You are here

2-компонент «Жұмыспен қамту және өнімділік саласындағы нәтижелерді арттыру үшін дағдыларды жетілдіру»

2-компонент «Жұмыспен қамту және өнімділік саласындағы нәтижелерді арттыру үшін дағдыларды жетілдіру» ҚР ДӘДМ бекіткен өлшемшарттарға сәйкес айқындалған және іріктелген оқытуды қажет ететін жұмыссыздар, өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған адамдар және жұмыс істейтін қызметкерлер үшін талап етілген оқытуды ұсынуға бағытталған. Сынамалы жоба ретінде іс-шаралар еліміздің үш өңірінде (Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Астана қ.) іске қосылады, сонан кейін оларды бүкіл Республика бойынша өрістету көзделеді.  

2.1. шағын компонент «Жұмыссыздар және өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған адамдар үшін жұмыспен қамтудың мемлекеттік қызметтерін жетілдіру»

Аталған шағын компонент жұмыссыздар және өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған адамдар үшін жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін, әсіресе еңбек нарығының ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – ЕНАЖ) қолдануды кеңейту арқылы жетілдіруді көздейді.

Дәстүрлі түрде жұмыспен қамту қызметтері жұмыссыз халықтың қажеттіліктеріне шоғырландырылады, сондықтан жұмыспен қамту орталықтарының (бұдан әрі – ЖҚО) өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған адамдардың қызметтерін ұсынуға арналған мандаттарын кеңейте отырып, осы топқа тән еңбек нарығының қиындығын айқын түсінуді  ЖҚО қызметкерлерінен талап етеді. Осы шағын компонент аясында екі негізгі іс-шараға қолдау көрсетіледі.

Біріншіден, ЖҚО арқылы, соның ішінде ауылдық жерде, жұмыссыздар сияқты, өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған адамдарға да қызмет көрсету үшін қолда бар әлеуетті бағалау негізінде қызметтер көрсетуді ұсынуды жақсарту және кеңейту мақсатында іс-қимылдар жоспарын жасау мен іске асыруға қолдау көрсетілетін болады. 

Екіншіден, ЖҚО қызметкерлерінің қажетті ақпаратқа қолжетімділігін кеңейту және   жұмысқа орналастыру жөніндегі мемлекеттік қызметтерді ұсынуға барынша белсенді тәсілдерді қолдану үшін қызметкерлерді оқыту мақсатында кескіндеу құралын енгізу, ЕНАЖ жүйесін нығайту арқылы консультациялар түрінде пайдаланушыларға қолдау көрсету үшін ЖҚО әлеуетін арттыруға қолдау көрсетіледі. Ауылдық аудандар да ЕНАЖ-ға қосылатын болады және, осылайша, ізденуші шалғайдағы аудандарда жұмыс орындарын іріктеу рәсімдерінен пайда және жұмыспен қамту қызметтерінің басқа да қызметтері туралы ақпарат ала алады.   

Осы шағын компонент шеңберінде ЖҚО қызметкерлері мен ауылдық округтер қызметкерлерінің жұмыс орындарының материалдық-техникалық жарақтандырылуын және ақпараттық мүмкіндіктерін бағалау және қажет болған жағдайда жабдықтар, ұйымдастыру техникасын және т.б. сатып алу жоспарлануда.  

Кемінде: кәсіптік бағдарды, профильдеуді жүргізу және жұмысқа орналастырудың жеке картасын жасау әдістемесі, 3 бағдарламалық қамтамасыз ету: «Профильдеу», «Жұмысқа орналастырудың жеке картасы» және «Жұмыспен қамту картасы» әзірленеді. ЖҚО және ауылдық округтер қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және ЕНАЖ қолдану бойынша оқыту жүргізіледі.    

2.2. шағын компонент «Жұмыс күшін оқытудың өзектілігін арттыру»

Осы шағын компонент оқыту қызметтерін жеткізушілерді анықтауға және бағалауға, сондай-ақ қажет болған жағдайда белгілі бір әлеуетке ие, алайда барынша өзекті оқытуды ұсыну үшін қолдау көрсетілуі қажет осы жеткізушілердің әлеуетін арттыруға бағытталған.

Оқыту қызметтерін жеткізушілерді қозғайтын іс-шаралар, мыналарды қамтиды: (і) оқыту қызметтерін ұсынуға қатысты нормативтік-құқықтық базаны шолу; (іі) оқыту қызметтерін жеткізушілердің тізбесін жасау; (ііі) оқытудың өзектілігін бағалау, және осы бағалаудың негізінде алдын ала біліктіліктен өткен, оқыту қызметтерін жеткізушілердің тізбесін жасауды бағалау; (iv) көрсетілетін оқыту қызметтерінің өзектілігін арттыру үшін, соның ішінде техникалық жәрдем көрсету және тауарларды сатып алу арқылы оқыту қызметтерін жеткізушілерге қолдау көрсету.    

Алғашқы біліктілік тізбесінен оқыту қызметтерін жеткізушілер 2.3. шағын компонентінің шеңберінде жұмыссыздарға, өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған адамдарға және жұмыс істейтін қызметкерлерге оқыту жүргізеді. Мемлекеттік  оқытуды жеткізушілер сияқты, жеке оқытуды жеткізушілер де көрсетілетін қолдауға құқылы, алайда тек мемлекеттік оқытуды жеткізушілер ғана тауарларды ала алады. Оқытудың нәтижелерін бағалау үшін зерттеулер жүргізіледі, олардың нәтижелері кадрларды оқытудың өзектілігі туралы ақпарат жетіспеушілігінің орнын толтыру үшін жарияланатын болады.    

Бағалау қорытындылары бойынша әрбір өңірде кемінде 4 оқыту қызметтерін жеткізушіден іріктелетін болады.

2.3 шағын компонент «Дағдылардың деңгейін арттыру жөніндегі оқыту бағдарламасын жасау және енгізу»

Осы шағын компонент шеңберінде Дағдылардың деңгейін арттыру жөніндегі оқыту бағдарламасының аясындағы оқыту ұйымдастырылатын және қаржыландырылатын болады, ол нысаналы бенефициарларға арналған оқыту қызметтерін қаржыландыруға сұранымға бағдарланған тәсілді көздейтін болады.  

Дағдылардың деңгейін арттыру жөніндегі оқыту бағдарламасы алдымен үш өңірде іске қосылады, сонан кейін оның бүкіл ел бойынша бірте-бірте өрістеуі көзделеді. Сынамалы іс-шаралар бағалаудан өтеді, ал алынған тәжірибе операциялық басшылық қағидаттар мен рәсімдерді жақсарту үшін қолданылатын болады.

Сынамалы іске қосу барысында оқытуға инвестицияларды ынталандыру және сұранымға сәйкес дағдылар ұсыныстарын келтіру мақсатында әртүрлі тәсілдерді тексеру жүзеге асырылатын болады; бұл нысаналы бенефициарлар мен кәсіпорындарды іріктеудің әртүрлі тетіктеріне, оқытуды жеткізу қызметтерінің төлемі бойынша келісімшарттарды жасау жүйелеріне (атқарылған жұмыстың нәтижелері бойынша ақы төлеу жүйесін қосқанда), сондай-ақ Дағдылардың деңгейін арттыру жөніндегі оқыту бағдарламасын басқару және іске асыру жөніндегі басшылыққа қатысты болады.  

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші