You are here

Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы

Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы

 

«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі  бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізуді;

6) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. «Мүгедектерге арналған жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13027 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

        Қазақстан Республикасының

        Денсаулық сақтау және әлеуметтік

        даму министрі                                                                              Т. Дүйсенова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

__________________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы «__» _____________

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon pravila_kaz.doc59.5 KB
7 шілде, 2016 - 15:29 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші