДСӘДМ журналистер арасында байқау жариялайды

 конкурс среди журналистов

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі  ҚР-дағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу (әрі қарай - МӘМС), «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» (әрі қарай – «ЖҚЖК 2020») бағдарламасын жүзеге асыру және ҚР-дағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша журналистер арасында үздік жарияланымдар республикалық байқауын өткізеді.

Байқаудың негізгі мақсаты – «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бағыттарын жүзеге асыру туралы жергілікті халықты кеңінен хабардар ету, азаматтарды халықты жұмыспен қамту белсенді шараларына қатыстыру, МӘМС-ті енгізу мен ҚР-дағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдірудің негізгі артықшылықтары, сонымен қатар, аталған жаңалықтарға қоғамның оң көзқарасын қалыптастыру.

Байқауға мерзімді басылымдарда немесе интернет ресурстарында, телеарна және радиода ағымдағы жылдың қыркүйек-қараша айларында жарық көрген БАҚ материалдары қатыса алады.

Байқауға ұсынылатын жұмыстар 1 қыркүйектен 30 қарашаға дейін төмендегі мекен-жай бойынша қабылданады: Астана қ., Орынбор көшесі 8, 6 кіреберіс, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (пошта арқылы немесе «Баспасөз қызметіне, байқау жұмыстары» белгісімен қоғамдық қабылдау бөліміне өткізуге болады).

Байқау жеңімпаздары 3 номинация бойынша анықталады: «ҚР-дағы МӘМС-ті енгізу бойынша үздік жарияланым», «ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша үздік жарияланым», «ҚР-дағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жаңғырту бойынша үздік жарияланым».

Байқау қорытындысы 2016 жылғы 15 желтоқсанға дейін анықталады. Жеңімпаздарға ақшалай сыйақы табысталады.

Байқау ережесі ұсынылады. 

1 қыркүйек, 2016 - 19:16 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші