You are here

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 97 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 82 қаулысымен

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы

    Күшін жойған

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 97 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 82 қаулысымен

  Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.02.2015 № 82 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

РҚАО-ның ескертпесі!

Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

   «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

   1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.

   2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері бюджет қаражатының уақтылы және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі                                             С. Ахметов

ТіркемеМөлшер
PDF icon 2014_pprk_kaz.pdf166.56 KB
16 тамыз, 2016 - 15:53 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші