You are here

Елімізде мүгедектікті анықтау процедурасы жеңілдетілді - bnews.kz, 2016 жылғы 14 шілде

16 мыңнан астам қазақстандық мүгедектікті анықтау кезінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің композитті қызметін пайдаланып үлгерген, деп хабарлайды BЖаңалықтар.kz.

Биыл 1 шілдедегі мәлімет бойынша, мүгедектікті алғаш рет рәсімдеген 16 мың 740 қазақстандық электронды композитті қызметті пайдаланған. Ол медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінде жұмыс істеу қабілетінен айрылуы және мүгедектігі бойынша жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерді белгілеуге бір уақытта өтініш беруге мүмкіндік береді, деп мәлімдеді ҚР ДСӘДМ баспасөз қызметінен.

Аталған жаңашылдықты ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мүгедектердің әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтерге қолжетімділігін арттыру аясында осы жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізді.

Композиттік қызметтің мақсаты – қағаздағы құжат айналымын жою, мүгедектік белгіленгеннен кейінгі әлеуметтік жәрдемақы алу уақытын қысқарту, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу кезінде (оның ішінде шалғай аудандарда) кешенді мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Бөлімдер:
27 шілде, 2016 - 09:57 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші