You are here

Үкімет 3200 жұмыскердің жалақысын субсидиялауды бастайды - pm.kz, 2016 жылғы 9 шілде

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі пилоттық режімде қаржы жағдайы күрделі кәсіпорындардың жұмыскерлерінің жалақыларын субсидиялауды бастайды. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында ДСӘДМ вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.  

«Біз бірінші кезекте әлеуметтік серіктес ретінде қараймыз. Өткен жылдан бері біз еліміздің кәсіпорындарымен 110 мыңнан астам меморандум жасастық, онда жұмыс берушілер барлық қиындықтарға қарамастан өз жұмыскерлерін қысқартпау туралы міндетті өздеріне жүктеді. Дегенмен, кейбір кәсіпорындардағы жағдай қиын болды. Бүгінде шамамен 15 800 адам жұмыс уақытының икемді режімінде жұмыс жасайды», - деп мәлімдеді министрдің орынбасары.

Оған қоса, Б. Нұрымбетов өткен жылы Үкімет Жұмыспен қамту жол картасына өзгерістер енгізгенін еске салды. Атап айтқанда, жүйе құраушы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда күрделі жағдай туындаса, мемлекет жұмыскердің жалақысының бір бөлігін субсидиялайды.

«Егер жұмыс беруші қысқартуға кетуге мәжбүр болса, мемлекет оған қызметкерлерді қысқартпай, тек жұмыс уақытын, мысалға 8 сағаттан 6 сағатқа азайтуды ұсынады. Осылайша, кәсіпорын жалақыны 6 сағатқа төлейді, ал жұмыскердің жоғалтқан екі сағаты үшін біз жалақының бір бөлігін субсидиялаймыз», - деп түсіндірді ДСӘДМ өкілі.  

Б. Нұрымбетовтың айтуынша, құрал жүзеге асыру кезеңінде.

«Барлық өңірлер бойынша өтініштер келіп түсті. ДСӘДМ өкілдері кәсіпорындармен кездесіп, бүгінде 11 компанияны зерттеді, онда 3 200 адам осы нормаға сәйкес келеді. Пилоттық режімде субсидиялауды бастамақпыз. Бір ғана рәсім – кәсіпорындар тізілімін бекіту қалды», - деді вице-министр.

Бөлімдер:
15 шілде, 2016 - 14:53 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші