You are here

Павлодар облысында 1454 бедеу жұп есепке алынған - baq.kz, 2016 жылғы 7 шілде

Павлодар облысында 2016 жылдың алты айы ішінде экстракорпоральдық ұрықтандыру әдісіне 30 отбасы өтініш берген. Былтырғы жылы олардың саны 65 болған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы агенттіктің жолдаған сауалына облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Салтанат Төлегенова мәлім етті.

- Аймақта бұл тәсіл арқылы бала сүюді армандайтын 547 ерлі-зайыпты жұп күту парағында квота алу үшін кезекте тұр. Олардың жасы 26-48-ді құрайды. 2016 жылы мемлекеттің қолдауымен жүзеге асып жатқан жасанды ұрықтандыру бағдарламасы аясында 34 квота бөлінді, - дейді Салтанат Төлегенова ресми хаттың жауабында.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, биыл өңірде 1454 бедеу жұп есепке алынған. Оның ішінде әйелдер арасында бедеулік 1054 болса, ерлер арасында белсіздік саны 202 және 207-сі аралас бедеулік болып табылады.

 

Бөлімдер:
15 шілде, 2016 - 14:48 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші